Білімділер поралы

Жауқазын

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№1 Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі Кокобаева Б.Р.

Сабақтың тақырыбы: Жауқазын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлең мазмұнымен танысып, негізгі ойын айту.
Дамытушылық: Ой - өрістерін, сауатты сөйлеу, талдай білу дағдыларын дамытады.
Тәрбиелік: Бақтағы, бөлмедегі гүлдерді аялай білуді үйренеді.
Оқытудың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтері.
Орындалатын тапсырмалар: өлеңді жатқа айту, топтық тапсырмалар, талдау, мәтінмен жұмыс және т. б.
Негізгі идеялар: ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: жауқазын гүлінің муляжы, слайд, плакат, түрлі суреттер және т. б.
Оқытудың нәтижесі:
өлеңді өздігінен оқи отырып, мағынасын ашады және
жауқазын сөзін талдауды үйренеді.
Өз пікірін сауатты түрде жеткізеді.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, топ ережесін еске түсіру.
• Психологиялық ахуал туғызу.
Түстерді таңдау:
Көк түс - көгілдір аспандай күніміз ашық болсын
Сары түс - күндей жарқырап көңілді өткізейік сабақты
Жасыл түс - жайқалып көктемдей өсе берсін өркендерің деп бүгінгі сабағымызды бастайық.

Біз бақытты баламыз,
Ойнап - күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып - білім аламыз!

ІІ. Үй тапсырмасы: 90 - жаттығу
І топ Кім?
ІІ топ Кімдер?
ІІІ топ Не?
ІV топ Нелер?

• Бәйшешек өлеңін жатқа сұрау

ІІІ. Сергіту сәті: Қарлығаш.
(бойымыз бен ойымызды сергіттік, енді топ ережемін сақтайық )

ІV. Жаңа сабақ: « Жауқазын»
• Ой ашар кезеңі:
Сөз жұмбақ шешу
1. Он екі ай қалай аталады?(жыл)
2. Көктемнің алғашқы айы?(наурыз)
3. ҚР - ң рәміздерінің бірі?( ту )
4. Біздің ұлтымыз?( қазақ )
5. Ең ардақты жан? ( ана)
6. Үй құсы?( қаз)
7. Дастарханның сәні?( нан)

• Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жауқазын( екенін білдік).
• Мақсаты болса көктемнің алғашқы гүлі жауқазынды танып білеміз. Өз ойымызды еркін жеткізуді үйренеміз.

• Ой қозғау кезеңі: балалар жауқазын қандай гүл екен? (қолыма муляжды алып)
оқушы жауабын жүйелеу.
Балалар жауқазын тек қызыл бола ма?
Жауқазын ( слайд)

І топ буындық талдау (сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?)
ІІ топ дыбыстық талдау (дауысты)
ІІІ топ дыбыстық талдау (дауыссыз)
ІV топ тасымал түрін көрсетіңдер.(жау – қазын, жауқа – зын)

Оқулықпен жұмыс: 104 бетті ашып Несіпбек Айтовтың
«Жауқазын» атты өлеңін оқимыз.
Талдау.
«Жауқазын» сөзіне қандай сұрақ қоямыз?
Ережені сұрау.

Дәптермен жұмыс
Көркем жазу; К, к
Сөздік диктант: күн, бүршік, жаңбыр, торғай, раушан, жауқазын.

92 - жаттығу.
Топпен жұмыс №1
І топ Көктем
ІІ топ Ағаш
ІІІ топ Құстар
ІV топ Мал

Көктем болды. Ағаштар бүршік жарды. Жылы жаққа кет кеткен құстар қайта келді.
Мал көкке жайылатын болды.

Топпен жұмыс №2
І және ІІІ топ сурет және жазылған сөздермен Венн диаграммасын құрады
ІІ және ІV топ сурет және сөздермен Кластер құрады.

V. Бекіту кезеңі:
 Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына сәйкес суреттерді тиісті орнына қою.
 Бөлме өсімдігі мен жауқазынды салыстыру (ауызша, сурет арқылы)

Қорытынды:
Рефлексия - Бүгін біз нені үйреніп, нені білдік?
• Ал балалар кімге бүгінгі сабақ ұнаса жасыл түсті көтеріңдер.
• Ал сабақ қиындау болса қызыл түсті көтеріңдер.

ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ: Енді балалар бүгінгі сабақты ауызша бағалап жіберейік.
Топты ауызша бағалаймыз: (Белсенді, жақсы; кішкене 5 – ке жетпей тұрсыңдар)
Ал, балалар бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік деп ойлайсыңдар ма?
Егер мақсатына жетсек келген қонақтарға рақметімізді айтамыз.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 213
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 213
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика