Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б дыбысы мен әрпі

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Сымбат» ЖМ бастауыш класс мұғалімі
Бақтыбаева Гүлшат Санақбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі (2 сағат)
Сабақтың мақсаты: б дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал - мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру, сауатты жазуға және оқуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнектілігі: кеспе әріптер, аң, шаңғы, жаңғақ, қоңырау суреттері, слайдтар мен флипчарттар
Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, әңгімелеу
Пән - аралық байланыс: еңбекке баулу, дүниетану
Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:
I. Өлең оқу.
- Шөп - шөп, шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер, жем берейін,
Дәнге толы алақаным, -
деп мұғалім өлеңнің не туралы екенін оқушылардан сұрап, балапан сөзін шығарып алады. Сөздің қай дыбыстан басталып тұрғанына назар аудара отырып, б дыбысын анықтатады, оның әрпімен таныстырады
Мұғалім оқулықтың 74 - бетіндегі суреттерге сүйеніп, буындарды жалғастыра оқытады.
Берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтырады, сөздік жұмысы қатар жүреді.

II. Жазу дәптерінің 27 - бетіндегі б әрпінің баспа және жазба түрлерімен оқушыларды таныстырып, б дыбысының кіші әрпі мен сөздерді жазуға жаттығу жұмысы ұйымдастырылады.

III. Оқулықтағы мазмұнды суретпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту мақсатында мұғалім
бағыт беріп отырады. Оқушылар әңгімеге ат қояды.
Берілген дайын мәтінмен талдау - жинақтау жұмысын жүргізе отырып, мұғалім оқушылардың өз сөзімен сөйлеуіне жағдай туғызу жолдарын қарастырады.

IV. Жазу дәптерінің 28 - бетіндегі б дыбысының бас әрпі мен кісі
аттарын жазуға арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Сөздерді жалғастырып жазуға үйретіледі.
Әріптерді өзара байланысып жазылуы мен олардың орналасу тәртібін сақтауға баса назар аудару қажет.

V. Оқулықтың 75 - бетіндегі «Бақшада» тақырыбындағы мазмұнды суретке әңгіме құрастыру жұмысы ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың зейінін суреттегі түрлі көріністерге аудар отырып, олардың өз ойларын жүйелі жинақтап, әңгімелеуге бағыттайды.
Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраудың тиімді жолдарын көрсетеді.

VI. «Не өсірді? Кім өсірді?» ойыны. Оқушылар осы ойын арқылы
кім? не? сұрақтарына жауап беруге дағдыланады. Мысалы: шалқан
өсірді. Атам өсірді. Еркін өсірді. т. б.
Оқушылардың барлығы оқып болған соң, оларды жазу дәптеріндегі бос жолдарға көшіріп жазу тапсырылады.
Сабақ оқушылардың еңбегін марапаттаумен аяқталады.

2 - сағаты
Сабақ барысы:
I. Сабақ өткен материалды пысықтаудан басталады. Ол үшін өткен әріптерден құралған сөздерден тұратын диктант жазғызу қажет. Диктант
Дәптердегі бос жолдарға жазылады.
Оқулықтың 76 - бетіндегі сызбамен берілген буындардан сөз құрап оқыту жұмысы ұйымдастырылады. Сөздерге барлық талдау түрлерін жасауға болады.

II. Жазу дәптерінің 29 - бетіндегі үлгіге қарап, б әрпі мен оқушылар
оқыған сездерін көркем етіп жазады.

III. Оқулықтағы «Бөлме» мәтіні талданады. Талдауға оқушылардың толық қатысуы қамтамасыз етіледі. Әңгіме үшінші жаққа ауыстырылып айтылады.
Осы беттегі «Оқы, суреттен көрсет» логикалық ойыны орындалады.

IV. Жазу дәптеріндегі тірек суретіне сәйкес сөздер көркем етіп жазылады. Оқушыларды сөйлем жазуға машықтандыру жұмысы жалғастырылады.

V. Оқулықтың 77 - бетіндегі берілген тақырыпқа сәйкес суреттер бойынша әңгіме құрастырылады. Оқушыларға төмендегі тірек сөздерін пайдалану қажеттігін ескерткен жөн.

VI. Сабақты қорытуға арналған логикалық жаттығу жүргізіледі.
Осы жаттығу жұмысының қорытындысы бойынша оқушылардың білімі, білігі мен дағдысының қалыптасу бағытын айқындауға болады.

Слайдты жүктеу
6 370
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
У дыбысы мен әрпі
У дыбысы мен әрпі
У у дыбысына берілген сөздерді оқуға дағдыландыру. У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсіндіру
Н дыбысы мен әрпі
Н дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сагинбаева Жанар Жайбергенқызы
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпі
Ш дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ш дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ш дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×