Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б дыбысы мен әрпі

22 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы
№11 Ы Алтынсарин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімдігі: Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Б дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Сабақтың дамытушылығы: Б дыбысына қатысты жаңа сөздерді меңгерту арқылы оқушылардың ой - өрісін, тілін, сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін, дамыту.
Сабақтың тәрбиелігі: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, психологиялық жағдай туғызу.
Психологиялық дайындық
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Ой қозғау.
– Дыбысты не істейміз? ( Естиміз, айтамыз).
– Дыбыстар нешеге бөлінеді? Екіге дауысты және дауыссыз
– Әріпті не істейміз? (Айтамыз, көреміз).
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

II. Үй тапсырманы тексеру: - М дыбысы қандай дыбыс?
- Сөздің қай буынында жазылады?
Дауыстап тізбектей оқу.
Тақтаға сөздер жазғызу.
- Оқушылар жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
- 4 - ке бөлінеді.
- Әр мезгіл неше айға созылады?
- 3 айға созылады.
- Мезгіл деген сөздің бірінші дыбысы қандай дыбыстан басталып тұр?
- М дыбысы қандай дыбыс?
- Неге?
- Қандай түспен боялады?
- Олай болса үйге қандай тапсырма берілді?
«М» дыбысы мен әрпі, «Қар»мәтінін оқу.
- «Қар» мәтінінде қай мезгіл суреттелген?
- Қыста қандай ерекше белгілер болады?
«Моншақ құрастыру» Кассадағы сөздерді оқыту.
Монша май адам маман
Моншақ шам қадам орамал

ІІІ. Жан - жақты білімдерін пысықтау
— Сонымен өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
ü О, а дауысты дыбыстар.
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады.
- Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгіленеді?
ü Т, П, Н, Р, Ғ, Л, У, Ш, Й, Қ, Д, М - дауыссыз дыбыстар.
Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
Әріптерді жатқа айтқызу: ( Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Уу, Шш, Йй, Оо, Қ қ, Дд, Мм)
Тақтаға жазу: мата, мақта, тамақ, мал, мол, қалам.

ІҮ. Жаңа сабақ. а). Жұмбақ шешу
1) Өзі біреу, көзі үшеу. (Бағдаршам)
2) Қанаты жоқ ұшпайды
Су астында қыстайды. (Балық)
3) Жазу жазып жалықпаған
Жаза - жаза арықтаған (Бор)
- Осы жұмбақтың шешулеріне назар аударайық
- Балық, бағдаршам, бор.
- Осы сөздерде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- «Б» дыбысы.
Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір - біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан
пайда болатын ұяң дауыссыз.
Хормен айту. Мысалы: бор, басқа, барабан.
«Б» дыбысы тек қана сөздің басында, ортасында кездеседі.
Ақ сарайын талқандап
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
Қызықтырып әркімді - ақ
Суда жүзер жалтылдап
«Б» әрпінен басталған
Сол жүзгіштің атын тап.
(Балық)
Тарбаң, тарбаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған
( Бақа)
Балалар, осы суреттегі атаулар қандай дыбыстан басталып тұр?
- Б дыбысынан басталады.
- Олай болса біз бүгін Б дыбысымен танысамыз. Кассадан Б әрпін алдырту.
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
(Б дыбысын айтқызу)
Біздің бүгінгі сабағымызға балапан қонаққа келді. Біз бұл балапанды қамқорлыққа алып, қиын кезеңдерде көмектесіп, қорғауымыз керек.
- Балапан қандай дыбыспен келген екен?
- Б дыбысымен келді.
- Б дыбысымен буын құрау керек. Кә\не кім көмектеседі?
- Ба, Бо, Бу Буындарды оқыту.
«Сөз ойла, көп ойла» ойыны.
Б дыбысы бар сөздерді кім таба алады?
«Балапанға қамқор бол» ойыны.
- Балапанға қорек тауып беру керек. Олар не жейді?
- Құрт, құмырсқа, қоңыз жейді.
- Олай, болса құрт - құмырсқа теріп береміз.

V. Оқулықпен жұмыс. Суретпен жұмыс
а). – Балық, бақа сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау.
Б дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.
б). - Әріп таңбасымен таныстыру. 3 рет дыбыстау Баспа түрі – Б б
Жазба түрі –
Хормен оқыту. «Шапалақ» әдісімен.
Бала, бата, бор, Бота
Баба, бота, бал, Болат
Бала, балақан, балапан, ботақан
Сөйлемді оқыту
Болат, балапандарға қара.
Неліктен балапандарға қара дейді. Не болуы мүмкін?
Оны мысық жеп кетуі мүмкін.
Олай болса мысықты үркіту керек. Қалай үркітеміз?
Ән салып үркітіп жіберейік
Тақтамен жұмыс: Бала, баба, бата, бота, бор, бал.
Сөйлем құрату.
Буын құрамы: әртүрлі сөздерді оқи білуге жаттықтыру. Аман, нан, мал, қаймақ.

Ү. Сергіту сәті
«Төлдер» әні
Осы төлдердің ішінде атауында б дыбысы бар сөздер бар ма?
Бұзау, бота.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Б әрпін тақтаға жазып көрсету.
Ауада жазу
Дәптерге жазу
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
а). бастыру жұмысы
ә). өздері салу
б). суретпен жұмыс

ҮІІ. Білімді бекіту. 1. Өтілген әріптерді пысықтау: Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Шш, й, Ққ, Дд, Мм. Буындар: ма, та, па, ға, ра, ла, ша, қа, да, ма. ба.
Сөздік диктант.
Мал, бор, бала, дала.(дыбыстық талдау)
- Қазір қай мезгіл?
«Күз мезгілі»
- Күздің нешінші айы?
Ойындар.
«Жоғалған әріп»: т... р, д... п, б... л;
«Шашылған әріптер: а, р, б; р, о, б; а, л, а, б; (бар, бор, бала)
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:- Б дыбысы қай буында жазылады? - Б қандай дыбыс?
Балапанын іздеп анасы келді. Анасы тауық «балапан» деген сөзден кім көп сөз құрастыра алады дейді.
5 027
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әріпі
Ұ дыбысы мен әріпі
Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол әріп арқылы берілген оқу мен жазуға үйрету. Ұ дыбысына байланысты сөздер ойлатып талдау. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту сөздік қорын молайту.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі бойынша алған білімдерін пысықтау, сөздерді дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. И дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік беру.
І дыбысы мен әрпі
І дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсатты: Білімділік: І дыбысы мен әрпін таныту; І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 23 қаңтар 2016 19:29
0
Тамаша сабақ жоспарлары, осындай қызық жоспарларыңызбен қанша ұстазды қуантып отырсыз.
×