Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүйке жүйесінің қызметі

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
«Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей» КММ мұғалімі:
Ордабекова Назира Газизовна

Дүниетану 3 сынып
№7. Тақырыбы: Жүйке жүйесінің қызметі
Мақсаты: 1. Организмнің барлық жүйелерін еске түсіре отырып, жүйке жүйесі мүшелерімен және оның ішінде ми, жұлын, жүйке және олардың қасиеттерімен таныстыру.
2. Жүйке жүйесінің адам организмі үшін маңызын ұғындыру. Оқушылардың есте сақтауын, жүйке жүйесінің ширақтылығын дамыту. Көру, есту, салыстыру, қорыту және тұжырымдау біліктілігін дамыту.
3. Өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Жоспарланатын нәтижелер:
Пәндік нәтижелер: жүйке жүйесін, адам организмі мүшелерін, олардың маңызын білу; салауатты өмір салтын сақтау;
Тұлғалық нәтижелер: салауатты өмір салтын сақтауынан, өзін - өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен;
Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: алған ақпаратты талдап, жинақтап, қорытынды жасау білігінен; танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Жұмыс түрі: әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, өздік жұмыс, топтық жұмыс.
Қажетті құралдар: «Жүйке жүйесі» суреті, оқулық, үлестірмелі карточкалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін - өзі тану.
Өзекті сұрақ: Жүйке жүйесі қалай ағзаның барлық бөліктерін біртұтас етіп біріктіреді? Оның жұмысына қалай басшылық жасайды?
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.

ІІ. Білімді белсендіру.
Өтілген тақырыпты қорыту және жүйелеу.
«Рас па?» стратегиясы. Шарты: егер тұжырым дұрыс болса, онда «+», ал тұжырым қате болса «-» таңбасын қояды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
+ + - - + + - + + +

1. Адам жанды табиғаттың бір бөлігі екендігі рас па?
2. Тері ішкі органдарды зақымданудан сақтайтыны рас па?
3. Қаңқа адам денесінің тек қана тірегі екендігі рас па?
4. Мұрынның жұмысы тек қана иістерді ажырату екендігі рас па?
5. Тіл ең көп қозғалатын бұлшық еттердің бірі екендігі рас па?
6. Тыныс алғанда өкпе кеңейіп, тыныс шығарған кезде өкпенің жиырылатыны рас па?
7. Тағам асқазанда 15 минут қана болатыны рас па?
8. Мидың бас сүйекте болатыны рас па?
9. Бүйрек организмдегі қажетсіз және зиянды заттарды бөліп шығаратыны рас па?
10. Адам организмі – мүшелер мен ағзалардан тұратыны рас па?

ІІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін қою кезеңі:
1. «Миға шабуыл» стратегиясы.
- Саған ине салғанда денең жиырылып, ауырғанды сезінесің. Біреу ескерту жасаса, ол саған әсер етеді. Айналаңдағыларды түсінесің. Есептер шығара аласыңдар және жүресің, жүгіресің, яғни көптеген қимылдар жасайсың. Осының себебі неде? (оқушы жауабы)
-«Жүр», «ойла», «ән сал», «оқы», «сөйле» деген бұйрықтар ненің басшылығымен болады?
- Бұл сұрақтардың жауабының дұрыстығын төмендегі жұмбақтардың шешімі арқылы тексеруге болады.
Көрмеген ешкім
Дәмін татып.
Қара орман асты –
Ұйыған қатық. (Адамның миы)
Адам денесінде созылған,
Жіңішке жіптей таралған.
Ағзаларға дем беріп,
Өміріңді ұзартқан. (Жүйкелер)

ІҮ. Жаңа материалды оқу.
1. Оқулықпен жұмыс.
Жұппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы.
- Мәтінді оқу, жаңа мәліметтерді түртіп алу.
Түсінгенін бір - біріне мазмұндау.
1. Жүйке жұмысының қызметі

Сызбаны толтыру.
Бірін - бірі тексеру. Мысалы:
Жүйке жүйесі мүшелері
• Ми → Орналасқан жері: Бас сүйекте → Қызметі: Естуге, сөйлеуге, қорғалуға, есімізде сақтауға мүмкіндік береді.
• Жұлын → Орналасқан жері... Қызметі:...
• Жүйке → Орналасқан жері... Қызметі:...

2. Өзекті сұрақ: Жүйке жүйесі қалай ағзаның барлық бөліктерін біртұтас етіп біріктіреді? Оның жұмысына қалай басшылық жасайды? (Оқушылар талдайды, талқылайды, дәлелдейді).

ІҮ. Білімді бекіту.
«Ақыл - кеңес стратегиясы»
Шарты:
1. Алдымен жұптасып отырып, тақырыпқа қатысты ақыл - кеңес жазады.
2. Бірнеше жұп кеңестері салыстырылады, ең қажетті ақыл - кеңесті жинақтайды.
3. Соңында сынып бойынша талқылап, ең негізгі кеңестерді қалдырады.
Мысалы: -
Әрдайым дұрыс тамақтану. Егер адам уақытымен дұрыс тамақтанбаса, мидың жұмысына кері әсер етеді.
Қатты ашуланудан сақтан да, өз - өзіңді ұста! Ашушаң, сабырсыз балалар айналасындағылармен соғысып, ренжісудің арқасында мидың өз деңгейінде дамуына кедергі келтіреді.
Кім дұрыс тыңдай алмаса, ол жақсы оқи алмайды да, ми қажетті деңгейде шықпайды.
Кітапты көп оқы. Тақпақ, өлең жаттау есте сақтау қабілетіңді дамытады.
Айналаңдағы адамдармен достық қарым - қатынаста бол. Көп досы бар адам көп біледі.

Ү. Сабақты қорыту
- Жүйке жүйесі тыныс ала ма?
- Жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын не бұзады?
- Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылмас үшін не істеу керек?
- Күн тәртібін орындау не үшін керек?

ҮІ. Рефлексия.
Жүйке жүйесінің маңызы туралы:
Айғақ (өзің білетін/үйренген);
2 сұрақ (сенде пайда болған)
(1 әрекет түрін ата.
ҮІІ. Үйге тапсырма.

Толық нұсқасын жүктеу
7 906
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті айтылым - жазылымға сәйкес жұмыс тілі қалыптастырылады (мысалы, топтық, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер).
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз организмін күтуінен; Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалім Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Мидың адам ағзасындағы маңызы және мишықтың құрылысы мен қызметі туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру. Оқушылардың талдау, салыстыру, қорытындылау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту; Оқушылардың білік-дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі туралы оқушыларға білім беру Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру әрекетін ұйымдастыру
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің маңызы, құрылысы және қызметі туралы оқушыларды түсінік қалыптастыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×