Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Куб және оның көлемі

14 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы,
Т. Әубәкіров атындағы жалпы негізгі білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Бисекеева Гаухар Зейноллаевна

Сабақтың тақырыбы: Куб және оның көлемі
Мақсаты: Куб және оның көлемін табуды тереңдете үйрету. Өздігінен ізденуге және оны дәлелдей білуге үйрету.
Ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Адалдыққа, қайырымдылыққа, әсемдікке баули отырып тәрбиелеу
Әдісі:
Көрнекілігі: Геометриялық денелер, текшелер, сыйымдылыққа байланысты суреттер, тірек схемалар Қазақстан картасы.
Түрі: Саяхат сабағы
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Ал, оқушылар біз бүгінгі сабағымызда Қазақстанның ірі қалаларына саяхатқа шығамыз.
- Саяхатқа немен шығамыз?
- Поезбен.
- Поезға отырғызу алдында не тексереді?
- Билет
- Олай болса, психологиялық кезеңді орындайық та, бәрімізде билет алайық!
Арқалық қаласынан бастаймыз. Арқалық ірі қалалар қатарына жатпайды.
Арқалық қаласы — Орталық Қазақстандағы қала. Ол бұрынырақ Торғай облысының орталығы болған. Қазіргі кезде ол Қостанай облысы Арқалық ауданының орталығы. Қаланың негізі 1956 жылы салынды, қала статусына 1965 жылы ие болды. Арқалық қаласынан облыс орталығы Қостанай қаласына дейінгі қашықтық — 480 км, Астана қаласына дейінгі қашықтық — 670 км.
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып біліп ал,
Тепкілесең кетпейді.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: Қостанай қаласы автомобиль жолдары тораптарының бірі.
Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік - батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты террасалы жағада орналасқан.
Жерінің аумағы 8991 гектар. Тұрғыны 205, 5 мың адам (2003). Қостанай осы атыраптағы байырғы елді мекендердің бірі. Оның іргесін 1897 ж. Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған.
Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1893 ж. Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық - әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды.

1. Теңдеуді ауызша шешейік
С*5=450
540: а=60
х: 8=56
a* 7=49

2. Ұзындық бірліктерін атаңдар
Масса бірліктерін атаңдар
Уақыт бірліктерін атаңдар

ІІІ. Жаңа сабақ: Астана қаласы
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 852 985 адам тұрады (1 қаңтар 2015)[3]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
а) «Артық фигураны тап» (ой қозғау, салыстыру)

Қорытынды: мұнда артық фигура – текше, себебі ол көлемді фигура, қалғандары жазық фигура. (Геометриялық фигуралар интерактивті тақта арқылы көрсетіледі).
Нәтижесі: оқушылар геометриялық фигураларды салыстыра отырып, оларға ортақ қасиеттерді және айырмашылықтарын талдай отырып, олардың ішінен текшені бөліп алады. Сол арқылы олардың логикалық ойлау деңгейі жоғарылайды, фигураларды қасиеттеріне қарай тани және ажырата алатын болады.
Текшенің 6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Оның әрбір жағы шаршы, әрбір қыры кесінді, әрбір төбесі нүкте.
Қарағанды қаласы
Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды - өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543, 3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453. 4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар.

Кітаппен жұмыс
№5 Есеп құрастыр және оны шығар
Сатылды 70кг - 3 қап
Қалды 70кг - 3қап
болды -?

Сатылды 70кг - 2 қап
Қалды 70кг
болды -?

Өз бетінше орындау
№6 Теңдеуді шеш
С*5=350
350: a=50
x: 5=70
C*5=300
300: a=50
x: 5=60

Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ,
сол аяқ жаттығу оңай - ақ.
Оңға түзу тұр
Солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Алақанды ұрайық

Алматы қаласы:
Алматы (орыс. Алматы́, Ресейде — Алма́ - Ата́[4]; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік - шығысында орналасқан. Алматыда 1 552 349 адам тұрады (2015)[2]. Алматының ЖІӨ 2010 жылы 18. 8 млрд. АҚШ долларын, ал жан басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрап Қазақстанның ЖІӨ бестен бір бөлігін өндіреді.[5]

Карточкамен жұмыс
Тік төртбұрыштың ұзындығы Тік төртбұрыштың ені Тік төртбұрыштың ауданы Тік төртбұрыштың периметрі
6см 2см??
5дм? 40дм2?
? 4м? 18м

2кг=…. г 4т=….. кг 3ц=….. кг
6т=…. ц 50ц=……т 700кг=…. ц

Салыстыруға шамалар беріледі. Ал балалар тез арада соны есептеп, шығарулары қажет.
10дм 1м5дм 23сағ*2 1тәул 4м 40дм5см
30см 2дм9см 12ц*2 250кг 100жыл*5 500жыл

ІҮ. Бекіту Семей қаласы
Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27, 5 мың шаршы метр.
Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер - құрылығының Географиялық орталығы анықталған.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста - 45 – қа, жазда +45 – қа дейін жетеді.
Қала халқы 300 мың адамнан астам. Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.

Жұбын тап.
Математикалық диктант
Текшенің неше қыры бар?
Текшенің неше жағы бар?
Текшенің неше төбесі бар?
Ұзындығы 6 см, ені 4 см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
Қабырғасы 7 см болатын шаршының ауданы неге тең?
Ең үлкен үш таңбалы санды жаз.

Ү. Қорытынды: Сонымен біз бүгін текшенің көлемімен танысып қазақстанның қалаларына саяхат жасадық саяхатымызды келесі сабақта жалғастырамыз. Ұйымшылдықпен сабаққа қатысып, қайырымдылық жасап, әсем қуыршақ көрдік.

ҮІ. Үйге тапсырма 24 - бет №6 (ә) №7
ҮІІ. Бағалау
5 170
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кубтың (текшенің) көлемін өлшеуді қайталау
Кубтың (текшенің) көлемін өлшеуді қайталау
Геометриялық фигураларды салыстыра отырып көлемін табуға үйрету. Есептерді сурет бойынша құрастыруға баулу. Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.
Бір таңбалы санға көбейту мен бөлу
Бір таңбалы санға көбейту мен бөлу
Бір таңбалы санға көбейту мен бөлу тақырыбын қайталап, оқушылардың білімдерін тиянақтау. Мәтінді есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
Халық қорғаны
Халық қорғаны
Оқушыларды батырлармен таныстырып, тарихпен таныстыру. Олардың ерліктерін үлгі ету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту
Тұсбағар
Тұсбағар
Тұсбағарды пайдалану тәртібімен таныстыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқағыштыққа, өз беттерімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Куб және оның көлемі
Куб және оның көлемі
ШҚО, Семей қаласы, «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Оспанова Индира Алимханқызы
Көлемді өлшеу
Көлемді өлшеу
Қызылорда қаласы № 197 қазақ орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашова Гүлжазира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×