Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл дамыту

18 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,
Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы
орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Исабаева Насихат Сартаевна

Білім беру саласы: «Қатынас».
Білім бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер.
Мақсаты: Жемістер мен көкөністердің бақта және бақшада өсетіні туралы түсініктерін кеңейту. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендерді, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету. Күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту, бақша мен бақтағы үлкендердің еңбегімен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көкөністер мен жемістердің суреті
Сөздік жұмыс: дәрумен
Билингвизм: жеміс - фрукты, көкөніс - овощ
Инклюзивтік әлеумет: Белсенділігі төмен балалармен жеке жұмыс
Іс - әрекет бөлімдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалармен амандасу. Шаттық шеңберін құрамыз. Бәріміз бір - бірімізге қарап, Қайырлы таң! Қайырлы күн! деп айтамыз. Амандасу. Бәрі қайталап айтады.
Ізденіс ұйымдастырушы Балалар жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?

Көкөністер мен жемістерді жылдың қай мезгілінде жинайды? Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ерте көктемде жерді аударып, тырмалап көкөністердің дәнін тастайды. Содан бастап суғарып, өсіреді. Ал, жемістер ағашта өседі. Көктемде бүршік жарып, гүлдейді, содан түйінделіп алма, алмұрт, шие, өрік жемістері пайда болады. Сендерге жұмбақ жасырамын.
Домаланған ала бас,
Дәмді шырын, даяр ас!
Бақшада өседі, көп өнім береді.
Ас піскен, қайнамай түскен.
Дұрыс балалар, жұмбақтарды шешіп білдік, енді ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын:
«Заттың атын ата»
Шарты: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді қолдарына алып, қатты, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып білу керек.

Жарайсыңдар балалар: енді алдарыңдағы парақтарға кім өзінің жақсы көретін көкөнісі және жемістің суретін салу керек. Салған суреттеріңді атап, қандай жағы ұнайтынын айтасыңдар.
Енді бәріміз шаршаған шығармыз, сергіту сәтін жасаймыз:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Біз бақытты баламыз
Гүл - гүл жайнап өсеміз,
Жаттығуды жасаймыз.
«Кім жылдам» ойыны:
Шарты:
Көкөністер мен жемістердің суреттерін араластырып тастаймын, соны сендер екі бала шығып, екеуін екі бөлек жинайсыңдар. Күз мезгілі
3 ай бар
қыркүйек, қазан, қараша

Күз мезгілінде
Қарбыз
Көкөніс
Жеміс

Аяна: мынау - алма жемісі, домалақ пішінді, тәтті.
Алинұр: мынау - сәбіз, бұл көкөніс, сопақ, сары, тәтті.
Нарик: Мен жемістерден алмұртты салдым. Өзі сопақша, әрі дәмді тәттілігімен ұнайды.
Бәрі қимылдармен жасайды

Араласып жатқан суреттерден көкөніс пен жемісті тауып алады
Қорытындылау Көкөністер мен жемістерді көп жесеңдер денсаулықтарың мықты болады. Өйткені оларда дәрумендер көп. Сондықтан бұларды баптап жақсылап өсіріп қарайық.
Мадақтап, бағалау.
Рахмет балалар.

Ізеттілікпен қоштасады
Күтілетін нәтижелер:
Не білді: Көкөніс бақшада жерден шығатынын, жемістер ағаштан шығатынын білді.
Не алды: Көкөністер мен жемістер туралы мағлұматтар алды.
Не істей алады: Сұрақтарға жауап бере алады, суреттерін сала алады.
8 457
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: 1. Білімділік: Балаларға жемістер мен көкөністер жайында білімдерін кеңейту. Қимылды ойындар арқылы сезім мүшесі мен ойлау қабілетін ұштастыра отырып, жемістер мен көкөністерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Азық - түлік. Дәрумендер
Азық - түлік. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Бізге күз не алып келді
Бізге күз не алып келді
Көкөніс және жеміс-жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×