Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зат есімнің септелуі

06 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы,
15 жылдық Қазақстан ауылы, Жаманшұбар негізгі мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Жетписова Гүлнұр Қаратайқызы

Тақырып: Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты: а) Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгеру.
ә) Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру, белсенділігін арттыру, ойлау жүйесін дамыту.
б) Сауаттылыққа, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, ізденушілік, топпен жұмыс, түсіндіру, жазбаша жазу жұмысы, ойын, ой толғау.
Көрнекілігі: «Алтын қақпа» ойынындағы тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа, алтын сандық, сегіз киіз үй, карточкалар, жеті септіктің сұрақтары мен жалғаулары жазылған плакат, кубик.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қазақ тілім - өз тілім - ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама, ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма беріліп еді?
- 279 - 280 - жаттығу жазуға берілді.
Қазір мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер жауап беріп отырсаңдар. Үй тапсырмасын тексеру арқылы жаңа тақырыптың аты шығады.
1. 279 - жаттығу. Бірінші жолдағы сөздер қай сөз табына жатады? (Негізгі етістік)
2. Екінші жолдағы сөздер ше? (Сын есім)
3. Осы сөздерден қандай зат есім жасап жаздыңдар? (Туынды зат есім)
4. 280 жаттығу. Қандай зат есімдерді таптыңдар? (Достық – туынды зат есім).
5. Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)
6. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)
7. Заттың санын білдіретін сөз табы. (Сан есім)
Сонымен үй тапсырмасын тексеру арқылы жаңа тақырыптың аты шықты. Бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты «Зат есімнің септелуі» деген тақырып.

Тақтада: Оқушылар орманға саяхатқа шықты.
Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары дейміз.
Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз.
Зат есімнің септік жалғауларын айтып өтемін.
Атау септік Кім? Не?
Атау септігінің өзіне тән арнайы қосымшасы болмайды. Ол заттарды түбір күйінде атап көрсетеді. Бастауыш мүшесінің қызметін атқарады.
Сонымен сөйлемдегі жалғауларды алып тастағанда сөйлем байланыспайды. Бұл жалғаулар зат есім сөздерін бір - бірімен байланыстыру үшін жалғанады. Бұл сабақта барлығымыз «Білім еліне» саяхатқа шығамыз. Мына өлең жолдарын айтып өтемін
Шіркін - ай ғалым болсам,
Тілдескен даналықпен.
Әлемге мәлім болсам,
Ашқан көп жаңалықпен.
Шіркін - ай әнші болсам,
Кәдімгі күміс таңдай.
Шіркін - ай батыр болсам,
Айбатты арыстандай.
Әншінің, ақынның да,
Жанына білім қорек
Бүгінде батырдың да
Өзіне білім керек.
Көзіңнен күлімдеген,
Бір ұшқын сезіп пе ең сен.
Алдымен білім деген,
Бәйгеден озып кел сен.
Оқудың озатына,
Арман да таяу болар.
Білімнің боз атына,
Мінбеген жаяу қалар.

«Білім» деген ғажайып елге жету үшін көп еңбек етіп, білімімізді ортаға салайық. Оған жету жолында ертегілерде айтылатындай көптеген кедергілерден өтуіміз қажет. Бұл кедергілер біздің «Алтын қақпа» ойынында кездеседі. Бұл ойынды теледидардан көріп жүрсіңдер. Қайсы топ осы ойындағы әр қақпаның сұрағына жауап берсе, «Білім елінің» білімді азаматы болмақ. Осы қақпалардан өту үшін топ болып жұмыс істейміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 676
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жатыс септік
Жатыс септік
Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгереді, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Көмектес септік
Көмектес септік
Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру. Сөйлем ішінен көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Оқушыларға зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, септік жалғауларымен таныстыру, олардың сұрақтарын меңгерту;
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Пирманова Гульжамила Альзакқызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×