Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі

09 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: дүниетану
Класы: 1
Пән мұғалімі: Жаназилова Айнагүл Маратовна
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: жануарлар тіршілігінде болатын күзгі өзгерістерді түсінуге жағдай жасау; табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу; жанды табиғат пен жансыз табиғаттың байланысын ұғындыру.
Сабақтың жабдығы: жабайы аңдар тіршілігін бейнелейтін слайд;

Сабақтың барысы:
1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау. Жанды және жансыз табиғатта күзде болған өзгерістер жайында әңгімелесу.
2. Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс. Суретті пайдаланып, қыста ұйқыға кететін жабайы аңдардың қысқа қарсы дайындығы туралы айту. Борсық, аю, кірпі қысқа қарай көп қоректеніп (қоңыз,
тышқан, бақа, орман жидектерін, жемістерін, шөпті, т. б. жейді)
семіреді. Олардың түр-түсін сипаттау.
3. Оқулықтағы мәтінді оқып беріп, мазмұны бойынша жұмыс жүргізу. Әуелі жеке сұрақтар бойынша сөйлетіп, кейін түсінігін тұтас айтуға жаттықтыру.

4. «Аңдар немен қоректенеді?» ойынын ұйымдастыру. Оқушылар қай жануардың немен қоректенетінін суреттен тауып көрсетеді.
5. Дәптердегі тапсырма бойынша әр аңның жейтін тағамын сызықпен қосу тапсырылады.
6. Сөздік жұмыс: кірпі, аю, борсық, қоректенеді, семіреді, ін, апан, т. б. тірек сөздері арқылы сөйлем құрастыру.
7. Тиін, саршұнақ, аламан қысқа қарсы азық қорын жинайды. Қасқыр, қоян, түлкі, бұғы, т. б. қысқа ешқандай қор жинамайды. Осылардың себебі туралы оқушылармен әңгімелесу. Сабақ барысында суреттер мен мазмұнды картиналарды молынан қолдануға және бейнетаспаларды пайдалануға болады. Сонымен қатар дәптердегі суреттер бойынша қай аңның немен қоректенетінін талдату.

8. Аңдардың түлеуі туралы түсіндіру. «Табиғат ғажайыптары» кітабынан алынған «Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады?» деген мәтінді оқудан басталады.
Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады?
Барлық аңдар күз түсісімен жаздық ескі, сирек жүндерін қысқы қалың және жылы тонға ауыстырады. Қараша айына қарсы олардың бәрі түлеп, қысқы киімдерін «киіп алады».
Беймаза, тыным таппайтын тиін де түлейді. Оның қысқы тоны жазғы тонынан жылы, түсі де басқа.
Қысқы ақтонды аққоян мен аққалақ та киді. Бұл жануарлардың жазғы тоны - сарғыш қоңыр түсті. Енді бұлар ақша қардай аппақ тонға оранды. Күртік қардан оларды көре алмайсың.
Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды:
а) Түлеу дегеніміз не?
ә) Жануарлар не үшін тондарын ауыстырады?
б) Қандай жануарлар түлейді?
Оқушылар сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.
9. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі жұмбақ шешіліп, жаз мезгілі бейнеленген суретке қоянның жазғы түрін, ал қыс мезгілі бейнеленген суретке қоянның қысқы түрін бейнелеп салу тапсырылады.
10. Сабақты қорытындылауға қойылатын сұрақтар:
а) Жануарлардың тіршілігі туралы не білдік?
ә) Жануарлар қысқа қалай дайындалады?
б) Қыста ұйқыға кететін аңдарды ата.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 825
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Піл үлкен, тышқан кішкентай
Аңдарды қорғауға, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар. Сүтқоректілер.
Жануарлар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру. Олардың да өсімдіктер сияқты алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру
Циклограмма (балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру)
Циклограмма (балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру)
Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттап (мекендейтін жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы, кейбір аңдардың қысқы ұйқыда болуы, ұя салу, көбеюі) атай білуге
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Жабайы аңдардың балаларының аттарын дұрыс айта білуге үйрету, олардың табиғаттың бір бөлшегі екендігін сезіндіріп, қамқорлық сезімдерін оят
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Жануарлар қысқа қалай дайындалады
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Омарова Раушангүл Жұбандыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×