Білімділер поралы

Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)

Сабақ тақырыбы: Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)

Мақсаты: Ертегіні түсініп оқуға үйрету
Міндеті: 1. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
2. Берілген сурет пен ертегінің байланысын анықтау.
3. Дүниедегі ең дәмді ас туралы пікірін дәлелдеу.
Көрнекілігі: слайд, тірек сызба, үлестірме қағаз, бейне ролик.
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады
2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады
4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

Қамтылатын модульдер:
1 – модуль - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2 – модуль - Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация, кубизм)
3 – модуль – Бағалау
4 – модуль – АКТ пайдалану (интерактивті тақтамен жұмыс және видео)

2. Қадамдар:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны ашу
3. Ой - толғаныс
4. Рефлексия
5. Бағалау

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Үй тапсырмасын сұрау
2. Топқа бөлу
3. Оқушының зейінін сабаққа аудару
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Тапсырмалар беру

Оқушының іс - әрекеті:
1. үй тапсырмасын орындайды
2. Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлінеді
3. Зейіндерін сабаққа аударады
4. Жаңа сабақты меңгереді
5. Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды
6. Кері байланыс. Алма ағашына алма ілу арқылы
7. Бағалау бетшелері арқылы бір – бірін бағалайды және «Екі жұлдыз бір тілек» айдары бойынша топ бір - бірінбағалайды.

Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту.
І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 - 10 мин)
Психологиялық дайындық: Жүректен жүрекке!
Әр оқушы кішкене жүрекшелерге бір – біріне тілек жазып, «Ғажайып ағашқа» іледі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Модуль 1, әдісі «Диалогтық оқыту»
- «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын 2 – 3 оқушыға жалғастыра айтқызу.

Үй тапсырмасын пысықтау: Модуль 2, әдісі «Ортадағы қаламсап»
Оқушылар қаламсаптарын ортаға жинайды. Мұғалім қай қаламсапты таңдаса, сол қаламсаптың иесі сұраққа жауап береді.

Мұғалімнің сұрақтары:
1. - «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы кімнің аудармасы?
2. – Жаз мезгіліндегі және қыс мезгіліндегі шегірткені салыстыр.
3. - Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне кіргізбеді?
4. - Өмірде шегірткеге ұқсап қалмас үшін қандай әрекет етер едің?

Оқушыларды геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бөлемін (үшбұрыштар, шаршы, шеңбер)

II. Мағынаны ашу кезеңі (20 - 25 мин)
ІҮ Жаңа сабаққа әзірлік. Модуль 2, әдісі Ассосация,
«Миға шабуыл»
- Балалар, сендердің араларыңда оқығысы келмеген балалар бар ма екен?
- Ал, оқығысы келетіндер ше?
- Сендердің мектепке келгендеріңе де 3 жыл болды. Жыл өткен сайын білімдерің ұштала түсті. Ондай болса қазір біз «Ойна да, ойла!» деген ойын ойнайық. Ол үшін берілген сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
Е г і н ш і м е н қ а с қ ы р

Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Егінші мен қасқыр» туралы болмақ.

Жаңа сабақ: Күннің жадын, тақырыпты жазу

Жаңа сабақ. Модуль 1, әдісі (диалогтік оқыту)
«Егінші мен қасқыр»
Ертегіні 4 – 5 оқушыға тізбектей оқыту.

Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.
1. Егінші не істеді? (аздап тыныққан соң, қолына нан алып жей бастады)
2. Дәл осы кезде қандай жағдай болды? (бір үлкен қасқыр келді)
3. Қасқыр адамнан не сұрады? (адам, не жеп отырсың?)
4. Адам не деді оған? (нан)
5. Қасқыр не дейді оған? (маған да наныңнан берші!)
6. Қасқыр егіншіге қандай тілек білдіреді? (сен маған оны табудың жолын үйретші)

Сергіту сәті:

ҮІІ Жаңа сабақты қорытындылау. «Ой қозғау»
І топ: Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде.
ІІ топ: Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің? Өз бетіңше ереже құрастыр.
ІІІ топ: Ертегінің негізгі идеясына сай көрініс көрсету.

ҮІІІ Үйге тапсырма
Ертегіні оқып, көрініс етіп көрсету.
Рефлекция: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, кері байланыс парағына іледі.
Бағалау
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 99
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 97
Роботтар: 3
zamza Марал
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика