Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Отан» Ж. Смақов

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Отан». Ж. Смақов
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ж Смақовтың «Отан» өлеңінің мазмұнын меңгерту.
Ж. Смақов туралы мағлұмат беру. Отан туралы оқушыларда жақсы түсінік қалыптастыру, Отан сөзінің мәнін түсіндіру. Балаларға сөзжұмбақты орындату арқылы ақыл - ойын дамыту, көркем сөзбен теңеу таба білу қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту. Балаларды Отанын қорғауға, достықты нық ұстауға, табиғатты аялап, бір - біріне жақсы тілек арнап, ауызбіршілікте, сыйластықта болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірме.
Сабақтың түрі:
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, топтардың аттары белгіленген парақ, Ж. Смақов портреті, түрлі - түсті ленталар, «Сиқырлы қалпақ» ойынына қажетті құралдар.

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
Оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне жинаймын.
Шаттық шеңберінде хормен «Отан» әнін орындаймыз.
Топқа бөлу

II Негізгі бөлім
Әр топқа сұрақ қою арқылы топтардың атын анықтау.
1 - топқа:
- Ұлттардың бірлігі, татулығы
- Достық
- Ендеше бірінші топ «Достық» тобы атанады.

2 - топқа:
- Мемлекеттік рәміздердің бірі
- Елтаңба
- Ендеше екінші топ «Елтаңба» тобы

3 - топқа:
- Ұлттың аты
- Қазақ
- Олай болса, үшінші топ «Қазақ» тобы болады.

4 - топқа:
- Сені өмірге әкелген мейірімді жан
- Ана
Жарайсыңдар, сіздің топтың аты «Ана» тобы.

Мұғалім:
Балалар, әр топтың аты белгілі болды. Ендеше топтың ережесін ескере отырып, сабақты бастаймыз.
1 - ереже:
Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!
2 - ереже:
Нақты, дәл жауап береміз!
3 - ереже
Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!
4 - ереже
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

- Сөзжұмбақта тігінен қоңыр түсті торкөздегі сөзді бәріміз бірге дауыстап оқимыз.
- Отан деген сөз.
- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
(Әр топтың жауаптарын тыңдау. Өткен сабақпен байланыс)

- Балалар, өткен сабақта да сіздер Отан туралы әңгімелеген боласыздар. Ол әңгіме қалай аталады?
-«Қартқожа» әңгімесі
- Ол әңгіменің авторы кім?
- Ж. Аймауытов

Суретпен жұмыс
Сұрақ қою арқылы суретпен жұмыс жүргізіп, жаңа сабаққа келемін.
- Балалар, бүгін де Ж. Смақовтың «Отан» деген өлеңімен таныс боламыз.

Оқулықпен жұмыс
(Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды)

Топтық тапсырма. Дәптермен жұмыс.
«Достық» тобы Отанға байланысты, «Елтаңба» тобы аспанға байланысты, «Қазақ» тобы тауға байланысты, «Ана» тобы гүлге қатысты көркем сөздерді тауып, топ болып ақылдаса дәптерлеріне жазып алады. Әр топ өздерінің тапсырмасын өзге топтарға оқып, олардың да пікірлерін тыңдайды.

Ойын: «Сиқырлы қалпақ»
Ойын ережесі бойынша сиқырлы қалпақ қай оқушыға тап болса, сол оқушы сиқырлы қалпақ тапсырмасын орындайды. «Отан деген не?» сұраққа жауап беретін сөздермен толықтырады.
Отан

Тәуелсіз Қазақстан
өлке
туған бауыр
табиғат
мөп - мөлдір аспан
туған жер
ана

III Қорытынды бөлім
Үйге тапсырма
- Балалар, үйден ақынның Отанды неге теңегенін түсініп оқып, өлеңді жаттап аласыздар. Отан туралы өздеріңіз де шағын әңгіме құрып көріңіздер.

Бағалау
Балалар әр топ өзге топтың сабаққа қатысына баға береді. Мұғалім қорытындылайды. Сабақты бекіту үшін балаларды ортаға шеңбер бойына тұрғызып, әр бала бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен айтар ұсыныс тілектерін ортаға салады.

Мұғалім:
- Балалар, мен сіздерге ризамын. Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар, шеберліктеріңіз бен достықтарыңызды, ақылдылықтарыңызды таныта білдіңіздер, жарайсыздар. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл дегендей, барлық адамның Отаны болғаны жақсы. Біздің тәуелсіз Отанымыздың болашағы сіздер, сіздер білімді, әдепті болыңыздар. Отанымызды қорғайық, аман болайық.
4 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
Жақан Смақов «Отан»
Жақан Смақов «Отан»
Оқушылардың туған елі, Отаны туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Жақан Смақов «Отан»
Жақан Смақов «Отан»
Біздің Отан анамыз Қазақстан республикасы. Біздің ата - бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып өсті. Бізде осында туып өстік. Өз ана тілімізде сөйлейміз. Мұндағының бәрі бізге етене жақын. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. Отанымыз бізді нанымен,
Жақан Смақов "Отан"
Жақан Смақов "Отан"
№ 65 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Салтанат Карыбаевна
"Отан" Ж.Әбдірашев
"Отан" Ж.Әбдірашев
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы Абай атындағы № 90орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына.  Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына. Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Каратаева Майя Исимкуловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×