Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз сыйы

21 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Күз сыйы
Мақсаты: Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың білімдерін қалыптастыру.
Білімділігі: Күзгі табиғат ерекшеліктерін көре білуге үйрету
Дамытушылығы: Білім негіздерін меңгерте отырып, есте сақтау қабілетін зейіндерін дамыту.
Тәрбиелігі: Өсімдіктерді күтіп – баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, күз туралы суреттер, жемістер мен көкөністер

Сабақ жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Шаттық шеңбер
Күлімде күн күлімде,
Жайнай түсті күнімде,
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарық - жұрқ еткен түнімде.

ІІІ. Жұмбақ шешу
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Олай болса, балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгіліне қай айлар жатады?
- Қазір, күз айының қай айы?
- Күз айының қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Күз туралы тақпақ білесіңдер ма?
Олай, болса Б. Жақыптың «Күзде» өлеңін оқып берейін.
Алма пісті,
Алмұрт пісті,
Алша пісті,
Жерге түсті.
Қияр пісті,
Қарбыз пісті,
Қауын пісті,
Қандай күшті!
Жидектердің
Татып дәмін.
Жемістердің
Жейміз бәрін.

IV. Сергіту сәті. «Көңілді күн»

V. Дәптермен жұмыс.
1. Күзгі бақтағы еңбек туралы түсіндіру
2. Жарты алманың екінші бөлігін табу
Сызық арқылы жарты алманың екінші бөлігін табу.

VІ. «Қай ағаштың жемісі». Дидактикалық ойын
(Жеміс – жидектердің айырмашылығын түсіну)
Жеміс деген жеміс беретін ағаштармен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе.
Жидек – таңқурай, бүлдірген, құлпынай өсімдіктері жалпы жемістің атауы.

VІІ. «Жеміс пен көкөністі ажырат» дидактикалық ойын.
Екі себетке жеміс пен көкөністі ажыратып салу.

Жемістер мен көкөністердің пісіп жетілуі үшін кімдердің көмегі қажет?
Талдан жемістерді қалай аламыз?
VІІІ. Тіл ұстарту жаттығуы
Үз - үз - үз күз

ІХ. Қорытынды.
Дәміне қарап ажырат «Не тәтті? не қышқыл? не ащы?»
Не тәтті?
Алма, қарбыз, қауын, алмұрт
Не қышқыл?
Көк алма, шие, лимон
Не ащы?
Бұрыш, жуа, сарымсақ
Сонымен, балалар күз айы молшылық, берекелі мезгіл. Күз байлығын төкпей - шашпай жинап алуымыз керек.
Х. Мадақтау.
7 213
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз
Алтын күз
Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Бұл қай мезгілде болады?
Бұл қай мезгілде болады?
«Бұл қай мезгілде болады?»
Бұл қай кезде болады?
Бұл қай кезде болады?
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №247 орта мектептің ,астауыш сынып мұғалімі Нұржанова Ақбөпе Алдабергенқызы
Бұл қай кезде болады?
Бұл қай кезде болады?
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Күз -  мереке,  күз -  береке
Күз - мереке, күз - береке
Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×