Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарыш әлемі

17 қаңтар 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
№6 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бахытжанова Дамегул Умбетовна

Тақырыбы: Ғарыш әлемі
Мақсаты:
Ғарыш әлемі туралы алған білімдерін нығайту, бекіту.
Ой - өрісін, сөздік қорын дамыту. Ұқыптылыққа, зеректікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, глобус, карта
Сабақтың барысы:
• Ұйымдастыру
• Үй тапсырмасын сұрау
• Жаңа сабақ
• Ойын «Аспан әлемі»
• Бекіту
• Қорыту

Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ - жауап
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Өткен тақырыптарға шолу жасау
Жеті қат көк - қазақ халқының көне заманнан келе жатқан түсініктерінің бірі. Алла тағала «Айды нұр, Күнді шам» қылып жаратты. Жетінші қабат жұмақ. Аспанның әр қабатында періштелер тұрады делінген.

Ертеде адамдар аспанды өздерінің көздерімен ғана бақылып, зерттей алды. Олар 9планетаға және басқа жұлдыздарға ат қойды. Бірақ көзге көрінбейтін жұлдыздарды бақылай алмады.

Ежелгі заманда адамдар жерді пілдер немесе өгіздер көтеріп тұр. Олар орындарын ауыстырғанда жер сілкінісі пайда болады деген сөзге сенген.

Орта Азияның ұлы астрономы Ұлықбек -
Ақсақ Темір ханның немересі. Ол Самарқанда обсерватория салдырған. Бұл өз тұсында теңдесі жоқ обсерватория болды. Обсерваторияда аспанды бақылау, соған байланысты ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Алыстағы көзге көрінбейтін жұлдыздарды бақылау үшін телескоп деп аталатын оптикалық құрал қолданылады. Оның көмегімен планеталарды, жай көбен көрінбейтін жұлдыздарды көруге болады.

Күн жүйесі
Күн және оның айналасында қозғалып жүрген 9 планета Күн жүйесін құрайды. Оның құрамына планеталар серіктері, кометалар, астероидтар, метеорлар, ғарыштық тозаңдар кіреді.
Күн – жерге жақын жұлдыз. Басқа жұлдыздар сияқты ол да лаулап жанып тұратын газды шар. Оның жарығы мен жылуы біздің планетамыздағы барлық тіршілік иелеріне өмір сыйлайды

Жер планетасы – тау жыныстарынан тұратын үлкен шар тәрізді дене. Ол күн жүйесін айналып жүрген 9 планетаның бірі. Жер бірнеше қабаттан тұрады. Оның қатты қабығы жер қыртысы деп аталады.
Меркурий
Меркурий – қанатты құдай. Меркурий ежелгі римдіктердің құдайы болды. Планета күннің айналасын тез айналып өтетіндіктен, осы құдайдың құрметіне оның атын берген.
Шолпан
Шолпан – ең ыстық, ең жарық планета. Бұл планетаның махаббат пен сұлулық құдайының атын иемденгеніне 2500 жыл болды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 248
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлемі
Ғарыш әлемі
Шығармашылық идеяларды дамытуға әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинау.
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесі
Ғарыш кемесін есу, жалпайту, біріктіру арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ғарышкерлерге деген қызығушылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ғарышқа сапар
Ғарышқа сапар
Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Таным белсенділігін дамыту.
Ғарышкерлер күні
Ғарышкерлер күні
12 - сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінігін кеңейту. Ғарыш, ғарыш кемесі, ғаламшар, аспан денелері ұғымдарын қалыптастыру. Еске сақтау қабілетін, зейінін, тілін, байланыстырып сөйлеу дағдысын түзете - дамыту, сөз байлығын кеңейту, ұсақ қол
Менің Айға сапарым
Менің Айға сапарым
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 3 «Г» сынып оқушысы Жұмағали Дәулет Мұғалімі: Тұңғышбаева Балдырған Алтынбекқызы
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×