Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдепті бала – әдемі бала

26 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Әдепті бала – әдемі бала»
Сабақтың мақсаты: 1. Әдептілік туралы үйрету.
2. Кішіпейілдікке, сыпайылыққа, биязылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Сөздік қорын арттыру, танымдылық қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер: Сөздер, мақалдар, суреттер, слайд, күнтізбе.

Мотивациялық - қозғаушы
Маманның қызметі
Сәлемдесу.
Сұрақ - жауап:
Суретпен жұмыс (жыл мезгілдері)
- Қазір қай мезгіл? (Көмекпен еске түсірту, ерекшеліктерін айтып)
- Көктемнің нешінші айы?
- Екінші айы қалай аталады?
- Бүгін сәуір айының нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Армысың, жылы Күн!
Армысың, көк аспан!
Күніміз жарық болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Көк туымыз биік болсын!

Іздену - Ұйымдастырушы
- Мынандай хат келіпті. Оның ішінде әртүрлі тапсырмалар бар екен.
1 - тапсырмада тақпақтар жазылыпты. Мен оқып берейін:
1. Атам маған әрқашанда,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.

2. Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің,
Сәлемдесіп қол берем.

3. Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.

4. Ата менен ананың,
Айтқан тілін аламын.
Үлкендерден содан да,
Ылғи алғыс аламын.
5. Төсекті өзім жинаймын.
Ешкімді де ұрмаймын.
Ешкім маған тимейді.
Мен де бәрін сыйлаймын.

2 - тапсырма
Мақал - мәтел оқып, талдау.
1. Әдепті бала - арлы бала.
Әдепсіз бала - сорлы бала.
2. Әдепті бала, ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала, ата - анасын қақсатар.
3. Көргенді бала - жол сілтейді,
Көргенсіз бала – қол сілтейді.

Сергіту сәті:
Жай оң қолыңды оң жаққа,
Жай сол қолыңды сол жаққа.
Екі қолды белге ұстап,
Алға қарай бір аттап,
Артқа қарай бір аттап,
Қос аяқпен топ - топ,
Алақанды соқ - соқ.

3 - тапсырма
Тыйым сөздер айту:
1. Үйге жүгіріп кірме.
2. Біреудің кемтарлығына күлме.
3. Құстың ұясын бұзба.
4. Құмырсқаның илеуін бұзба.
5. Жалғыз ағашты шаппа.
6. Суға түкірме.
7. Гүлді жұлма
8. Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе.
9. Нанды аяқтың астына тастама.
10. Босағаны керме.

4 - тапсырма
Ойын: «Әдептілік ағашынан сиқырлы жемістерін теру»
Мақсаты: Алмаларға сөздер жазу. «Сәлеметсіз бе», «Сау болыңыз», «Рахмет», «Кешіріңіз», «Ризамын», «Рұқсат па?» Осы сөздерді теріп алу.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
34 120
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Әдепті сөздер
Әдепті сөздер
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хайруллина Ұлмекен Сейтқалиқызы
Мен Қазақстан Респуликасының - азаматымын!
Мен Қазақстан Респуликасының - азаматымын!
Сабақтың тақырыбы:Мен Қазақстан Республикасының – азаматымын
Мен болашақты суреттеймін
Мен болашақты суреттеймін
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Ақбота» балабақшасының информатигі: Рахымбергенова Гулназ Ғалымжанқызы
Әдептілік – әдемілік
Әдептілік – әдемілік
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Орынтай Хасеновна
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×