Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санын қосу және азайту

10 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика пәні 1 «а» сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту (4+4, 8 - 4)
Сілтеме: Математика оқулығы 1 сынып Т. Қ. Оспанов, Қ. Ә. Өтеева, Ж. Т. Қайыңбаев, К. Ә. Ерешева, М. В. Маркина
Күнтізбелік жоспар, Мұғалімге нұсқаулық, слайд
Жалпы мақсаттар: 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және азайту тәсілімен танысады. Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілеті артады, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады. Өз бетінше есептеуге үйренеді. Сандар құрамын еске түсіреді.
Оқыту нәтижесі: оқушылар өздерін еркін ұстайды және өз бетінше жұмыс істейді; 10 көлемдегі cандарға 4 санын қосып және сандардан 4 санын азайта алады.
Түйінді идеялар Тапсырмалармен жұмыс жасау, талдау жасау.
Өз түсініктерінің негізінде әрекет ету, 10 көлемдегі cанды қосып, саннан азайта алу.
Сабақта қолданылатын материалдар: сергіту сәті бейнежазба, слайд, постер
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалог арқылы оқыту, АКТ, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.
Тапсырмалар: №1,№2,№3,№4,№5
Бағалау: Бағалау парағына баға қояды.
Кері байланыс: 1. Не үйрендім? 2. Сұрағыңыз 3. Сабаққа пікіріңіз
Келесі тапсырылым: 112 бет №4 жасыл қоршау

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады.
Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.
Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс.
Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында
Шеңберде тұрып, ойын ойнайды.
оларды шатастырып айтады.
Цифрлар арқылы 4 топқа бөлу.
Топқа бөлінеді.
Өткен сабақты еске түсіру.
Алмаларды жина.
Постермен жұмыс.
Ой қозғау:
Логикалық есептерді шешеді.
1. Ал балалар, балалар
Қағазбенен қалам ал,
Екі ешкінің мүйізі,
Қане кімдер табады?
Сонда қанша болады. (4 )
Тал басында тізіліп,

2. Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да, үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып,
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)

3. Он қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 4 саусақ
Алақанды ашамыз,
Бесті төртке қосамыз.
Кел санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы? (9)

4. Сегіз қарындаштың төртеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (4)

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 4 санын қосу және азайту.
Мақсатын хабарлау.
Алдыңғы сабақтарда өткен 2 саны мен 3 санының қосу кестесін еске түсірейік.
Дәптермен жұмыс: 10 санын көркем етіп жазамыз.

Оқулықпен жұмыс.
№ 1. 4+4 8 - 4 5+4 9 - 4 6+4 10 - 4
Кел, ойнайық! Балықтарды аквариумға орналастыр.
Кім жылдам?
№ 2. 4+4 8 - 4 6+4 10 - 4

Сергіту сәті:
Бейнежазбадан «Көңілді күн» биін билейді.

№3. Үш сан аттай отырып сана және сандарды ата: өсу ретімен 4 - тен бастап; кему ретімен 10 - нан бастап.

№5. Ш: Өрік – 3 түп
Шие – 4 түп
Барлығы -? түп
Ш: 3 + 4 = 7
Ж: 7 түп ағаш отырғызды.

Кері байланыс:
1. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
2. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
3. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6 торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?
4. Асанда 5 теңге болды. Ол 4 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
5. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 5 - еуі кем. Қыздар нешеу?
6. Үстелде 6 кітап және одан төртеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?

Бағалау.
Рефлексия
Сабаққа пікірлерін айтады. Смайлик арқылы көрсетеді.
2 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және азайту тәсілімен таныстыру. Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілеті артады, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады.
1 санын қосу және азайту
1 санын қосу және азайту
Оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Манғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акоразова Бактыгул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×