Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен қандай баламын?

13 желтоқсан 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі Альжанова Жулмагул

Өзін – өзі тану 2 сынып
Тақырыбы: Мен қандай баламын?
Мақсаты: 1) оқушылардың өздерінің қандай бала екенін анықтауға көмек беру. Жаман қасиеттерден аулақ болу, жақсылардан үлгі алуға бағыттау.
Міндеттері: 1) оқушы өзін - өзі тануға ұмтылады. Адами қасиеттерді бойына сіңіреді.
2) өзіне - өзі есеп беріп, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуге талпынады.
Тәрбие сағатында қолданылатын стратегиялар: топқа бөлу, ой қозғау, эссе
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, маркер т. б
Тәрбие сағатының барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
«Аяқпенен топ - топ - топ» әні
Аяқпенен топ - топ - топ
Алдыменен лоп - лоп - лоп
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық.
Бір оңға, бір солға
Ойнайықщы кел мұнда.
Секіреміз жоғары
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Секірейік кел мұнда.

Топқа бөлу. Сандар арқылы сыныпты төрт топқа бөлемін
Топтық жұмыс
ІІ. Өткен сынып сағатын еске түсіру
Балалар өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
1 - топ Дос деген кім?
2 - топ Достық дегенді қалай түсінеміз?
3 - топ Мақал - мәтел айту
4 - топ Дос туралы өлең немесе тақпақ айту
Ай мектеп

ІІІ. Қызығушылықты ояту ( бейне фильм көру)
Балалар, бейнефильмнен қандай ой түйдіңдер?
Қандай бала деп ойлайсыңдар?
Балалар, өздеріңді қандай баламын деп ойлайсыңдар?
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен қандай баламын?» деп аталады.

ІҮ. Мағынаны тану
Балалар барлығымыз жақсы баламыз, дегенмен кез - келген адамның бойында кемшіліктер болады.
Қалай ойлайсыңдар, менімен келісесіңдер ме?

Жұптық жұмыс.
Онда қолымыздағы парақшаға өздеріңнің жағымды қасиеттеріңмен кемшіліктеріңді теріп жазыңдар.
Менің жақсы қасиеттерім:
1.
2.
3
Менің кемшіліктерім:
1.
2.
3.

Сергіту сәті
Ойын: «Жақсы - жаман» деп аталады.
Балалар, қазір мен сөздер оқимын жаман болса үндемей отырамыз егер жақсы сөз болса қолымызды шапалақтаймыз.
- күншілдік
- кішіпейілділік
- үлкенге жол беру
- үлкеннің сөзін бөлу
- үлкенді сыйлау

Жеке жұмыс:
Балалар, мынаған қараңдаршы өте жақсы адам болу үшін өз бойымыздағы қасиеттерді дамытып, жаман қасиеттерді жоюымыз керек. Мына жерде тұрған бұлттар жақсы қасиеттерді көлеңкелейді, осылардың бәрін алып тастайық, яғни осының жақсысын ғана қатыстырып қысқаша ғана эссе жазайық.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 589
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауыссыз дыбыстарды қайталау
Дауыссыз дыбыстарды қайталау
Дауыссыз дыбыстар туралы алған теориялық білімдерін бекіту. Қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу. Жазу мәдениетін дамыту.
My family
My family
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы
Сақина ертегісі
Сақина ертегісі
Ертегінің негізгі идеясын өзбеттерінше ұғынуға жол ашу. Ой - өрістерін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын молайту арқылы көркем сөйлеу тілдерін дамыту. Адами қасиеттерді бойына жинау, еңбексүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Дауыссыз дыбыстарды қайталау
Дауыссыз дыбыстарды қайталау
Бастауыш сынып мұғалімі: Жанпеисова Фарида
Алматы
Алматы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық-мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Не артық? Не кем?
Не артық? Не кем?
Өрнектерді есептемей өздері салыстыра алу (қосу, азайту амалдарының компоненттерін талдау негізінде( есеп бойынша өрнек құрастыра ауды меңгерту, өтілген материалдарды пысықтау;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×