Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таңның атуы

14 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
Ажы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Серікбаева Гүлшат Есенгелдіқызы

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Таңның атуы
Мақсаты: Баланың сөздік қорын, сөз байлығын қолдана отырып, мәтіннің мағынасын дұрыс түсініп оқуына жағдай жасау.
Оқушының өзіндік ойын еркін жеткізе білуіне дағдыландыру.
Табиғатты тану, оны қастерлеу, үнін естіп тыңдауға деген қызығушылықтарын оятып, қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдістер: әңгімелесу, әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, талдау.
Көрнекілік: суреттер, фотосуреттер.

Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме, менің достарым! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Келіңдер, бүгін бір - бірімізбен әдеттегіден өзгеше, ерекше сәлемдесіп көрейік. «Сәлемсің бе» деп бірін дауыстап, екіншін – әуендетіп, үшіншін – сыбырлап және т. с. с. ұсынады.

2. Үй жұмысын тексеру. Сұрақ - жауап
1. Екі жазушының шығармасы қатар беріліп отыр, неліктен?
2. Екі шығармада да жылдың қай мезгілі суреттелген? Оны неден аңғардың?
3. Шілдедегі ауа - райы туралы қай шығармада сөз болады? С. Мұқанов жаз табиғатының суретін неге теңейді?
4. Екі шығарманы пайдаланып, шілде айы туралы әңгімелеу.

3. Тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырыңдар. Мен сендерді «тыныштық сәті» ә леміне
шақырамын. Көзді жұмуға болады. Мен сендерді саяхат жасауға шақырамын. Көздеріңнің алдына елестетіңдер, біз биік тауға шығуға барамыз (тыныс алу). Ашық күн өзінің алтын шуақтарымен тауға баратын жолды нұрландырып тұр. Біз қуанышпен жүріп барамыз (тыныс алу). Жолда әдемі гүлдер, ағаштар кездеседі. Оларға сүйсіне қарап, біз алға жылжып барамыз (тыныс алу). Біз бұл тауға досымызбен келдік. Тауға көтерілуге біз бір - бірімізге көмектестік. Біз ерекше бір қамқорлықпен бір - бірімізге қолдарымызды создық. Қасында досың болғаны қуанышты (тыныс алу). Бір - бірлеріңнің қолдарыңды қысыңдар. Дос қолының жылылығын есте сақта (тыныс алу). Қазір біз өз сыныбымызға қайта ораламыз. Күн өз шуағымен мектебімізге барар жолды нұрландырып тұр. Біз бақытты, қуанышты болып келе жатырмыз. Есіктен кіріп тұрмыз. Партаға отырамыз. Енді көзді ашамыз. Жарайсыңдар!

4. Әңгімелесейік.
Сендер таңның атқанын көрдіңдер ме?
Таң төрт құбылыстың қай жағынан атады?
Таң атып келе жатқанда нені байқауға болады?
Таң атарда жұлдыздар қайтеді?
1941 ж. таңғы сағат 4. 00 - де 22 - ші маусымда
Ұлы Отан соғысының басталғаны жайында айта кету керек.

5. Суреттер көрмесі.
Қазір біз суреттер көрмесіне саяхатқа шығамыз. Табиғатта таңқаларлық неше түрлі құбылыстар болады. Соның бірі таңның атуы. Суреттерге тамашалап қараймыз.

6. Оқулықпен жұмыс
- Авторға шолу.
- Мәтінді мәнерлеп оқу, талдау.
- Мәтіннен самал, ауа, Шолпан жұлдызы
сөздеріне теңеулерді табу.
- Қандай жұлдыз туралы айтылған?

7. Қызықты хабарлама.
Өткен сабақта «Ай мен Күн» туралы
қызықты әңгіме айтылған. Бүгін «Шолпан – Ай қызы» атты қызықты аспандағы оқиғалар туралы айтқым келеді.

8. Жағдаятты талдау.
Ал, енді біз жерге қонаққа келейік. Таң атқан кезде әлемдегі барлық тіршілік, оянады. Соның бірі өсімдік. Өсімдіктерді ренжіткенде дауыс шығара алмайды, қашып кете алмайды. Өсімдік үнсіз су сұрайды. Олар барлығын сезеді және түсінеді.
Осы айтқанды ғалымдар тәжірибе жасап дәлелдеген. Олар ағаштың өзегіне айрықша сезгіш аппарат қойып, мынадай тәжірибе жасады: алдымен ағашты өсірген, күтіп - баптап қыз туралы әңгіме айтты және жақсы көріп жаймен сөйлесті, содан кейін қатты айқайлап сөйлеп ұрса бастады. Осы кезде қызық жағдай болды. Ғалымдар эксперимент басында аппараттан бірқалыпты түзу және ирек сызықтарды көрді, ал кейін жаман қатты сөздер айта бастаған кезде аппаратта араның суреті көріне бастады. Ғалымдар өз көздеріне өздері сенбеді. Енді басқаша жасады. Алдымен мақтады, содан соң ұрысты. Аппарат алдымен тоқтап қалды, кейін жұмыс істеді. Олар енді үлкен тісті аралардың суретін көрді. Сұрақ: Олар тәжірибе арқылы нені түсінді?

9. Хат жазу.
Күнге арнап хат жазу.
10. Сабақты бекіту.
Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша тапсырмалар орындау.
1 қатар: Түсті қағаздан табиғатты жапсырмалау.
2 қатар: Түсті бояумен таңды бейнелеп салу.
3 қатар: Ермексаздан мәтіндегі кейіпкерлерді мүсіндеу.
11. Бағалау. Үйге тапсырма.
12. «Жүректен - жүрекке» шеңбері.
«Бүгінгі күнге мың алғыс» деп кезектеп рақметімізді айтып шеңбер құрамыз.
5 541
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаздық киімдер
Жаздық киімдер
Жаздық киім түрлерімен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне - өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»
Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»
Мәтінмен таныстыру, мәтін мазмұны туралы түсінік беру. Мәтінді саналы түсініп, мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру.
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
«Шал мен бала» Бердібек Соқпақпаев
«Шал мен бала» Бердібек Соқпақпаев
Қарағанды қаласы, «№92 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нургул Рахтаевна
О дыбысы мен әріпі
О дыбысы мен әріпі
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №18 балабақша тәрбиешісі Рустемханова Айгерим Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×