Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар

01 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосы,
Қарабау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Куанышева Арайлым Женисовна

Тақырыбы: Тапқыр достар.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту. Қазақ тілі туралы ұғым беру. Ана тілде таза сөйлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.
Түрі: Жарыс сабағы.
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды топқа бөліп орналастыру, зейіндерін шоғырландыру. Қатысушыларды ойын шартымен таныстыру.

Кіріспе бөлім:
Мұғалім: - Тіл – әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде.
Осы орайда сыныбымызда «Тапқыр достар» атты телевизиялық ойыны арқылы өз белсенділігімізді танытайық.
Қазақ тілі пәні бойынша өтетін пәндік шарамыз ашық.
Әділқазылар алқасын сайлайық.

Сайыс кезеңдері:
І Таныстыру.
ІІ Сөз тапқанға қолқа жоқ.
ІІІ Ойлан, тап!
ІV Сен білесің бе?
V Кім жылдам?
VІ Қолқа салу.

Негізгі бөлім:
І айналым: «Таныстыру»
І топ:
Сәлем бердік баршаға,
Оқушылар сіздерге.
«Жүйрік» атты тобымызды,
Таныстырдық бәріңе.
Қандай жақсы сеніміңді ақтаса,
Қазақша сөйлеуді есте сақтаса.
Бар біліммен шығады ортаға,
Әйгерім, Нияз, Индира.

ІІ топ:
Толағайдың тасындай,
Үш ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз,
«Тұлпар» тобы осындай.
Әр тілдің болады әркез өздік мәні,
Үйренсең қазақ тілін өте сәнді.
Ләззат, Асылбек, Раушандар,
Шығады қазақша сайрау үшін.

ІІ айналым:
«Сөз тапқанға қолқа жоқ.»
Шарты: Берілген әріптердің ішінен қалағанын таңдап алып, сұраққа тек қана берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беру.

І топқа берілетін сұрақтар:
1. Тіл деген не?
2. Тілді қадірлейсің бе?
3. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?
4. Кітап оқығанды ұнатасың ба?
5. Тілі ұзын адам қандай адам?
6. Таңертең не жедің?

ІІ топқа берілетін сұрақтар:
1. Тіл мерекесі қашан?
2. Шала қазақ деген кім?
3. Қазақ тілі әлемдегі бай тіл ме?
4. Тіл қандай құрал?
5. Мектепке немен келесің?
6. Тілді жоғалтпау үшін не істеу керек?

ІІІ айналым: « Ойлан, тап.!»
Шарты: Берілген сөзден бірнеше сөз құрау.
«Қасқалдақ.»

IV. айналым: « Сен білесің бе?»
І топқа:
Шарты: Ұяшық таңдап, сұраққа жауап бер.

1. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді. Түрлерін ата.
2. Кітап, бала сөзін ілік септігіне қойып айт.
3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, қай жалғау, нешінші жақта тұрғанын айт.
Мен – қазақ...., мың өліп, мың тірілген.
4. Мен сайысқа қатысып тұрмын. Бұл сөйлем қай шақта тұрғанын айт.
5. Оқушылар кезек – кезек тақпақ айтты.
Сөйлемнен үстеуді тап, қандай үстеуге жататынын анықта.
6. Индира мен Әйгерім « Тапқыр достар» жарысына қатысты.
Бұл сөйлемнен шылауды тап. Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

ІІ топқа.
1. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.
2. Тіл, оқушы сөзін барыс септігіне қойып айт.
3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, қай жалғау, нешінші жақта тұрғанын айт.
Біз сабаққа бірге дайындала......
4. Мен «Наурыз» мерекесінде биледім.
Бұл сөйлем қай шақта тұрғанын айт.
5. Біз биыл бастауышпен қоштасамыз.
Сөйлемнен үстеуді тап, қандай үстеуге жататынын анықта.
6. Мен «Тапқыр достар» сайысындағы жеңісім туралы ойлап тұрмын.
Бұл сөйлемнен шылауды тап. Сөйлемде қандай мағына
беретінін түсіндір.

V айналым: «Кім жылдам»
Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру.
І топқа: ит, қалам, шырша, сөмке, кесе, дәптер, машина, ағаш үй.
ІІ топқа: маймыл, кітап, телефон, балық, компьютер, мұғалім, ешкі, көзілдірік, ұшақ.
Көркемсөз: «Туған - тілім»
VІ айналым: «Қолқа салу»
Шарты: Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.

Қорытынды: - Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Арамызда тапқыр достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік – деп

«Тапқыр достар» жарысын қорытындылау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Оқушыларды марапаттау.
Қатысушылардың пікірлерін тыңдау.
5 535
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
Ана тіліңді құрметте
Ана тіліңді құрметте
Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ислямгалиева Ардақ
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жәлімбетова Алмагүл Рзағалиқызы Тақырыбы: « Ана тілім – ардағым» Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Ана тіліңді құрметте
Ана тіліңді құрметте
Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Наурызбева Айнур Муханбедияровна Ана тіліңді құрметте Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×