Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қамқорлық

26 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қамқорлық» Бердібек Соқпақбаев

Сабақтың мақсаты:
1. Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
2. Оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтауын топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
3. Ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, табиғатты қорғап аялауға баулу.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: баяндау, Венн диаграммасы, сұрақ - жауаптар, топпен жұмыс, талдау
Сабақтың құрал - жабдығы: интерактивті тақта, оқулық, суреттер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа керекті құрал - жабдықтарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару.
Сабағымызды бастамас бұрын, біз қандай тараумен танысып едік?
«Табиғат - менің өз үйім»
Ал балалар, табиғаттың өзі нешеге бөлінеді?
Тірі және өлі табиғат.
Олай болса, балалар тірі табиғатты атап көрейікші.
Адам, жануар, өсімдік
Демек бүгінгі сабағымызды «адамдар», «жануарлар», «өсімдіктер» деп топқа бөлу.

Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.

2. Үй тапсырмасы:
- Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Көжек» ертегісінің мазмұндау, сұраққа жауап беру.
1) Шаруа көжекке қандай аяушылық білдіретін сөз айтты?
2) Көжектің қорқынышты халін баянда.
3) Көжектің соңғы шаруаға айтқан сөзі?
Үй тапсырмасын бекіту:
Туған жер туралы мақал - мәтел айтқызу қорыту.

3. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын тақтаға назар аударып, фильмге назар аударсақ.
Бұл әрине «Менің атым Қожа» фильмі.
Бұл фильмнің авторын білеміз бе?
1. «Пікірлер ағашы» арқылы жазушы Бердібек Соқпақбаев туралы білетіндерін сұрау.
• Б. Соқпақбаев 1924 жылы. Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген.
• Балалар жазушысы
• Қазақфильм студиясында
• «Қазақ әдебиеті» «Балдырған» журналында жұмыс істеген.
• Шығармалары «Алыстағы ауылда», «Балалық шаққа саяхат» «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді»

1. Ол кім?
2. Қайда туған?
3. Қай жылдары өмір сүрген?
4. Қандай шығармаларын білесің?
5. Қандай қызмет атқарған?
2. «Жақсыдан үйрен» бөлімінде не өттіңдер?

1. Үлкенді сыйлау
2. Адал достық
3. Әдептілік
4. Мақтаншақ болмау
5. Қамқорлық т. б

3. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Қамқорлық». Авторы Б. Соқпақбаев

Бүгінгі өтетін тақырып мазмұнын меңгерту
Оқулықпен жұмыс
Іштей оқу
Сұрақ – жауап
1. Жантастың жасаған іс - әрекеті баға бер?
2. Балапан торғайдың хәлінің ұшырауының себебі неде?
3. Балапан торғайға қамқоршы болған кейіпкерге мінездеме бер?
Топпен жұмыс ( постермен қорғау)
1 - топ Торғайдың жан ұшыруы
2 - топ Жантастың қылығы
3 - топ Қамқор Қожа
Бүгінгі тақырып бойынша жаңа сабақтың мазмұнын кім мазмұндап береді?

Қорытындылау:
«Венн» диаграммасы
Ж. Аймауытов Б. Соқпақбаев
1. Ж. Аймауытовтың әңгімесі қалай аталады?
2. Б. Соқпақбаевтың әңгімесінің аты қалай?
3. Жүсіпбектің торғайы неден қорқып еді?
4. Бердібектің торғайы ше?
5. Жүсіпбектің торғайына ара түскен кім?
6. Бердібектің торғайы ше?

8. Бағалау;
1. Жалпы топқа баға беру, мадақтау.
2. Әр оқушыға баға қою

9. Үйге тапсырма:
1 - топқа «Құстар туралы мәлімет жинақтау»
2 - топқа «Қызыл кітапқа енген құстар туралы мәлімет»
3 - топқа «Жыл құстарының бейнесін суреттеу»
3 060
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру арқылы, олардың маңызын білуге жағдай жасау.
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру
Біздің айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Біздің айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Адам мен табиғаттың бір - бірінсіз тіршілік ете алмайтыны туралы түсініктерін дамыту, адамның табиғатта тіршілік ететіні туралы мағлұмат беру. Табиғатты өз үйіндей көру қажеттігі туралы түйсігін тәрбиелеу: оған қамқор болу керек, қорғау қажет,
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Табиғат сыйы
Табиғат сыйы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі: Бекетова Клара Рысалдиевна
Бердібек Соқпақбаев "Қамқорлық"
Бердібек Соқпақбаев "Қамқорлық"
№24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі А. Ж. Сарымсақова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×