Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің гигиенасы. Сезім мүшелері

30 қазан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің гигиенасы. Сезім мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жүйке жүйесі және сезім мүшелерінің маңызы, құрылысы және қызметі туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру; Жүйке жүйесі және сезім мүшелерінің гигиенасымен таныстыру арқылы әр түрлі аурулардың алдын алуға баулу, өз денсаулықтарын қадірлеуге, құрметтеуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ой еңбегіне үйрену дағдыларын дамыту, салыстыру, талдау, қорытындылау; кітаппен жұмыс істеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікпен жұмысты орындауға, ұйымшылдыққа баулып, тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, буклет
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Үй тапсырмасын сұрау.
Сызбамен жұмыс.
2) Жаңа сабақ
а) оқушыларды топқа бөлу
1. Топ
Тіс тазартатын құрал.
Ол судан қорқады, одан кір қорқады.
Тамақтан улануы мүмкін бе?
Жалқаудың досы.
Тыныс жолдарына не жатады?
2. Топ.
Айна не үшін керек?
Шынығатын сабақ.
Табан ненің бөлігі?
Ауру адам қайда жатады?
Тістің түсі қандай?
3. Топ
Микроб дегеніміз не?
Немен қоректенесің?
Зиянды әдеттерге нелер жатады?
Неше жыл мезгілі бар?
Асты қорытатын мүше.
Сезім мүшелерінің қызметі арқылы жұмбақты табы.
1. Оқушының арқасына әріп салу. (тері )
2. Тілімен дәм сезу. (тіл )
3. Иіс сезу.(мұрын)
СЕРГІТУ СӘТІ
Адамның жүйке жүйесі ми, жұлын және дененің барлық мүшелеріне тарайтын жүйке тамырларынан тұрады. Жүйке жүйесі адам денесіндегі әр түрлі үйлесімді қызмет атқаруын, ағзаның біртұтас іс - әрекетін қамтамасыз етеді.
Сезім мүшелеріне: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері жатады.
Көз гигиенасы.
Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы немесе көрмеуі көздің зақымдануынан болады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру.
3. Шам жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30 - 35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды 3 - 5 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
9. Темекі тартпау, зиянды әдеттерден аулақ болу.
10. Мектеп шеберханасында қорғаныш көзәйнек кию.
11. Шаң - тозаң, микробтардан сақтау.
Есту гигиенасы.
Есту мүшесі бас сүйектің самай сүйегіне терең орналасқан. Әйтсе де зиянды әсерлерден, инфекция енуінен сақтау керек. Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер бар. Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микробтарды жабыстыру, ұстау үшін керек. Құлық жиналып, естудің нашарлауына соқтырады. Оны әр түрлі затпен алуға болмайды.
Тері сезімі
Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады. Сондықтан сыртқы ортада жүретін өзгерістерді ең алдымен тері сезінеді, ақпаратты қабылдайды. Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауыруды қабылдайды. Теріде ауырсыну рецепторлары көп. 1см - де, шамамен 100 рецептор бар. Ауырсыну – бұл қорғаныш реакциясы. Сипап сезу - бұл тері сезімі. Олар саусақ, тіл ұшында, ерінде көп болады.
Дәм сезу мүшесі.
Тамақты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді.
Тіл ұшы - тәтті нәрсеге,
Орталық артқы бөлігі - ащы,
Алдыңғы және бүйір бөліктері - тұзды,
Бүйір шеті - қышқылды сезеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді. Қышқыл, ащы, тәтті, тұзды дәмнен күрделі дәм үйлесімі пайда болады. Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей қалған кезде, тамақтың дәмі өзгереді.
Иіс сезу мүшесі
Адам үшін иіс маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, тамақтың ашып кеткендігі туралы хабар береді. Мұрын қуысында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл пішіні түйреуіш тәрізді, кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды.
Дәптермен жұмыс.
Қорыту.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Жүйке жүйесі нелерден құралады?
2. Сезім мүшелеріне нелер жатады?
Бағалау
11 582
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесінің қызметі және сезім мүшелерінің қызметі жайлы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі
Ақ сұлама - емін - еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Тыныс алуы. Көбеюі.
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалім Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Мидың адам ағзасындағы маңызы және мишықтың құрылысы мен қызметі туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру. Оқушылардың талдау, салыстыру, қорытындылау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту; Оқушылардың білік-дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі туралы оқушыларға білім беру Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру әрекетін ұйымдастыру
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің маңызы, құрылысы және қызметі туралы оқушыларды түсінік қалыптастыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×