Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар – біздің досымыз

05 қыркүйек 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Қызылту негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ескалина Өтебике Есқалықызы

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз.
Мақсаты: Оқушыларға құстардың пайдасы туралы түсінік беру. Құстар түрлерімен таныстыру. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
- Саламатсыңдар ма, балалар. Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Құстар достар» деп аталады. Қане, қандай құстарды білесіңдер? (оқушы жауабы).
- Бұл құстар екіге бөлінеді екен. жабайы құстар және үй құстары. Үй құстарын атаңдар?
- Әтеш, тауық, үйрек, қаз, күркетауық.
- Оларды неге үй құстары деп атаймыз?
- Себебі олар адаммен бірге өмір сүреді, оларды адам күтіп бағады, олар жұмыртқа, етін, мамығын адамға береді.
- Жабайы құстар туралы әңгімелейік. Қандай жабайы құстарды білесіңдер? (оқушы жауабы).

Үкі:
Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкімді үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан - ақ адамдар тағып алған.

Жапалақ:
Мен жапалақ қалыспаймын жарыстан,
Қорегімді іздемеймін алыстан.
Іннен басын қылт етсе - ақ тышқанның
150 - ін әр ай сайын жанышам.

Тоқылдақ:
Құртты іздеп інінен,
Қарағайды үңгіген.
Тоқылдақ құс дәрігер,
Қашан да ол әбігер.

Көгершін:
Бейбітшілік құсы менмін – көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін!
- Өте жақсы, балалар. Енді, балалар, жұмбақ шешіп көрейік.

1. Көлдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап, сақтаған. (аққу)

2. Ауыл да, қала да мекені,
Жолаушы жүрсек шығарып салады,
Алдыңнан шығады,
Жаныңды еркелетеді. (қарлығаш)

3. Көктемде құстар келгенде,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс балалар? (қараторғай)

4. Құстың негізгі мекені не? (ұя)
5. Қандай құс хат тасушы аталған? (көгершін)
6. Қандай құста мүлдем ұя болмайды? (көкек)

Тапсырма: өзіңе ұнаған құстың суретін сал.
4 739
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Құс туралы түсінік беру. Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді? Құстардың түрі өте көп.
Құстар. Үй құстары
Құстар. Үй құстары
Қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып - өсуі туралы түсінік беру.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға, бейімдеу. Оқушылардың құстар туралы ой – өрісін, түсініктерін дамыту.
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Құстардың қысқы тіршілігі
Құстардың қысқы тіршілігі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі Қоңырова Нағира Аманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×