Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

18 қаңтар 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы
Елтаңба. 78-79 жаттығу
Білімдік мақсаты:
Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылатындығын мысалдар арқылы түсіндіру. ҚР рәміздері, соның ішінде елтаңба туралы түсінік беру, елтаңба авторлары жөнінде мағлұмат беру.
Дамытушылығы:
Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын,қиялын,сөздік қорын, өтілген тақырыптар бойынша білімдерін анықтай отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, білімін-дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні:
ҚР рәміздерін қорғауға,Отанын,елін сүюге,төрт-түлікті бағып-қағуға, ҚР білімді азаматтары мен азаматшалары болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдталған суретер, тірек-сызбалар,ойын бетшелері, деңгейлік үлестірмелер
Әдістері: Көрнекілік,ойын,сұрақ-жауап,баяндау,ізденушілік,модульдық оқыту (М.Жанпейісова), деңгейлеп оқыту,оза оқыту,кіріктіре оқыту
Пән аралық байланыс: дене шынықтыру, саз, әдебиет, құқық, дүниетану
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
Тренинг түрінде
-Ойға толып санамыз,
«5»-тік баға аламыз.
Баласындай әр үйдің
Тату болсын арамыз.

2.Өтілгенді пысықтау.
«Ой қозғау!» Ойын: «Кім мерген?»
(Канаданың Ванкувер қаласында болып жатқан қысқы ХХІ олимпиада ойындары туралы айтып өту.)
1 Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Жуан дауысты дыбыстарды ата?
4.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
5.Сөз қалай айтылады?
6.Сөздің жуан айтылуы неге байланысты?
7.Сөздің жіңішке айтылуы неге байланысты?
8.Жуан айтылатын сөздерге мысал келтір.
9.Жіңішке айтылатын сөздерге мысал келтір.
10.Сәйкестендіру парағы

3.Жаңа сабақ
а Түсіндіру(Слайдтар арқылы түсіндіру)
-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болады. Мысалы: (Слайд)
бЕрежені оқып,таныстыру.

4.Дәптермен жұмыс
а «Мағынаны тану» (Слайд)
1936 жылы дүниеге келген, халық жазушысы. Невада-Семей қозғалысының жетекшісі
О.Сүлейменов
Алғашқы жинағы «Арғымақ» (1961 ж)
Ордендер мен медальдармен марапатталған.

ә Проблемалық сұрақ?
-Арғымақ деген не?
-Ол туралы не білесіңдер?
-Ал жылқы туралы не білесіңдер? (Слайд)

б Көркем жазу 78-жаттығу
вМәнерлеп оқу,талдау (Жылжымалы тақта)
5.Оқулықпен жұмыс ( Т.Молдағалиев «Елтаңба»)
а.Ситуация туғызу. Сұраққа –жауап
-Т.Молдағалиев кім?

Т.Молдағалиев

1935 ж Алматыда дүниеге келген. Лирик, ақын, өлеңдері 40 асқан облысында әдебиет кітап болып шыққан. зерттеушісі

-Мемлекеттік рәміздерді ата?
-Мемлекеттік тудың авторы?
-Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, дизаин өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Алматы қаласының бас суретшісі.
-Мемлекеттік елтаңбада нелердің бейнесі бейнеленген? (Слайд)
-Ондағы шаңырақ-Отан отбасынан басталады дегенді білдіреді ,шаңырағың биік, босағаң берік болсын деген мағынада.
-Ал уықтар елшілес ел-жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.
-Қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, еліктің шапшаңдығын білдіреді.
-Бес бұрышты жұлдыз бағымыз ашылып жұлдызымыз жарқырай берсін деген асыл арманды арқалап тұр.
-Мемлекеттік елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов
ә.Мәнерлеп оқып беру.
бТізбектей оқу
6. Сергіту сәті . Ән :«Мемлекеттік елтаңба»
музыкасын саз пәнінің мұғалімі Ж.Құралбек ағай жазған.

7. «Галерияны аралау» «Елтаңба сыр шертеді» (Слайдтар)
(Елтаңба тұратын мемлекеттік орындарды слайдтар арқылы көрсету)

8. «Есіңе сақта!» айдары
34-бап. Әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті.

9. Қорытынды.
10.Үйге тапсырма 79-жаттығу
7 816
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Астана қаласы №64 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Тулепбергенова Гульмира Амановна
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуы
Дауыссыз дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Каратаева Майя Исимкуловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.