Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылы жүрек – жақсы тілек

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы
«Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей»КММ
мұғалімі: Ордабекова Назира Газизовна

3 сынып
№17 Тақырыбы: Жылы жүрек – жақсы тілек
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: Мейірімділік, жақсы тілек, ізгілік, адамгершілік.
Мақсаты: оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру және құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Жақсы тілек, ізгілік қасиеттерінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, осы ұғым туралы мағлұматтар беріп, түсініктерін меңгерту.
2. Жақсы тілек айта білу іскерліктерін дамыту;
3. Мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, дәптер, музыка, үлестірмелі материалдар

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жағымды көңіл - күй: Нұрға бөлену. Баяу әуенмен
- Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.
Ыңғайланып отырайық. Денемізді түзу ұстайық. Аяқ - қолымызды айқастырмаймыз. Қолымызды тіземіздің үстіне болмаса үстел үстіне қойып аламыз. Көздерімізді жұмайық. Елестетіп көрейікші:
Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Жақсы ата» мәтіні мазмұнына байланысты сұрақ - жауап.
- Мәтінде кімдер туралы айтылған?
- Мәтінде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Қыс мезгілі бейнеленгенін қалай аңғардың?
- Ерасылдың туған күніне атасы мен әжесі не сыйлады?
- Ерасыл ойынға кіммен барғысы келді?
- Анасы оны неге ойынға апара алмады?
- Әке ұсынысы қандай болды?
- Ерасылдың ендігі үміті кім еді?
- Ерасыл әжесінің қолы тимей жатқанын байқаған Ерасылдың көңіл - күйі болды?
- Жалғызсыраған ер ішкі ойы қандай болды?
- Ерасылдың ызасы келіп, жыларман болып тұрғанын кім сырттай бақылап отыр еді?
- Көңілі құлазыған Ерасылға ата ұсынысы қандай болды?
- Ерасылдың көңіл – күйі қалай өзгерді?
- Ойыннан кейінгі Ерасылдың көңіл - күйі қандай болды?
- Немеренің атасына тілегі қандай болды? айтты?
- Атасының немересіне деген жылы жүрегі қалай байқалады?
- Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді еске түсіріп көріңдер.

ІІІ. Жағымды ой - пікір.
Дәйексөз. ( Тақтада жазулы тұрады, мұғалім оның мәнін түсіндіреді.)
- Мақалдың мағынасын сұрай отырып, түсіндіру, хормен айтқызу арқылы жаттату, дәптерлеріне жаздыру.
«Жақсы сөз - жарым ырыс»
-«Жақсы сөз» қандай болады?
- Жақсы сөзді көп айтасың ба?
- Саған жақсы сөзді кім көп айтады?
- Өзің жақсылықты жаныңдағыларға жасай білсең, сол жасаған жақсылықтарың өзіңе қайтып келетіндігін ұмытпағайсың.
- жылы лебіз, жақсы тілектер айтып, жақсылық жасаса, адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ал ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер жасаса адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады?

ІY. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.
Адам атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен күнге тамырын жайып, гүлдене өсе береді. Гүл мөп - мөлдір суды да, тап - таза ауаны да күннің нұрын да сүйетін. Айналаға еркелей, құмарлана қарайтын. Бұл осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеп отырғызған адамға да өте риза еді. Бір күні:
- Ей, сен көп асқақтама! Мен тірі тұрсам, әлі өмірге келгеніңе әлі өкінетін боласың,- деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз Шөп басын қылтитып тұр екен.
Гүлдің көңілі ортайып, біртүрлі жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте - бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен біршама үлкендігі бар Гүлге басын сүйеді.
- Жабырқама, сабыр ет!- деп жұбатты ол.
- Адамдар оны «Арамшөп»,- деп атайды.
Өз құлқынынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі - ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой қазақ. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне бір бала келді де, Арамшөпті жұлып тастады.
Гүл қайтадан құлпырып өсе бастады, алайда көп нәрсені ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен.

Мәтінді талдау:
 Сұрақ - жауап қою арқылы талдау, қорытындылау.
 - Құнарлы жерге отырғызылған гүлдің алғашқы өмірі қандай болды?
 - Ұсқынсыз Шөп гүлге не айтты?
 - Гүлдің көңіл - күйі қандай болды?
 - Арам шөптің құлқыны қандай?
 - Гүл қандай жақсы сөз айтты?
 - Гүл арамшөптен қалай құтылды?
 Өмірде жақсылар мен жамандар болады ма?

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Әрқашан жақсы сөз айтқан адамның жаны жомарт, жүрегі таза. – Бір - бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да сіздердің бойларыңызда жақсы адамға жолдас болатын мейірімділік, сыпайылық, адамгершілік қасиеттеріңіз көп болсын. Барлық уақытта бір - бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 579
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Міндеттері: жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту ізгілікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу
Риясыз сүйіспеншілік
Риясыз сүйіспеншілік
«Абайтану» орталығы мен «өзін - өзі тану» пәні сабағының байланысын түсініп, рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Семей қаласы. Приречное ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлығаш Кабыкеновна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×