Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас атасы - нан

04 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жолдыбаева Құндыз Батырқызы

Мақсаты: 1. Асты қадірлеуге үйрету
2. Нанның дастарқанға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек ететіндігін түсіндіру.
3. Еңбек адамдарын сыйлай білуге, әр адам нанды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нан туралы нақыл сөздер, слайд, нанның түрлері, наннан жасалатын тағамдар.

БАРЫСЫ
І. Кіріспе бөлім
Мұғалім:
Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан - байлық. Дастархан басында әрбір түйір нан қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды. Жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек. Ыбырай Жақаев атымыз: Егер менен Әлемдегі ең асыл не? – дей қалса, бөгелместен: "Нан" – деп жауап берген болар едім. Себебі нан – әлемнің жарығы, Күннен нұр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады’’ - дер едім деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар. Бүгінгі 1 «б» сынып оқушылары сіздердің назарларыңызға «Ас атасы - нан» атты шараларын ұсынады. Қабыл алыңыздар!
1 - оқушы:
Қырман басы – береке,
Көп жүрген жер - мереке.
2 - оқушы:
Жеріңе жақсылық қылғаның,
Тасыды дей бер қырманым.
3 - оқушы:
Егін ексең тыңға,
Шықтым дей бер шыңға.
4 - оқушы:
Дастарқанында наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
5 - оқушы:
Қамбасында дәні жоқтың,
Дастарқанында наны жоқ.
6 - оқушы:
Тістем нанның қадірін
Тарыққанда білерсің
7 - оқушы:
Қоқыс көркі – там,
Дастарқан көркі – нан.
8 - оқушы:
Нан – тамақтың атасы,
Ынтымақ - көптің батасы.
9 - оқушы:
Жақсылап жыртып жеріңді,
Кезінде ексең егінді,
Аларсың мол өнімді.
10 - оқушы:
Нан – ардақты адал ас,
Кәрі – ас оны аттамас.
11 - оқушы:
Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан.
Дастарқаннан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.
12 - оқушы:
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
13 - оқушы:
Менің елімнің Елтаңбасында бидайдың суреті бейнеленген. Ол біздің Отанымыздың байлығын көрсетеді. Біз оны мақтанышпен айта аламыз!
14 - оқушы:
Нанға үлкен жүрекпен қараңдар,
Нанды өмір деп санаңдар.
14 - оқушы:
Нанды Тумен бірдей сүйген.
Қасиетті халқымнан айналайын.
15 - оқушы:
Сылтау іздеп тұрғаным жоқ сыныққа,
Нан алдында аласа ғой ұлық та,
16 - оқушы:
Халқым, ұмытсаң да, бір үзім
Нанның қадір қасиетін ұмытпа!

ІІ. Негізгі бөлім
- Оқушылар, ендігі кезекте топқа бөлініп сайысқа түсейік.
Балаларды топқа бөлу:
1 - топ: Бауырсақ
2 - топ: Таба нан
3 - топ: Тоқаш
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
1 - кезең –«Қайдан келдің?»
2 - кезең - Мақал - мәтелдер (жалғасын табу)
3 - кезең - Тыйым сөздер
4 - кезең - Үй тапсырмасы (алып келген нан түрлерін көпшілікке ұсыну)

І кезең: «Қайдан келдің...?»
Әр топ атауларындағы нан түрлерінің жасалу жолдарын айта отырып, өздерін таныстырады
ІІ кезең - Мақал - мәтелдер
1. Нан – (береке) бастауы.
2. Нан көп болса, (қарның тоқ болар. )
3. (Нан) – күш қуат көзі.
4. Нан – адам баласының басты (байлығы. )
5. Алтын – тас, (дақыл – ас. )
6. Ақ бидайдың қадірін (ашыққанда білерсің. )
7. Қоныс көркі - там, (дастархан көркі – нан. )
8.( Нан) – астың басы.
9. Дастарханында наны жоқтың
Тамағының.... жоқ.(дәмі)
10. Нан болса,... болады.(ән)
11. Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда...(білесің)
12. Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса... (баспаңдар)
ІІІ кезең - Тыйым сөздер
1. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3. Нанды аяқ астына тастама.
ІV кезең - Үй тапсырмасы
Оқушылар алып келген нан түрлерін көпшілікке ұсынады

ІІІ. Қорытынды бөлім
Мұғалім:
Нан болмаса бағаңның кетерi бар
Нан мен ғана өмiрдiң өтерi бар
Жол да жатса егер де бiр үзiм нан
Арланбай - ақ, сен оны көтерiп ал!

Шындығында да, балалар, нанға үлкен жүрекпен қараңдар!- дей келе бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп тамашалауға келгендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Нанымыз көп болсын!
11 842
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас атасы – нан
Ас атасы – нан
"Ас атасы – нан" екенін түсіндіру. Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
Еңбектің наны тәтті
Еңбектің наны тәтті
Адам еңбегін бағалай білуге, нанның дастарқанға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсінеді, еңбек адамдарын сыйлай білуді үйренеді; оқушыларды мәнерлеп оқи білуге машықтанады.
Нан дастарханға қалай келді?
Нан дастарханға қалай келді?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының мұғалімі Кубегенова Жумагул Калыбаевна
Нан дастарханға қалай келеді
Нан дастарханға қалай келеді
Жалпы білім беретін № 6 орта мектептің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Айжан Базарбайқызы
Нан туралы аңыз
Нан туралы аңыз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жәлел Ботакөз
Нан - дастархан байлығы
Нан - дастархан байлығы
Нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. Өмірден алған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×