Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі сан есім

23 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып

Өз білімін жоғарылату тақырыбы: «СТО технологиясы арқылы оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту»
Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киттің суреті, Абайдың портреті, цифрлар, нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, дүниетану, математика, әдебиеттік оқу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру. (Слайд 1-3)
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
- Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын-жазушылардың тілі, туған тіліміз – қазақ тілі сабағын бастаймыз.
2. Психологиялық сәт. «Шаттық шеңбері» (4)
АРМЫСЫҢ, АСЫЛ КҮН!
АРМЫСЫҢ, КӨК АСПАН!
АРМЫСЫҢ, ЖАН ДОСЫМ!
МІНЕ МЕНІҢ ҚОЛЫМ, ЖЫЛУЫМА ЖЫЛУ ҚОС.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

3. Үй жұмысын пысықтау. «Сен – маған, мен - саған» ойын арқылы үй жұмысын тексеру.
4. Көркем жазу. (Слайд 5)
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
«Ққ» әрпін біз дұрыстап,
Әдемілеп жазайық.

5. Қызығушылықты ояту,
Оқушыларды топқа бөлу, оларды топта жұмыс істеу ережесімен таныстыру.
Мұғалім:
- Балалар, біздің радиоқабылдағышқа сигнал түсіпті. Тыңдап көрейік.
"Біз «Сәтсіздік» аралының тұрғындары ақ пейілді, мейірімді жанымызды ұғынатын жанашыр адамдардан көмек күтеміз! Арал тұрғындарының жағдайлары өте нашар. Алға басқан істері кейін кетіп, сәтсіздікке ұшырауда. Балалар бір-бірімен тіл табыса алмай, олардың арасында айқай-шу, айтыс –тартыс жиі болады, бір-бірінен түсінуден де қалды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, сыйластық атаулыны біз ұмытқалы қашан. Бізді естіп отырғандар болса, көмек берулеріңізді өтініп сұраймыз".
Мұғалім: - Балалар, арал тұрғындарына көмектесуге дайынбыз ба?
Мұғалім:
- Жарайсыңдар! Ендеше бізге жолға шығу үшін көлік керек. Барлықтарымыз жеңіл көлікке сыймаймыз, сондықтан автобус қажет. Ол үшін өткен тақырыптарды қайталап өтейік. Дұрыс жауап берсек, автобусқа отырып, жолымызды жалғастыра аламыз. (слайд 6)
«Ой қозғау» стратегиясы.
Әр топ соз таптарына түсінік береді. Топтан 1 спикер шығып қорғайды.
1-топ- «Зат есім» 2-топ- «Сын есім» 3-топ- «Етістік»
Бірлесіп «Сан есім» туралы білгендерін айтады.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін топтарға берелік.
Сөз таптарын жақсы оқып, меңгердік,
Енді жауаптарын көрелік

6. Мағынаны ашу.
Мұғалім: (слайд 7-8)
- Балалар, енді автобусқа отырайық, бір-бірімізге сәттілік тілейік. Әрі қарай жолымызды жалғастыру үшін 1- жаттығуын қарастырайық.
 Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру барысында «Болжау стратегиясын» қолдану. Ең бірінші терме диктант өткізу, содан кейін сан есімдердің жазылуына назар аударту, балаларды өздері ережені айта білуге бағыт жасап отыру.
 Терме диктант. Сөйлем ішінен сан есімдерді теріп жазыңдар.
Қамыс – сулы жерде өсетін, ең көп тараған өсімдік. Қамыстың биіктігі екі метрден үш метрге дейін болады. Оның екі жүзден астам түрі бар. Жиырмадан бесті алса, он бес қалады.
- Сан есім қалай жазылады? Дара сан есім және күрделі сан есім екенін қалай білдіңдер? Ережені айтып көріңдерші.

(Ережемен таныстыру, мысал келтіріп түсіндіру, слайд 9 - 10)
Мұғалім: - Балалар, алдымызда мұхит кездесті. Жолымызды жалғастыру үшін бізге не керек екен? Әрине, кеме. Ал кемеге отырып, әрі қарай жолымызды жалғастыру үшін мен сендерге ішінде сан есімдері бар жұмбақтар жасырамын. Сан есімдерді тауып, дара сан есім мен күрделі сан есімдерді табу, анықтау, сөйлем құрау. (Слайд 11)

