Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана

23 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылы,
№3"Қазақстан" бастауыш мектебінің мұғалімі
Мырзаева Баян Адырбаевна

Дүниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Астана мәтіні бойынша түсініктерін қалыптастыру, тақырыпты меңгерту, оқушылардың сөздік қорларын молайту, суретпен жұмыс жасауға үйрету, қала аттарының жазылуы туралы айту.
б) Балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
в) Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау,
Сабақтың көрнекіліктері: Астана суреттері, тақырып жазылған плакат, сөзжұмбақ, ребус. тест сұрақтары. слайд.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі бізде ашық сабақ, бізде бүгін мейрам. Қазір біз келген қонақтармен амандасайық.
Үлкенге де «сіз»
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік бәріңізге
Құрметпен біз.
- Жақсы балалар отырыңыздар. Балалар бүгін сабақта
Ауа райына қарай бағалау
Күн - 5
Бұлтты күн - 4
Жаңбыр - 3

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасы күн көзін ашу ойыны арқылы пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- балалар, бүгінгі сабақ ойын түрінде өтеді. Сабақ “Бақытты сәт”деп аталады.
Біз ойнап отырып, оқимыз, үйренеміз.
Екі топқа бөлеміз
І топ Астана
ІІ топ Алматы

Бірінші сәт:
“Ойлан тап”
1. Қазақстан республикасының рәміздерін ата?
2. Астана туралы не білесіңдер?
3. Қандай қалаларды білесіңдер?

Екінші сәт:
“Көсемдікке үйрету?”
Астана сөзжұмбағын шешу.
Ребус шешу. «Астана»

Үшінші сәт:
“Ой толғаныс”
- Балалар, біз қандай республикада тұрамыз?
- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз
Иә, дұрыс айтасыздар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасы жерінің үлкендігі жағынан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы мемлекет.
- Оның астанасы қай қала?
- Астана қаласы.
Бұл жаңа Астана, жаңа бас қала.
- Балалар, біз жаңа айтып кеттік астанамыз Астана қаласы деп. Біз Астана туралы мына суреттерден көруге болады.(суреттерді көрсету)
Астана қаласы – ең алғаш Ақмола, кейіннен тың игеруге байланысты Целиноград болып аталды. Астана қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан.
Бәйтерек. Бәйтерек монументі қазақ ертегісі Ер төстіктегі өмір ағашын бейнелейді. Бәйтеректің биіктігі 97 метр. Мұнда табанының ішінде кең холл бар, онда 2 лифт, инженерлік үй жайлар, жеделдету камерасы, электр қалқаны бар.
Астана бұрқақтары. Республика алаңында орналасқан, алаңға сән беріп тұрған жан - жағында ұлттық өрнектер мен әсемделген әртүрлі нақыштар келтірілген.
Ислам орталығы. Қазақстан достықтың, бейбітшіліктің үлгісін көрсетіп отырған елдің бірі. Жыл сайын дүниежүзілік діндердің достығының тірегі барлық діни шаралар осы орталықта өтеді. Ұлттық дәстүрге сай ою - өрнектен өрілген әсем ғимараттардың бірі.
2008 жылы Астананың 10 жылдығын бүкіл халық болып тойладық.
Астана - ол бас қала. Астанамыз қазір үлкейіп, өркендеп келе жатыр. Көшелері кең, онымен көп көліктер, жеңіл көліктер, троллейбустар, микроавтобустар жүреді.
Астанада президенттің сарайы бар. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол жерде қызмет істейді, шет ел басшыларын қабылдайды.
Астанада биік жаңа үйлер көп салынып жатыр. Орталық көшелерінде Төле би, Қазбек би, Әйтеке би аталардың ескерткіші бар.

Оқулықпен жұмыс.
І топ. Астана туралы мәтінді оқу.
ІІ топ. Астана туралы мәтінді оқу. (Слайд көрсету Астана туралы).

Дәптермен жұмыс.
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Қолға қалам алайық.
Әдемілеп жазайық

(Астана туралы сурет салу)

Бесінші сәт:
“Мақал - мәтел сайысы”
«Жұмбақтар сайысы»
Аралайық әлемді,
Берем дерек, дәлелді.
Табыңдаршы өздерің
Жұмбақтадым қай елді?
Айтыңдаршы ал енді,
Тундрасы бар елді. (Ресей)

Мұнараны ең алып,
Алған қайсы ел салып? (Франция)

Базары көп, тола адам,
Ала тақия,
Ала шапан. (Өзбекстан)
Айтыңдаршы, ал енді,
Шай пілі бар елді. (Үндістан)

Алтыншы сәт.
«Бақта және бақшада ойыны»
Шарты: Бақта өсетін жемістерді тере отырып қаланың атауын айту І - топ
Бақшада өсетін көкөністерді теру ІІ - топ.

Алтыншы сәт:
“Жұмбақтас”деп аталады..
Тест тапсырмаларын орындау.
Сабақты қорытындылау.

Дүниетану 1 сынып
1. Қазақстан Республикасының астанасы
а) Алматы
ә) Астана
б) Қарағанды
2. Астананың алғашқы аты
а) Целиноград
ә) Ақмола
б) Верный
3. Көмірлі өлке
а) Астана
ә) Алматы
б) Қарағанды
3. Суда еритін заттар
а) қант, тұз
ә) саз, тұз
б) құм, саз
4. «Ақ алтынды»аймақ
а) Батыс Қазақстан облысы
ә) Оңтүстік Қазақстан облысы
б) Шығыс Қазақстан облысы
5. Бақта өсетін жеміс
а) алма
ә) қызанақ
б) асқабақ
6. Жемістер
а) Қауын, қарбыз
ә) алма, алмұрт
б) қызанақ, қияр
7. Көкөністер
а) алма, шие
ә) жүзім
б) қызанақ, қияр

Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді түсіне оқып мазмұнын ашу.
3 596
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Астана – бас қала
Астана – бас қала
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Емелбаева Айнагуль Сунгатовна
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Астана
Астана
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×