Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарыштан жердің көрінісі. Күн.Жер.

11 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Үржарауданы, Үржар ауылы
«Б. Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ - сі
Бастауыш сынып мұғалімі Байсугурова Алия Кабаевна

Сабақтың тақырыбы: Ғарыштан жердің көрінісі.
Сабақтың мақсаты: Ғарыштан жердің көрінісі, Күн, Жер туралы түсінік беру. Ғарышты зерттеудегі Қазақстанның үлесі негізінде оқушының мақтаныш сезімін ояту.
Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушыларға ойлау жүйесіне қозғау салатын тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың шығармашылық қабілеті артады. Сөздік қоры кеңейеді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
II. қызығушылықтарын ояту.
Жұмбақ жасыру.
1. Жылт – жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.
( Жұлдыз)
2. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
( Күн)
3. Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.
( Ай)
4. Алып кілем -
Гүлге толы
Үсті кілең.
( Жер)

Жұмбақтың шешуі болған атаулары бойынша топқа бөлу.
1 топ –«Жұлдыз»
2 топ – «Күн»
3 топ – « Жер»
4 топ – « Ай»
1. Топтағы жұмыс ережесін қайталау.
2. Топ басшысын сайлау.
3. Бағалау парағымен таныстыру.

III. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест арқылы тексеру. Өзін – өзі бағалау.
1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?
А) ғарыш Б) планета
Ә) галактика В) метеорит
2. Жерге ең жақын жұлдыз?
А) Ай Б) Шолпан
Ә) Күн В) Марс
3. Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?
А) галактика Б) жердің серігіне
Ә) күн жүйесіне В) жер шарына
4. Ғарышқа жол нешінші жылы ашылды?
А) 1961 жылы 12 сәуір Б) 1991 жылы 2 қазан
Ә) 1957 жылы 4 қазан В) 1945 жылы 9 мамыр
5. Күн жүйесіндегі планеталарды толықтыр:
Жер, Марс, Меркурий, Плутон,...,...,...,...,....
- Ал енді балалар, жұмыстарыңды өздерін тексеріп, өз - өздеріңді бағалап шығыңдар.
«5» - қате жоқ.
«4» - 1 қате.
«3» - 2 – 3 қате.

IV. Ой қозғау.
- Ғарыш дегеніміз не?
- Жақсы балалар, ал енді бәріміз көңілімізді экранға аударайық.

V. « Стоп – кадр»
- Балалар, және біз бейне үзіндіден нені көрдік?
- Ол не деп ойлайсыңдар?
- Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы: Ғарыштан жердің көрінісі. Күн. Жер.
- Жақсы балалар, ал енді бүгінгі тақырыбымыздың мағынасын ашып алу үшін оқулықтағы 97 бетті ашып оқимыз.

VI. Оқулықпен жұмыс.
Топтарға мәтінді абзацқа бөліп оқыту.
1 «Жұлдыз» тобы: 1 бөлім. Жерден басқа Күн жүйесіндегі...
Жер бетін қара түнек басар еді.
2 « Күн» тобы: 2 бөлім. Ғаламат суықтың салдарынан....
Сан алуан табиғат құбылыстары тоқтап қалар еді.
3 « Жер» тобы: 3 бөлім. Күн күн жүйесіндегі орталық жұлдыз екенін...
Осы ілімді одан әрі зерттеп жалғастырады.
4 « Ай» тобы: 4 бөлім. Адамдар ерте кезден - ақ Күн қуатын....( соңына дейін оқиды.)

VII. Сергіту сәті. ( Музыкалық әуенмен)
VIII. 1. Постермен жұмыс.
1 топ: Жер туралы.
2 топ: Күн туралы.
3 топ: Ғарышты не үшін зерттейді?
4 топ: Ғарышкерлер туралы не білеміз?
2. Синквейн әдісі.
Әр топ өз тапсырмасына сай бес жолды өлең құрастырады.
IX. Бағалау.
( Әр топтың басшысы өздерінің қойған бағаларын айтып, талдайды.)

X. Рефлексия « Жетістік сатысы»

Түсіндім.
Түсіндім, бірақ әлі де оқу керек.
Дұрыс түсінген жоқпын.
XI. Үйге тапсырма: Жұмыс дәптерді толтыру. Мәтінді түсініп оқу.
13 190
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аспан әлемі мен табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар
Аспан әлемі мен табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар
Аспан әлемі мен табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар
Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Ғарыш туралы алғашқы түсінік
Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелері мен Галактика неден тұратыны жайлы білімдері қалыптастыру; Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін атайды.
Жер ғаламшарының көрінісі
Жер ғаламшарының көрінісі
Жердің пішінін, шар тәрізді екенін, глобус Жердің кішірейтілген үлгісі екенін біледі. Жердің өздігінен айналатынын түсінеді.
Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі
Жердің пішіні және өлшемі» тақырыбын 5 - сыныпта өткенімде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ.
Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш дегеніміз не?
Аспан денелері туралы қарапайым түсініктерді түсіндіру, қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі М.О.Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Базаркүл Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×