Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ы дыбысы мен әрпі

15 қараша 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппе
Пән мұғалімі: Жаназилова Айнагүл
Сабақтың тақырыбы: Ы ы дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ы дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ы дыбысының орнын анықтату, ауызша әңгімеден кейін сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға үйрену. Сурет бойынша әңгіме құруға үйрету;

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, шыбын, сыпырғыш, қарлығаш, сиыр суреттері, кеспе әріп
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сөздік, көрнекілік, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
Сабақты жұмбақтан бастау:
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс)

Жұмбақ шешуі – ыдыс. Ыдыс сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтқызу (Ы - ы - ды -ы - ы - с).
Оның таңбасын көрсетіліп, әрпімен таныстыру. Дауысты дыбыс екені айтылады.
Мұғалім кеспе әріптердің көмегімен буындар құрастырып, оларды сынып оқушыларына оқыту (ыл, ыс, ыр, ыс, ыш, ыс).
Оқулықтың 34-бетіндегі жазылған буындарды оқып, жаттықтыру жұмысы жалғасады. Хормен, тізбектеп оқыту.
«Сушылар» диалогын оқыту

Су, суар, суару, суарушы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық.
II. Жазу дәптерінің 31-бетіндегі ы әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру. Қолдың еркін жазуына арналған жаттығу жасау. Ы әрпін үлгідегідей жол аяғына дейін жазу. Сиыр, бұрғы сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Ы дыбысының орнын табу. У, ы дыбыстарын қосып, буын, сөз құрау.

Оқулық бетінің соңына қарай баспа түрінде өткен әріптер берілген. Оларды жазба түрінде дәптерге көшіріп жазу.
IV. Жазу дәптерінің 31-бетіндегі ы әрпіне байланысты қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары орындалады.
Оқушылар жазу дәптерінің 32-бетіндегі ы әрпін үлгі бойынша жазады. Шырша сөзіне дыбыстық талдау жасап, сөзді көркем етіп үлгідегідей көшіреді.
V. Оқулықтың 35-бетіндегі баған түрінде берілген сөздерді тұтас оқуға жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ондағы мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастырып, оқушылар төмендегі мәтінді толықтырып оқиды.

Талдау-жинақтау әдісін пайдаланып, мәтінді сөйлемге, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа талдау жұмысы ұйымдастырылады. Бас әріппен жазылатын сөздер жөнінде ұғымды қалыптастыру жұмысы жалғасады.
Тапқышбектің тапсырмасын орындау. Бос торкөзге тиісті әріптерді қою.
VI. Оқулықтағы Тапқышбектің логикалық тапсырмасы орындалады. Дәптердегі берілген кісі аттарын үлгідегідей көшіріп жазғызуға болады. Өздері білетін кісі аттарын жазуға мүмкіндік жасап, шығармашылыққа баулу керек.

Бүгін біз қандай әріппен таныстық?
Арыс не суарды?
Асыл мен Ырыс кімдер?
Олар не істеді?
«Әліппе серігімен» жұмыс. Ы дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау

презентацияны жүктеу [217,18 Kb] (жүктелді: 110)
55 964
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«С» дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: «С» дыбысы мен әрпімен таныстыру. «С» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі ш дыбысының ерекшелігін меңгерту, ш дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ы дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы мен әрпі
Жаңа Ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Ы дыбысы бар сөздер айтып талдау Сөйлем, сөз, туралы ұғымдарды кеңейту. Балалардың ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ш дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ш дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×