Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өтілген материалды бекіту

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
«№8 жалпы орта білім беретін мектеп»
Бастауыш сынып мұғалімі Махамбетова М. Қ.

Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Өтілген материалды бекіту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өткен материалды қайталау арқылы әртүрлі шамалар арасындағы байланысқа берілген есептерді, теңдеу құрастыру және оны шешу, амалдардың орындалу реті және жақшалы өрнектерді шешу дағдыларын бекітеді.
Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу, есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Жеке, және ұжымда бірлесе жұмыс істеуге, өз пікірімен бөлісіп, дәлелдеуге, өзгелердің ойымен санасуға тәрбиелеу.
Оқушыларды
Түрі: ойын сабақ
Әдісі: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық. «Сиқырлы сұрақтар»
3. Үй тапсырмасы: № 6 (33 бет)
Балалар менің сендерге әкелген сиқырлы сандықшам бар. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік.
Ағашта саңырауқұлақ кепті,
Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті.
40 - ы қызыл, 8 - і сары, 20 - сы жасыл еді.
Тиін мен тышқан 7 - еуін жеді,
Қалды екен нешеу ағашта енді?
(61 саңырауқұлақ)

Сандықшаны ашайық. Сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады.
- Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтпек. Осы жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.
Жоспары:
1. Бәйге
2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
3. Білгенге маржан, білмеске арзан.
4. Бойы сергектің, ойы сергек.
5. Еңбек түбі – береке.
6. Қызықты есептер.
7. Сандық ақпараттар.
- Дәптерімізді ашып, күннің жадын, тақырыпты жазайық.

1. «Бәйге» ойыны. (өткенді қайталау) (смайликтер үлестіру)
1. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тік төртбұрыш)
2. Ауданды қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)
3. Көлемді қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)
4. Фигураның периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Теңдеу дегеніміз не? (теңдеу дегеніміз құрамына енетін әріптің мәнін табу болатын теңдік).
Неше түрі бар? (2 түрі)

2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс. Есеп №1
І баған --------------------- ІІ баған ----------------- ІІІ баған
3* 23 = 69 ----------------- 4 * 14 = 56 --------------- 5 * 18 = 90
3 * 34 = 102 --------------- 4 * 21 = 84 --------------- 5 * 24 = 120
3 * 18 = 54 ----------------- 4 * 61 = 244 ------------- 5 * 31 = 155
3 * 54 = 162 --------------- 4 * 72 = 288 -------------- 5 * 42 = 210
3 * 33 = 99 ----------------- 4 * 55 = 220 -------------- 5 * 23 = 115
3 * 22 = 66 ----------------- 4 * 15 = 60 ---------------- 5 * 44 = 220

№ 2 (34 бет) Оқулықпен жұмыс.
І баған ------------- ІІ баған ------------- ІІІ баған
230 • 3 = 690 ------------ 380 • 2 = 760 ------------- (3 + 6) • 20 = 180
490 • 2 = 980 ------------- 30 • 21 = 630 ------------- (200 + 40) • 3 = 720
17 • 40 = 680 ------------- 12 • 30 = 360 ------------- (20 + 40) • 5 = 300
50 • 12 = 600 ------------- 35 • 20 = 700 ------------- (12 + 28) • 6 = 240

3. Білгенге маржан, білмеске арзан.
- Қазақстан Республикасында неше облыс бар? (14)
- Біздің облысымыз калай аталады? (Ақтөбе обылысы)
- Қай қалада тұрамыз? (Шалқар қаласы)
- Жер көлемі канша? Көлемі – 61, 9 мың шаршы км. Халық саны – 46, 8 мың адам

4. Еңбек түбі – береке.
А) Қарындыш – 3қ, 120тг
Фломастер – 4қ, 150 тг -----------------? тг артық жұмсалды
Ш: (150 • 4) - (120• 3) = 600 – 360 = 240 тг
Ж: 240 тг артық жұмсалды

Ә) Қарындыш – 3қ, 120тг --------------? тг кем жұмсалды
Фломастер – 4қ, 150 тг
Ш: (150 • 4) - (120• 3) = 600 – 360 = 240 тг
Ж: 240 тг кем жұмсалды

№4. Теңдеу құрастыр және оны шығар.
Х + 450 = 735
Х = 735 – 450
Х = 285
285 + 450 = 735

5. Бойы сергектің, ойы да сергек
№5. Өрнектерді баған түрінде жаз және есепте.

6. Қызықты есептер.
1. Су жағасына тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? ( 2 балапан тауықтікі)
2. Бөлменің ұзындығы 7 м, ені 5м, биіктігі 3 м. Бөлме еденінің ауданын тап. (ш: S=7*5=35м )
3. Бөлме еденінің ауданы 12м, ені 3 м. Бөлменің ұзындығын тап. (Ш: 12: 3=4м)

7. Сандық ақпараттар.
1941, 1945, 25 – осы сандар туралы не білеміз? Сандарға қарап, оқушылар өз ойларын айтады.

Үйге тапсырма. №6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте
Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
14 859
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешу
Иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін шешу
Есептер шығару барысында білімдерін нақтылау, ой қорытындылау арқылы алған білімдерін баяндап, көрсете білуі, пәнге қызығушылығын арттыру;
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Оқушыларға теңдеу құру, шешу, жанама тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шешу жолдарын үйрету. Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп" ММ бастауыш сынып мұғалімі Набиева Гүлжанат Темирхановна
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кадирова Майра Раушанбековна
Қосындыны санға көбейту
Қосындыны санға көбейту
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×