Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қатынастар

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қатынастар.
Сабақтың мақсаты:
а) Қазақтың әдет – ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата - анасын, бауырларын біліп қана қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа, нағашы және қайын жұрты болатындығын ұғындыру.
ә) Олардың туыстық жақындығын жеке түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым-қатынасты дамытуға, оқушылардың ой-өрісінің дамуына жағдай жасау.
б) Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.
Түрі: ашық сабақ. интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру - ажырату, ойын әдісі.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, суретті - жұмбақтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
(Н. Ә. Назарбаев)

- Құрметті қонақтар бүгін біз сабағымызда «Алтын сақа» ойынын ойнай отырып өткізбекшіміз. Құрметті көрермендер мен ойынға қатысушы балалар! Менің қолымдағы сұрақтарға жауап бере отырып, «Табалдырықтан» аттап күймелерден орын алайық. Дайындалған сұрақтар үй тапсырмасына байланысты.

ІІ. Өткенді пысықтау.
1. Отбасы деп кімдерді айтамыз?
2. Отбасына кімдер жатады?
3. Сенің отбасын қандай?
4. Өз отбасыңа қандай көмек бересің?
5. Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ
Табалдырықтың сұрағына жауап береді. Енді қол соғып әудем жерге шақырайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Әудем жер» тапсырмалары.
1. Ата – анаға көмекші: баласы, қызы, немересі, келіні, қарындасы, інісі, бауыры.
2. Ата - анаға басшы: кенже ұл немесе бағатын баласы, қызы.
3. Ортақ қасиеті: адам.

Жеті атаны айт?
Ата – әке – немере – шөбере – шөпшек – немене – туажат (жекжат, жүрежат)

«Ана» туралы шағын әңгіме құрастыру.
- Уақыт өте келе осы отбасындағы адамдардың жақындығы қалай өзгереді. Иә, олар бір - бірімен туған – туысқандарға айналады. Ендеше, балалар, «Туған – туысқандар» деген мәтінмен танысамыз. (өз бетінше іштей оқыту, әр топ дауыстап оқиды).
Ата мен әже – әкенің әкесі мен шешесі. Көптеген немерелер атасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі. Ержеткенде атасы мен әжесіне қолғанат болып, көмектеседі. Әжесін немерелер тыңдап, құрметтеп, сыйлайды.
Әке мен ана – баланы дүниеге әкелуші, асырап - бағушы, тәрбиелеп - өсіруші, ең жақын қамқор адамдар.
Бала – ата - ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті. Ол ата - анасының алдында шексіз қарыздар. Құран Кәрімде: «Біз адамдарға ата - аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазылған.
Балалардың үлкені ұл болса – аға, қыз болса – әпке деп; кішілері ұл болса – іні, қыз болса - қарындас, сіңлі деп аталады. Аға мен әпке өз інілері мен қарындас, сіңлілеріне қамқор болады. Әке - шешесіне көмектесіп, оларға қарасады.
Нағашы жұрт – шешенің төркін жұрты. Яғни ананың әке - шешесі, аға - іні, әпке - сіңлі, жеңге - келіндері мен басқа да аталас туыстары нағашы болады.

Қарағанды облысы,
Балқаш қаласында №16 орта мектебінде
бастауыш сынып мұғалімі
Балтабай Мөлдір Серғазықызы

Толық нұсқасын жүктеу
20 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің жанұям
Менің жанұям
Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Бала – адамның бауыр еті
Бала – адамның бауыр еті
Баланың өмірінде ата - ананың алатын орны ерекше екенін ұғындыру, отбасы мүшелерінің сыйластығын үлгі тұтып, ата өсиетін, әке ақылын санаға сіңіріп, өз өміріне тағылым етуге баулу.
Орфография және орфоэпия
Орфография және орфоэпия
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Көшербай Тілектес Серікбайқызы
Отбасы – шағын қоғам
Отбасы – шағын қоғам
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Туған-туысқандар
Туған-туысқандар
Атырау қаласы. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шудабаева Гульбаршин Кенжегаликызы
Туған - туысқандар
Туған - туысқандар
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×