Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар әдебиеттік оқу пәнінен сайыс сабақ

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Мойнақ ауылындағы шағын орталығы бар № 23 орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі – Ахмедиярова Қайния Қасымбековна:

Тақырыбы: «Тапқыр достар» әдебиеттік оқу пәнінен сайыс сабақ
Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;
Дамытушылық: Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Білімге деген қызығушылықтарын арттыру:
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, жұлдызшалар.

Сабақтың жүргізілуі:
1. Кіріспе.
- Хош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Бүгін бізде өте қызықты кеш болғалы отыр.
Армысыздар, ұстаздарым, ардақты,
Жас бүлдіршін, білім қуған жан - жақты.
- Бүгін ана тілі пәні бойынша «Тапқыр достар» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Жан – жақты білімдерімен, шеберлігі, ақылдылығымен, сөз өнерлерін сарапқа салатын, сайысқа қатысатын топтар өздерін таныстырып өтсе.
/Сынып екі түсті жұлдызшаны ала отырып, екі топқа бөлінеді. Әр топ басшысы топ аты мен ұранын айтады./
«Тұлпар», «Сұңқар» тобы.
- Ендеше сайысымызды бастайық!
Дайын болсақ барлығымыз, ойын шартымен танысайық.
Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың,
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын - дегендей сайысымыздың 1 - ші кезеңі «Таныстыруды бастайық»

- Бәрекелді. ал енді қолдарыңыздағы әріптеріңіз бойынша берілген сұраққа жауап береді деп. шарт бойынша өз әріптеріңізден басталатын ғана сөз айтуға тиіссіздер! «Кім жылдам» кезеңін бастаймыз.
Екі топ өздеріне қандай әріп түскенін айтып шықсын.
- Жарайсыңдар! Ал енді бірінші болып «Сұңқар» тобынан бастайық:
1. Кеше қайда болдың?
2. Атың кім?
3. Қазір қандай сабақ?
4. Үстел үстінде не жатыр?
5. Жазда не болады?
6. Есік қаққан кім?
7. Кіммен доссың?
8. Қалтаңдағы не?
9. Ысқырған кім?
10. Кімді жақсы көресің?
- Жарайсыңдар! «Сұңқар» тобына қол соғып қояйық!

«Тұлпар» тобы дайын болса, бастайық!
1. Немен келдің?
2. Ертең қайда барасың?
3. Не ұшып бара жатыр?
4. Түсіңде не көрдің?
5. Ән айтқан кім?
6. Қай қалаға бардың?
7. Көктемде не болады?
8. Сандықта не жатыр?
9. Қасыңда кім?
10. Неден қорқасың?

- Рахмет! Бұл жауаптардың қаншалықты растығын әділ қазылар бағалай жатар?

- Рахмет! Біз ойынды әрі қарай жалғастырамыз. Экранда бірнеше ұяшық бар. Таңдаған ұяшықты ашып, ондағы сұрақтарға жауап берсеңіздер, сол ұпайды қоржындарыңызға саласыздар./Ана тілі пәні бойынша сұрақтарға жауап беру./
Қане, «Сұңқар» тобынан бастайық.
Сонымен « Ойлан тап кезеңін» бастаймыз.
/Ұяшықтағы сұрақтар/
“Қобыланды батыр” жыры мен “Алпамыс батыр” жырының ұқсастығы неде?
“Оқымысты бала” мәтінінде баланың есімі кім?
“Екі дос” әңгімесінде жауынгер қандай ерлікке баруға бел буады?
Б. Момышұлы қандай ерлік көрсетті?
“Өзін - өзі жеңген бала” мәтінінде Арманның атасы немересіне қандай ақыл айтады?
Абайдың бір өлеңін жатқа айт
Суретте бейнелеген әңгіменің аты қалай?
“Менің атым - Қожа” әңгімесінде Қожа өз - өзіне қандай уәде береді?

- Жақсы, ал енді экранда берілген « Сайқымазақ», «Қараторғай» атты сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құрастырып жазуларың тиіс. Қай команда көп сөз жазады екен? Іске сәт! Сонымен « Сөз тапқыш кезеңін» бастаймыз.
- Ал енді «Сұңқар» тобы жазған сөздерін оқып шықсын!
/Сай, ай, сайқы, мазақ, ақ, азақ/

- Келесі «Тұлпар» тобы өз сөздерін оқып шықсын.
/Қара, торғай, қай, ара, тор, ай, ат, қар/

- Жарайсыздар! Сонымен бұл сыннан өттіңіздер, ендігі тапсырма «Гүл», «Кітап» жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Сонымен «Образға кіру» сайысын бастаймыз! Бірінші болып « Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз.
- Мен гүлмін. /Мен кітаппын/
- Сайысымызды жалғастырамыз. «Менің ертегім» сайысында ертегіні өз қиялыңмен жалғастыру кезеңіне де жеттік.
- Ерте, ерте ертеде бір бай болыпты. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол сондай ерке екен. Бір күні ол көгалда ойнап отырып, адасып кетіпті./Әр топ өз беттерінше осы ертегіні жалғастырады./

- Келесі « Тұлпар» тобына сөз берейік.
- Тамаша! Міне, сайыстың аяғына да жеттік. Енді шешуші кезең әр топ өнер көрсету керек./Ән айту, өлең оқу, мақал мәтелді жатқа айту, жұмбақ шешу, т. б./ «Өнерлі - өрге жүзер» дегендей, бұл сайыстан сүрінбей өттіңіздер.
- Келесі топты жақсы көңіл күймен ортаға шақырайық!
/Әр топ мүшелері өлең оқып, ән шырқайды/

- Ал енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік!
- Осымен сайысымыз да аяқталады.
Оқушыларды марапаттау, жетістіктерін айту, мадақтау.
4 674
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Тапқыр достар (сайыс сабақ)
Тапқыр достар (сайыс сабақ)
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№13 орта мектеп гимназиясы" ММ информатика пәні мұғалімі Сагиндикова Сандугаш Кадиргалиевна
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады
Білімділер бәйгесі (интелектуалдық сайыс)
Білімділер бәйгесі (интелектуалдық сайыс)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға интеллектуалдық сайысын түсіндіріп топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету; қатысушылардың шеберліктерін, ой — өрісін, қызығушылығын дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Тапқыр достар (сайыс)
Тапқыр достар (сайыс)
Қарағанды қаласы, Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ мұғалімі Искакова Назира Сайлаухановна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×