Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

28 қазан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Тарбағатай ауданы,
Тана мырза орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ерсолтанқызы Ақмарал

Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. Оқушының логикалық ой - өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.
3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, суреттер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Балалар, біздің бүгінгі Әліппе сабағымыз тренинг түрінде өтеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа 5 ұпайдан беріліп отырады. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер:
1. Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
3. Бір - бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтыру.
Әр топтың топ басшысы сайланады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес» деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.

ІІ Өткен сабаққа шолу.
- Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
- Ы дыбысы қандай дыбыс?
- Бағандағы сөздерді оқыту.
1 - тапсырма: Ойын: «Кім тапқыр?» Құрамында Ы дыбысы бар суреттерді табу.

Сандық, арыстан, тырна, көбелек, қасқыр, қоян, тоқылдақ
(Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі)

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Сәлем қоңыз
- ж - ж - ж Сәлем құмырсқа
- Қайдан келесің?
- ж - ж - ж - Егістен. Балаларыма тамақ әкелемін.
- Балалар, қоңыз қандай дыбыс шығарады? Бірге айтамыз.
- Ж - ж - ж - Ж - дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз.
Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
2 - тапсырма: Тағы да қандай сөздерде Ж дыбысы бар екен, есіңе сақта, назар салып тыңда.
І топ Жолбарыс, жұмыртқа ІІ топ: Жүзім, жүгері ІІІ топ Жылан жапалақ

3 - тапсырма:
І топ Жолбарыс 8 дыбыс 31
ІІІ топ Жапырақ 7дыбыс 3<4
Ж дыбысы кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі.
4 - тапсырма: « Жаңа буындар қонақта»
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
ЖА ЖО ЖУ
5 - тапсырма « Тез, әрі сауатты оқиық!»
Жаңа буындардан құралған сөздерді оқып, әр сөзге түсінік беру.
жаға - сырт киім мен көйлек - көншектің жағасы немесе өзен, көлдің жиегі.
жаса - бір нәрсені дайындап, істеп шығару.
жота - биік жер, төбе немесе малдың арқасы, жоны.
жантақ - түйе сүйсініп жейтін тікенекті өсімдік.
жусан - көпжылдық шөптесін өсімдік. Қой мен ешкінің жақсы азығы.
- Балаларға хормен оқыту.
Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім « Жусан»мәтінін оқып, түсіндіреді.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
6 - тапсырма Ойын: «Ойлан, тап»
Сандардан ж дыбысынан басталатын санды табу.
2 7 3 20 4 70
7 - тапсырма Ойын: «Кім тапқыр?» Балалар, ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?

Көбелекке кәдімгі,
Қарасаңыз анықтап.
Жаны бар Ж ұшып жүр.
Жапырақша қалықтап.
9. Сергіту сәті.
Бір, екі, үш.
Қолға жинап күш.
Қағаз, қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Көркем жазу.
- Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
- Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
- Ж әрпін ауада жазу.
- Ж әрпін дәптерге көркем жазу.
І топ Жаға
ІІ топ: жаса
ІІІ топ жалау сөздерін жаздыру.

ІV. Қорытындылау, мадақтау.
10. « Ұйқасын тап!» ойыны.
І топ:
Іші толған шәрбат,
Дәмі қандай әйбат,
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - …( жүзім )

ІІ топ:
Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті,
Шағып қара таңдап,
Оның аты - …( жаңғақ )

ІІІ топ:
Құйрығы он қарыс,
Бұл - айбатты …(жолбарыс )
Ү. Үйге тапсырма: Ж дыбысы мен әрпі. Жеті атасын біліп келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 979
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Дауысты дыбыс болу себебін ұқтыру, Ү, Ұ дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білу,
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. И дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік беру.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы - дауыссыз дыбыс.
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×