Білімділер поралы

Су. Судың қасиеті

Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Илясова А. И.

Дүниетану 2 - сынып
Сабақ тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін ұғындыру. Әр түрлі тәжірибелер жасау арқылы судың қасиеттерін анықтау. Су туралы мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер үйрету. Су туралы мағлұматтар беру.
Дамытушылық: Оқушылардың су туралы білімдерін кеңейту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Судың адам өміріндегі маңыздылығын ескерту, суды қорғауға үнемдеуге үйрету.
Сабақ түрі: жаңа ұғым беру, тәжірибе.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру. Сабақ көрнекілігі: су, сүт, слайд, тәжірибеге қажетті құралдар

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн достым
Қайырлы күн болсын:
Жұма күнгі сабақ
Сәттілікке толсын.
Бүгін сенің алар бағаң
Тек қана бестік болсын.
- Балалар қазір қандай сабақ?
- Дүниетану сабағында біз сендермен нені үйренеміз?(Айнала қоршаған табиғат, су, жан - жануарлар туралы білім аламыз.)
- Табиғат туралы не білеміз? (Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді.)
- Балалар адамға өмір сүру үшін не қажет?
(Ауа, су, азық, киім, баспана қажет)
- Олай болса адам бұл қажеттіліктерді қайдан алады?
(Табиғаттан алады.)
Олай болса үй тапсырмасына не берілді.
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
- Ауаның маңызы.

ІІ Үй тапсырмасын бекіту. Ойын
1. Жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр.
2. Адам ауасыз бірнеше минут қана өмір сүреді.
3. Ауаның қасиеттері: түссіз, мөлдір, иіссіз.
4. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіре отырып, оттегін шығарады.
5. Зауыттар, фабрикалар, көліктер ауаны ластайды

Оқушылар айтыңдаршы тіршілік үшін ауадан басқа бізге не қажет (су)

ІІІ Жаңа сабақ
Қатты қапырық ыстықта шөлдеген адамға не керек.(су)
- Сусыз адам бір күнге шыдайды. Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыз су туралы болмақ.
- Ол үшін «Су. Судың қасиеті» тақырыбын оқиық.
Мәтінмен жұмыс:
Оқушылардың өздеріне әр топтан келіп көмектесулерін сұрай отырып түсіндіру. (Оқушыларға оқыту.)

1 - тәжірибе.
Судың түсі қандай? Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құй. Екеуін салыстыр. Сүт – ақ, ал су - түссіз.
Таза судан аз мөлшерде алсаң, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады. Түсінік беру
2 - тәжірибе
Судың мөлдірлігі қандай? Су – мөлдір. Оны анықтап көрейік. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құй. Олардың ішіне қасық сал. Қайсы қасық анық көрінді. Неге? Бұл тәжірибеде судың қандай қасиеті барын байқадың. Суды иіскеп және ішіп көр.
Бұдан шығатын қорытынды; су түссіз, мөлдір иіссіз, дәмсіз.
3 - тәжірибе
Судың пішіні бола ма? Сен бірнеше ыдысқа: кесеге шыны ыдысқа, стаканға су құй. Осы ыдыстағы су пішініне қара. Су қандай пішінге ие болды? Әр бір құйылған ыдыстың өзіндей емес пе? Олай болса суда тұрақты пішін болмайды. Ол кез келген ыдыстың пішінін алады екен.
(Сабақты түсіндіре келе Судың үш күйіне тоқталу) Оқушыларға тізбектей оқыту.

Судың үш күйі

Сұйық, бу, мұз

Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс; Күн жадысын, жаңа тақырыпты жазу.
Ой толғаныс: Жұмбақты шешу
Тілі былдыр, үні сылдыр (Жаңбыр)

Мүлгіп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күміс. (Қар)

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып. (Қырау )

Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды. (Мұз)

Шығармашылық жұмыс.
І - топ. Қазақстан көлдері мен өзендерін жазу.
2 - топ. Су нақыл сөздер жазу.
3 - топ. Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Суға түкірме.
Беті ашық қалған суды ішпе.
Түнде суға барма.
Суды ысырап қылма.
Қолыңды жуған соң сілкіме.

V Сабақты қорытындылау.
Әуеде жаңбыр жаумаса,
Далада егін болмаса
Арықтар суға толмаса,
Үйімізде шай қайнап
Мәре - сәре болмаса
Күніміз не болар еді?
- Өлеңнен қандай қорытынды жасауға болар еді. (Сусыз тіршілік жоқ.)
Сонымен балалар су - тіршілік көзі екен. Судың қоры бүкіл әлем бойынша азайып бара жатыр екен. Сондықтан үнемдеп жұмсау қажет екенін ескерелік.
Кері байланыс; Сабақ сізге ұнады ма?
Не білдік?
Не білгім келеді?
(топтастыру)

Үй тапсырмасы; Су. Судың қасиетін оқу мазмұнын айту.
Балаларды бағалау.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 83
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 81
Роботтар: 3
zamza Марал
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика