Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталама қос сөздер

06 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
БҚО, Тасқала ауданы, Мерей ауылы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Муканова Салима Ханатовна

Сабақтың тақырыбы: Қайталама қос сөздер
Білімділік: Сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді табуға, түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Ауызша, жазбаша тілдерін, логикалық ой - өріс дамыту
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, бір-біріне әрқашан көмекке дайын болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Пән аралық байланыс: Әдебиет, дүниетану
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар, слайд, ойындар, флипчарт
Күтілетін нәтиже:
Оқушы қайталама қос сөздерді меңгереді;
Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
Шығармашылыққа дағдыланады

Сабақтың барысы:
• Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу: Қонақ күту - салтымыз
Оқып - біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз

ә) Психологиялық дайындық:
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.

МЕН ТІЛІМДІ

Ардақтаймын, сүйемін, биік ұстаймын, құрметтеймін,
қастерлеймін
• Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақын - жазушыларымыздың тілі - қазақ тілі сабағы. Бәріміз түзу отырып, зейінімізді тақтаға аударып, мына мақалды оқимыз.

II. Ой қозғау. «Бірлік болмай, тірлік болмас»
- Мағынасын қалай түсінеміз? (балалар жауап береді)
- Осы мақалды басшылыққа ала отырып, берілген тапсырмаларды татуласа, достаса, бірлесе отырып, бір - бірімізге көмектесе отырып орындаймыз.
- Үш топқа бөлініп, бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз.
І топтың ұраны: Қазақ тілін мақтаймыз
Ереженің барлығын
Есімізге сақтаймыз
ІІ топтың ұраны: Бұл сайыста болма бос
Біліміңе білім қос.
ІІІ топтың ұраны: Біз ақылды баламыз
Бар білімді саламыз.
Ереже, жұмбақ, ойынның
Жауабын тез табамыз.
Үш топ бірге: Тілейміз сәттілік,
Жеңіп шықсын бірлік!

ІІІ Үй тапсырмасын сұрау.
(әр топтың басшысы үстел үстіндегі ақшақар қима қағазын алып, артында жазылған тапсырманы орындайды)
- Қос сөздің ережесін айтады, мысал келтіреді
- Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір
- Үйге берілген жаттығуды оқиды

ІҮ. Қызығушылықты ояту. «Ақшақар» ойынын ойнап, сұрақтарға тез жауап берейік.
• Қос сөз дегеніміз не?
• Қос сөздерге мысал келтір
• Күрделі сөздер дегеніміз не?
• Біріккен сөз дегеніміз не?
• Баққаным әрі құс, әрі түйе.
• Екі сөз бірігіп қалайша сайрайды?
• Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалады?
Менің әжем ай сайын маған дәмді «біріккен сөз» сатып алып береді?
• Нені қазып қала болған?

Ү. Мағынаны тану.
Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қоссөздер деп аталады. Мысалы: айғыз - айғыз, жиі - жиі, түрлі - түрлі, әлсін - әлсін
Қора - қора қой жатыр,
Қарын - қарын май жатыр,
Түйе - түйе жүк жатыр,
Ауыл - ауыл ел жатыр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 221
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Олжабай Әсия Құсанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×