Жұмбақ шешу. (слайд 12).
Бір алаша төселген, 2. Басы да екеу,
Екі ауылды жалғайды. Аяғы да екеу. (Қайшы)
Өмірінде еш адам 3. Он-он бесі жиылды,
Оны жинай алмайды. (Жол) Бір белдікпен буылды. (Сыпыртқы)
4. Бір үйім бар ақ тас, 6. Үй ішінде
Есігін ешкім таппас. (Жұмыртқа) Отыз екі батыр
5. Үш-төрт қана тісі бар, Кіргендерді
Шөп көтерер күші бар. (Айыр) Отап турап жатыр (]Тіс)

Мұғалім: (слайд 13)
- Балалар, кемеге отырайық. Мынау не екен?!
- Бұл – кит. Кит туралы не білеміз? (Кит туралы мағлұмат беру, мағлұматта берілген сан есімдерді табу, дара сан есім әлде күрделі сан есім екенін айту - слайд 14)
- Жарайсыңдар! Келесі 2- жаттығуын орындайық.
Тапсырма: Сөйлемдерді көшіріп жазу. Дара және күрделі сын есімдердің астын сызу.

Сергіту сәті. «Аралас, қатып қал, қорытынды шығар» стратегиясы. Ережелерде жіберілген қателерді табу. (слайд 15)
«Цифрлар елі» (слайд 16). Оқушылар «Цифрлар айтысы» атты көрініс көрсетеді.

 Келесі келіп жеткен аялдамасы «Зообақ». 3- жаттығу орындау. Жануарлар туралы мағлұмат бере отырып, мәтінде кездесетін сан есімдерді табу, дара сын есім немесе күрделі сан есім екенін айту. (слайд 17-18)
Тапсырма: Дара және күрделі сан есімдерді теріп жазу

Мұғалім:
- Балалар, міне біз сыйластық, бір-бірін тыңдау арқасында белгісіз бір аралға жеттік. Қандай арал екен? Дұрыс, «Сәтсіздік» аралы. (слайд 19)
Мұғалім:
- Жарайсыңдар, балалар! Міне, «Сәтсіздік» аралдың тұрғындары да көрінді. Сәлем берейік.
- Балалар, «Сәтсіздік» аралдың тұрғындары неге көңіл-күйсіз?
- Неге олар бір-бірін тыңдамайды және сыйламайды екен? (Оқушылар өз ойларын айтады)

Мұғалім: (слайд 20 )
- Балалар, кім бізге бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол деген?
- Дұрыс айтасыңдар, Абай атамыз. Абай ата туралы не білесіңдер?

«Поэзия минуты». Балалар Абайдың өлеңдерін оқиды.
Мұғалім:
- Балалар, осы аралдың тұрғындарына қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?
(Әр топ өз ойларын айтады) (Слайд 21)
- Балалар, қараңдаршы, сендердің білімі мен бірліктің арқасында «Сәтсіздік» аралы «Сәтті» аралына айналды. Бұл аралдың тұрғындары Абай атамыздың айтқан сөздерін естерінде сақтайтын болды. Сендер оларға көмек бергені үшін алғыстарын айтып жатыр. Бүгіннен бастап олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреміз, әрдайым ақылды, білімді боламыз деп уәде берді. (Слайд 22)

7. Ой толғаныс.
Мұғалім: - Иә, балалар, барлығымыздың да жақсы адам болғымыз келеді. Сондықтан да біз өзімізге ұнайтын жақсы іс атқаруға тырысамыз, ал жамандықтан жиренеміз. Жақсылық істегенде ғана біздің бойымыздағы адамшылық қасиеттер көбейеді, адам болып қалыптасуға көмектеседі. Балалар, біздің өміріміз осы көк теңіздей. Алда не күтіп тұрғанын білмейміз, не боларын айта алмаймыз. Ал, жүзіп келе жатқан кеме - ол мына біз. Қай-қайсының өмір атты теңіздің әр шетінде жүріп, жетістікке де жетеміз, сәтсіз күндер де болып жатады, бірақ қиындықтан ешқашан қорықпай, мақсатқа жетіп отыру керек. Бір-бірімізді сыйлайық, ақылды, білімді, әдепті болайық!(Слайд 23)
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!

- Ендеше, балалар 12 мүшелерін сау болып, туған жерде өнегелі азамат болып өсулеріңе тілектеспін.
"5 жолды өлең" стратегиясы
«Ақыл» сөзіне 5 жолды өлең құрау.
Мұғалім:
- Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Дара сан есім дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
- Күрделі сан есім дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
8. Үйге тапсырма: 137 бет 4-жаттығу, ереже жаттау. (түсіндіру)
9. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
18 448
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Дара және күрделі сан есімдер, емлесі
Сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Дара, күрделі сан есімдерге мысалдар келтіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрау.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөл отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету; Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×