Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біріккен сөз

18 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру, сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба алуға, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасай алуға үйрету.
ә) Тәрбиелік: Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып, ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жинақтылыққа, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: зерттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: сызбалар, суреттер,
Техникалық құрал: интерактивті тақта, Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, дамыта оқыту технологиясы

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) оқушыларды сабаққа дайындау
ә) сыныпты топқа бөлу

ІІ. Психологиялық дайындық

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру
Күрделі сөздер дегеніміз не?
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейміз. Олар бір сұраққа жауап береді.
Күрделі сөздер қалай жасалады?
Күрделі сөздер түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады.

ІV. Жаңа сабақ.
а) Суретпен жұмыс
- - Балалар, тақтадағы суреттерді сәйкестендірейік
- тайлақ, бірқазан, Айгүл, Айнагүл, Ертіс, Ботагөз тақтаға жазу, бұл сөздер қалай жазылып тұр?
- Енді осы сөздерді сөз құрамына талдайық
Әр сөздің неше түбірден құралғанын анықтау, дәлелдеу
ә) Ережені қорыту
Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады. Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: асқабақ, қосаяқ, Алатау, Айдос, Сарыағаш т. б.
- Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Бүгінгі күннің жадысын жазу а

Ү. Оқулықпен жұмыс.
8 - жаттығу. Сөздерді оқы. Олар қалай жасалған?
Берілген сөздерді оқы
*Оқыған сөздеріңді сөз құрамына талда. Әр сөз неше түбірден құралған.
ауызша

VІ. Дәптермен жұмыс
9 - жаттығу
Сөздерді оқып, көшіріп жаз
Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық, Жетіқарақшы, шекара

VІІ. Өздік диктант Жатқа жазу
Кемпірқосақ
Күн күркіреп, себелеп,
Жаңбыр жауып, басылды.
Көкжиекке керемет
Кемпірқосақ асылды

VІІІ. Топпен жұмыс
1 - топ
Аңдар:...,...
Құстар:...,...
2 - топ
Өсімдіктер:...,...
Жер - су, аттары:...,...

ІХ. Суретпен жұмыс
Суретке қарап, «Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме құрап жаз. Біріккен сөз болып келетін аң - құстарды жазуды ұмытпа.

Х. Ойын «Жоғалған сөздерді тап»
ХІ. Ойын «Кім жылдам?»
«Ақтөбе» сөзінен баспалдақ жаса

ХІІ. Қорытынды. Оқушылар өз ойларын айту.
Не білдік? Сабақ сіздерге несімен ұнады? Сабақта жақсы, белсенді жауап беріп, қатысып отырған кім?- деп ойлайсыңдар
Бағалау.
Үй тапсырмасы. 11 - жаттығу. Біріккен сөздерге қатысты мақал - мәтелдер жазып келу.
4 703
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы ұғымын таныстыра отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×