Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолғабыс М. Төрежанов

01 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы, «№1 орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Ғалия Қалышовна

Тақырыбы: М. Төрежанов. Қолғабыс.
Жалпы мақсаты
Оқушыларға М. Төрежанов және қазақ халқының салт - дәстүрлері жайлы мағлұмат беру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Оқу нәтижесі Сыни тұрғыдан ойлай алады. Қазақтың салт - дәстүрін жақсы түсінеді. Мәтінді өзіндік сыни көзқараспен талдай алады. Шығармашылық қабілеттері дамиды. Алған білімдерін өмірде пайдалана алады.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды таңдаған түстеріне орай топқа бөлемін.
Қызыл – белсенділік пен өмірдің, күш - қуаттың түсі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік - жігерлі адамдар ұнатады. Олар алдынан кезіккен қандай кедергіден де қорықпайды.
Сары – жылу мен жарықтың түсі. Сары түс белсенді, өте көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынған адамдар.
Жасыл – тыныштық пен тұрақтылықтың түсі. Бұл адамдар жұмысқа беріле кірісіп, барлық күш жігерін жұмсайды.
Көк – адамдар арасындағы қарым - қатынасты ең жоғары бағалайды. Олар зұлымдықты, сатқындықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.
Ақ – шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл және қызба келеді. Тез еліктегіш, өзінің ықпалына жеңіл беріледі.
Топ ережесі:
1. Тәртіп, тыныштық.
2. Өзара сыйластық.
3. Уақытты тиімді пайдалану.
4. Көмек, өзара көмек.
5. Өз көзқарасын білдіру.
6. Топ жұмысына белсене араласу

2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Берілген мәтінінің мазмұнын өз ойларымен аяқтау.
ә) Ана туралы жазып келген эсселерін «автор орындығы» стратегиясы бойынша оқыту.

3. Қызығушылықты ояту.
Мультфильмнен үзінді көрсетемін. Үзіндіден оқушылар жаңа сабақтың тақырыбы мен идеясын табады.

4. Мағынаны тану
1/ Оқушылар мәтінді өз беттерімен оқып шығып, бір - бірімен түсінгендерімен бөліседі (жұптық, топтық жұмыс жүреді). «Аквариум» стратегиясы
2/ Топтық жұмыс.
1 - топ Мәтін мазмұнына байланысты сурет салады.
2 - Топ Атасы мен немересінің арасындағы диалогты рөлге бөліп, сахналайды.
3 - топ Мәтін мазмұнын ашатын мақал – мәтелдер жазып, мақалдың мағынасын ашып береді
4 - топ Жуан және жіңішке сұрақтар стратегиясы. Сұрақтарға жауап береді.
1. Атасы Арғынды неге ертіп келді?
2. Арғын атасына көмектесе алды ма?
3. Еңбек ету ауыр ма, әлде жеңіл ме?
4. Атасы Арғынға не үйрете алды?
5. Сенің ойыңша Арғынның күні қалай өтті?

5. Сергіту сәті.

6. Ой - толғаныс.
1. «6 қалпақ» ойлау стратегиясы арқылы ой қорыту.
Ақ қалпақ – тақырыпқа шолу.(ақпараттар, фактілер)
Сары қалпақ – оқиғаның жағымды жақтары.
Қара қалпақ – жағымсыз жақтары.
Қызыл қалпақ – эмоция, сезім.
Жасыл қалпақ – шығармашылық үлес.
Көк қалпақ – қорытындылау.

7. Үйге тапсырма.
Мәтінді мазмұндау.

8. Бағалау.
1. Өзін – өзі бағалау парағы арқылы бағалау
2. Көңіл - күй картасы
3 695
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
М. Төрежанов «Алғыс»
М. Төрежанов «Алғыс»
Әдебиеттік оқу 3 сынып Сабақтың тақырыбы: М. Төрежанов «Алғыс»
Қаңқа бөлімдері
Қаңқа бөлімдері
Оқушылар тақырыптың мазмұнын түсінеді, алған білімін өмірде қолдана алады, сыни ойлауға үйренеді.
Мәдіхат Төрежанов "Қолғабыс"
Мәдіхат Төрежанов "Қолғабыс"
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатканова Жаңыл Мухановна
Гүл - өмірдің сәні
Гүл - өмірдің сәні
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Есенбаева Несібелі Тағанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×