Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қолғабыс М. Төрежанов

10 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Зульфия Жумабаева Алматовна

Сабақтың тақырыбы: «Қолғабыс» М. Төрежанов

Сабақтың мақсаты
а) Білімділігі: Оқуға қызығушылығын ояту, түсініп оқу, жүйелі баяндауға, өз ойын, пікірін ашық жеткізе білуге үйрету, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
ә) Дамытушылығы: Оқушының сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету. Шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.
б) Тәрбиелігі: Оқушылардың қауымдасып жұмыс істеуге, бірінің пікірін тыңдауға, адамгершілікке үлкенді сыйлауға, адалдыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру
Сабақтың әдісі: «Жигсо - 1»
Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба, кестелер, мақал - мәтелдер
Қолданылатын стратегиялар: ой
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
* Психологиялық дайындық
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларды үш топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сурет салғым келмейді.
«Үш қадамды сұхбат» арқылы сұралады.
1 - сұрақ беруші, 2 - жауап беруші.

ІІІ. Жаңа сабақ
1) Қызығушылығын ояту
«Кезбе тілші» әдісі
Бейне ролик көрсету арқылы қолғабыс туралы ассоциация құру.
«Қолғабыс» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер?
Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іліңдер.(1 мин.)

2) Үш топқа тапсырма беру.
1 - топ «Үлкенге көмек», «Қолғабыс» тақырыбында өлең шығару.
2 - топ Өнер, еңбек туралы мақал - мәтел айту.
3 - топ. Тірек сөздер: Ата, көмек, сыйлау, тыңдау

- Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы: М. Төрежановтың «Қолғабыс»әңгімесі
Автор туралы айту.
Төрежанов Мәдіхат (1921 - 1996) 30 сәуірде Ақмола облысы Алексеевский ауданы, «Трудовой»ұжымшарында дүниеге келген.
1941жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы мектепте мұғалім, Ақмола қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институтында кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеген«Бітпеген ойын», «Тең ойын», «Шегіртке мен ара», «Қанатбек пен Жанатбек» прозалық кітаптардың авторы. «Құрмет белгісі»орденімен бірнеше рет марапатталған.

3) Мағынаны түсіну.
* Мәтінмен жұмыс
«Жигсо - 1»әдісімен мәтінді оқыту. Мәтінді алдын ала үшке бөлемін Әр топтағы балаларды түспен үш топқа бөлемін. Эксперт топтағы балалар берілген мәтін бөлімін өз беттерінше оқиды. Сонан соң түсінгендерін топта бір - біріне баяндап, мазмұнын талдайды. Эксперт топтағы балалар негізгі топтарына қайта оралады. Негізгі топтан әр оқушы оқыған мәтін бөлімін ретімен баяндап, өз бөлімі бойынша жанындағыларға түсіндіреді. Осылайша мәтіннің толық мазмұны негізгі топта мазмұндалып, түсіндіріледі.
«Аквариум» әдісімен әр топтан өз ұсыныстары бойынша оқушылар тақтаға шығады. Олар мәтін мазмұнын баяндайды.
Сөздікпен жұмыс.
Бидайық - көп жылдық (астық тұқымдас) жабайы өсімдік.

Сергіту сәті
Сөзжұмбақ шешу
Тоқым қағу.
Баланың «бәсіре»ғып ен салған құлыны да арқалы ат болып шыға келеді. Бала осы бәсіремен бірінші рет алыстау сапарға шыққанда әке - шеше баласының тоқым қағарын өткізеді. Бұл - ақ ниетпен, адал көңілмен атқарылатын міндет: ұл өсірген қазақ бұдан аттап өткен емес. Мұнда тізгін мен шылбырға баланың өзі ие. Өз бетімен бір жұмысты бітіргелі, не көмектескелі кетіп барады. Бұның өзі бір есеппен еркелікті қоятын естіліктің алды. Былайша айтқанда, тоқым қағу - баланы еңбекке баулудың, қазақша тәрбиенің басы.

Бала тәрбиесіне байланысты халықтың салт - дәстүрлері
Қозы жасы. Бала он жастан асқан соң қозы бағуға жарап, «қозы жасына келді» деген жорамен тілеу тілеп, мал атап сояды.
Тілашар. Бала түрлі дыбыстарды шығара бастаған шақта тіл беріп, ырым жасайды. Тапсырма

1 - топ Өзіңнің алғаш рет қандай үлкен іс атқарғаныңды әңгімеле.
2 - топ Мәтінге сүйеніп Көктомарда Арғынның немен айналысқанын санамалап айтып беріңдер.
3 - топ Мәтіннен диалог сөздерді тауып оқу.

Толық нұсқасын жүктеу
7 132
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сөз және оның құрылымы
Сөз және оның құрылымы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Опорный орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Зульфия Жумабаева Алматовна
Мәдіхат Төрежанов "Қолғабыс"
Мәдіхат Төрежанов "Қолғабыс"
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатканова Жаңыл Мухановна
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Бір кесе меруерт
Бір кесе меруерт
Мәтіндегі ақынның шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу, әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна Білімділігі: Білімділік. Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары-
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×