Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кеміту

01 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылы,
«Кішкенетау» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шакенова Мансия Ораловна

Математика: 3 сынып.
Тақырыбы: Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кеміту.
Мақсаты:
1 Білімділік: Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кемітуге байланысты білімдерін тиянақтау. Көбейту кестесін жатқа білуін талап ету.
Дамытушылық: Ой - өрісін, зейінін есте сақтауын, көбейту мен бөлу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тақырып, тапсырмалар, скотч «Күн» ойыны, Киндер сюрприз, геометриялық денелер, магниттік тақта, арқан.
Түрі: Пысықтау сабағы, ойын.
Әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды ұйымдастыру: психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (4 оқушы оқиды - әр оқушы өз дәптерін тексереді)

II. Негізгі кезең:
3. «Күніміз ашық болсын!»(3-тің көбейту кестесіне ауызша есептеу). Ойыны.
Мақсаты: Күн бетін жауып тұрған бұлттарды ашу. Яғни артындағы көбейту кестесін айту.
4. Хормен 3-тің көбейту кестесін айту.
5. Күніміз жарқырап тұр. Көңіл - күйіміз қалай? Келесі 59 беттегі №1 есепті орындасақ, бізді бір тосын сый күтіп тұр. Сондықтан бірлесе отырып есепті шығарсақ. Оған кері есеп құрастырсақ.

I топ оқушылары: 59 бет №2 (есепті өз бетімен).
Есеп: № 1, 59 бет Кері есеп
Көк сыр - 6 кг Ақ сыр - 18 кг
Ақ сыр - 18 кг? есе артық ↑ Көк сыр - 6 кг? есе кем ↑
Ш: 18: 6= 3 Ш: 18: 6= 3
Ж: 3 есе артық Ж: 3 есе кем
Сергіту сәті.
6. Сендерді күтіп тұрған тосын сый «Киндер сюрприз» деген сүйікті жұмыртқаларың. Осы жұмыртқаны ашып, ішіндегі қандай ойыншықтар барын білу үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз (ойыншықпен бірге логикалық есептер.)

1 қатарға:
Бір топ бала тоғаннан
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге 3 балық
Сынайын бір ал сені
Бала сонда қанша еді?
(Ш: 15: 5=3 бала)

2 қатарға:
Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер Сайынға
Сонда қалмақ қанша алма?
(5х5 - 1=24 алма)
ә) Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлақтары ғана көрініп тұр: Қанша қоян?
б) Бір ұршық жіптен 2 балаға қолғап шығады. 4 ұршық жіптен неше балаға қолғап шығады?
в) Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?
г) Тымақ қымбат тақиядан, тақия қымбат қолғаптан. Осы үшеуінің қайсысы арзан?

7. « Кім жылдам?»
( Дәптермен, тақтамен жұмыс)
59 бет № 4 (а), (ә ) Сандарды 3 - ке кеміту, 3 есе кеміту
Арнайы кестелерді тақтаға ілу.
Тақтаға шығып 2 қатардан 2 оқушы кестені толтырады. (Қалқандағы өз бетімен дәптерде.

8. «Күн - түн.» Геометриялық денелердің орнын жылдам ауыстыру. Не өзгерді? Көздердің ашып - жұмады. Зейіндерін байқау.

9. Көп білетін оқушы
Тез есептей алады
Теңдеулердің шешімін
Дұрыс тауып береді.
Яғни 2 қатар жарысамыз. Дәптерге 59 бет №5 (Арқан тартыс - ойын).
Топ басшылары өз тобының оқушыларын тексереді. Бағалайды. Қай қатар оқушылары қатесіз орындаса. Сол арқанды тартып алады

ІІІ Қорытындылау:
Көбейту компоненттерін атап шығыңдар? Сандардың неше есе артық, неше есе кем екенін білу үшін қайтеміз?
Сабақ ұнады ма?
Бағалау: Жүйрік екен аты….
Аяңдамай желеді
«5» қоямын оған мен
Бірінші орында келеді.
Білмей қалған жерлерін
… мықтап миға тоқиды
Бұгін «4»- ке оқыса
Ертең «5»- ке оқиды.
Есептегеніне. ….
Көңіліміз толмады.
Білімін көрсете алмады.
Білімін көрсете алмады.
Үйге тапсырма:
33 792
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер шығару барысында пысықтау. Логикалық ойлау есептеумен танымдық қабілеттерін, зейінін, есте сақтауын дамыту, өздіктерінен жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру
2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Көбейту, бөлу амалдары жайлы білімдерін тиянақтау. 2 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру, жұп және тақ сандарды ажырата білуге дағдыландыру.
5 - ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру
5 - ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың мақсаты: Білімділік: 5 санымен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру; Көбейту кестесін құру кезіндегі көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету; кері есептер құрастыру және шешу дағдыларын жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.