Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сан есім

25 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы,
№35 мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Коканова Гүлнар Сабешовна

Қазақ тілі 4 сынып

Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім
Мақсаты: Сан есімнен алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, талдау түрлерін қайталау; тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, тіл байлығын жетілдіру; Әдемі, көркем жазуға төселдіру.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, талдау
Көрнекілігі: сызба, мақал - мәтелдер, үлестірмелі карточка.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
a) сабаққа даярлықтарын тексеру;
ә) дәйек сөзді оқыту:
«Ана тілін білмейінше, өзге пәндерлі түсіну мүмкін емес»
Ж.. Аймауытов

ІІ «Сен маған, мен саған»
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау. Топ арасында сұрақтар қойылады.
І топқа: Зат есімге байланысты сұрақтар; «жолдас» сөзін септе.
ІІ топқа: Етістік бойынша сұрақтар; «Айт, біл» етістіктерін үш шақта айт.
ІІІ топқа: Сын есімге қатысты сұрақтар; «Биші» сөзін жікте.
ІV топқа: Сан есімге байланысты сұрақтар; «Күнделікті» сөзін тәуелде

ІІІ «Тапқырлар мен білгіштер»
Тақтамен жұмыс жасалады, мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына сан есімді тауып жаз.

1. Батыр... өледі.
Қорқақ... өледі.
Морфологиялық талдау: бір - сан есім, неге, дара, есептік
2. Білгенің... тоғыз,
Білмегенің... тоғыз
Фонетикалық талдау: то - ғыз 5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын.

Т - д - сыз, қатаң
О - д – ты, жуан
Ғ - д – сыз, ұяң
Ы - д - ты, жуан
З - д - сыз, ұяң
3. Синтаксистік талдау: Бір кісі қазған құдықтан,
Мың кісі су ішеді.
4... теңгең болғанша
.... досың болсын.
Сөз құрамына талдау: жүзіншімін

ІV «Бас қатырғылар»
1. Бірінші буыны сан есімнен болып келген адам аттарын ата.
2. Жалғыз, жалқы, дара, қос, егіз сөздері қай сан есімдермен синонимдес.
3. Оң оқыса да, теріс оқыса да мағынасы бірдей болатын қайсы есім?
4. Бес ін, бес інің аузы бір ін. (қолғап)
5. Қарғаның саны қанша?
Жеті қарға жол жақта жүр,
Екі қарға ар жақта жүр.
Енді үшеуі қарқылдап отыр,
Әншісініп жарқылдап отыр,
Тағы алтауы талға қонып отыр,
Енді алтауы жарға қонып отыр.
Көп екен тіпті бұл қарға,
Маңайда қанша жүр қарға?
( 24 қарға )

V Оқулықпен жұмыс
1. топ: 468 - жаттығу
2. топ: 469 - жаттығу
3. топ: 470 - жаттығу
4. топ: 466 - жаттығу

VI «Кімнің қиялы ұшқыр?» сан есімдерден қатыстырып санамақ құрау. Мысалы:
Бір дегенім - бірлік
Екі деген – ерлік
Үш деген – үздік т. с. с

VII Сабақты қорыту
- Сан есім деген не?
- Реттік, есептік сан есімдерге мысал айт
- Қандай қасиетті сандарды білеміз?
VIII Бағалау
4 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
Алматы қаласы, Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп – гимназиясының қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Ешмагамбетова Гүлбахрам Сейткәрімқызы
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Қалабазарова Жанна Әлсейітқызы
Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Жулдызай Султангалиевна Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау. Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×