Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Логикалық есептер

11 сәуір 2020, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды логикалық есептер шығаруға үйрету және мәнін табуға үйрету.
2) Оқушылардың ой - өрісін дамыту. Есептеу қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3) Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, түсіндіру.
Сабақтың көрнекі құралдары: қима - қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Оқушылардың құрастырған теңдеулерін тексеру.
ІІ. Жаңа сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

1. Есеп шығар.
Алтай, Айгүл, Сәуле және Бекзат - туыстар:
Алтай - Айгүлдің ағасы;
Айгүл - Сәуленің қызы;
Сәуле - Бекзаттың әпкесі.
Бекзат Алтайға кім болады?
Жауабы: Бекзат Алтайға нағашы болады

2. Есепте:
Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін?
Х=10; (х*3)- х=20
Жауабы: мен 30 жастамын.

3. Ойлан, шығар
Нөлден басқа әр түрлі үш цифр ал. Олардан әр түрлі үш таңбалы алты сан құрастыр. Олардың қосындысын тап, шыққан қосындыны алынған цифрлардың қосындысына бөл, сонда 222 шығу керек.

4. Есепте
Аяулым, Тамара, Шара және Айгүл тосап қайнатты. Екі қыз тосапты қарақаттан, ал басқа екеуі шиеден қайнатты. Тамара мен Айгүл, Айгүл мен Аяулым әртүрлі жидектен тосап қайнатты. Айгүл тосапты шиеден қайнатты. Әрбір қыз қандай тосап қайнатты?
Талдау:

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
№31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі
Саулембаева Салтанат Жандарқызы

Толық нұсқасын жүктеу
50 631
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау. Логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.
Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Сабақ: Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Бір - біріне қарама - қарсы қозғалысқа есептер
Қашықтықты табуға берілген есептерді шығаруға, есепке сызба құруға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептер шығару
Теріс сандарды қосуға байланысты мәтіндік есептерді шығаруға үйрету. Есеп шығару қабілеттерін дамыту. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
Санның квадраты, кубы
Санның квадраты, кубы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі Саулембаева Салтанат Жандарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×