Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

28 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Балқаш қаласы,
«Балқаш қаласының №15 мектеп - лицейі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сейткалиева Светлана Несипбекқызы

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Таратпармен жұмыс, өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, сурет, ән, еңбек.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, ТСО, сызба кестелер, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, қазір әдебиеттік оқу сабағы. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Ол үшін мына жерден өздеріңе ұнаған түстерді таңдап алыңдар. Топқа бөлінудің бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуда да маңызы бар.
Топқа бөлу (түрлі - түсті қағаздар арқылы)
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Сен қайдасың?» тренинг өткізу
• Сәлем достым (қол беріп амандасу)
• Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
• Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
• Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)
• Сен келдің (қолдарын жаяды)
• Жақсы болды (қатты құшақтайды)
2. Үй тапсырмасына шолу.
- Балалар үйге қандай тапсырма беріліп еді?
Құмырсқаның қанағаты. (Ел аузынан).
1 - топ - сахналап көрсету.
2 - топ - Құмырсқа туралы білетіндеріңді топтастырып жаз.
3 - топ - сұрақ жауап(таратпа материалдармен жұмыс):
- Оқымысты құмырсқаны неге, қалай сынады?
Құмырсқаның ақылы, қайраты, қанағаты барын қайдан білдің?
Құмырсқаның қасында дән жатқанда ашығу себебі не деп ойлайсың?
- Балалар, құмырсқаға байланысты қандай мысалдар оқыдық?

4. Жаңа сабақ.
- Ал балалар, сонымен құмырсқа қандай топқа жатады?(Бунақденелілер) - Өздерің дүниетану сабағынан жануарлардың тағы қандай топтарын атар едіңдер? Сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, құстар класы.
- Ал енді бағана топқа бөлінгенде алған түсті қағаздарыңның келесі бетін ашсаңдар жұмбақ жазулы. Сол жұмбақты шешсеңдер, бүгінгі тақырыпқа байланысты атау шығады.
Жұмбақ
Бұлдыр - бұлдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа. (Қарлығаш)
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)
Шарлап келіп даланы,
Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)
- Адамның досы, қайырымды, оның аты қарлығаш деп аталады.
Сергіту сәті:
Қос қарлығаш әнімен билеу
- Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісі.

5. Мағынаны тану.
Интерактивті тақтадан Қарлығаштың құйрығы неге айыр? ертегісін көрсетемін.
Тапсырма.
1 - топ Ертегіден алған әсерлеріңді жазыңдар.
2 - топ Қарлығаш туралы білетіндеріңді жазыңдар.
3 - топ Ертегідегі жағымсыз кейіпкерлер туралы өз ойыңды айт.

6. Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға оқыту
Көзбен оқу
Тапсырма
1 - топ Қарлығаш сөзінен бірнеше сөз құра
2 - топ Осы тақырыпқа сай мақал - мәтелдерді сәйкестендір
3 - топ Көктем келді. Қарлығаштарды қарсы алайық! Суреттер жиынтығынан қарлығаштарды қарсы алуды көрсету.
7. Ой қорыту
«Кезбе тілші» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.
Міне балалар Төле бидің бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын, шын әулие деп атаған. Қарлығашты да әулиеге теңеген.
8. Рефлексия
- Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Алдарыңда алақанның басылған үлгісі жатыр. Алақан - ашық жарқындықтың, қайырымдылықтың белгісі. Ендеше осы алақанға бүгінгі сабақта не алдың, қандай әсер алдың соны жазып, ғажайып ағашқа ілейік.
10. Бағалау.
11. Үйге тапсырма.
2 792
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлығаштың құйрығы неге айыр ертегісінің желісі бойынша мүсіндеу
Қарлығаштың құйрығы неге айыр ертегісінің желісі бойынша мүсіндеу
Кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т. б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың конструктивті және пластикалық техникаларын
Қысқа мерзімді жоспар (қазақ әдебиеті 5 сынып)
Қысқа мерзімді жоспар (қазақ әдебиеті 5 сынып)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №81 Ұлықбек атындағы негізгі орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Садокат Қайнарбековна
Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Бауыржан Момышұлы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебі. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қосбармахова Руза Ақсырғақызы
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тусупова Аяжан Кенесовна
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу. ”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×