Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әріпті және санды өрнектер

20 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Баршақұм орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шамбаева Акзада Боранбаевна

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Әріпті және санды өрнектер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға санды және әріпті өрнектер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, гүлдер, тест тапсырмалары
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, сурет, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
5 - мысал. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
70 мин = 1 сағ 60 мин -------------- 2 тәу= 48 сағ
5 дм 6 см = 56 см ------------------ 1 сағ 30 мин = 90 мин
2 тәу 5 сағ 53 сағ -------------- 67 см = 6 дм 7 см

III. Жаңа сабақты түсіндіру бөлім.
1. «Суретті жұмбақ» Балалар суретте не жасырынған? Ненің суреті? Нелерден құралған? (Оқушылар суретте жасырынған сандарды атайды).
33 + 33=
- Балалар бұл не?
- (қосынды, өрнек, 33 + 33)
- Дұрыс, жалпы айтқанда бұл өрнек. Және әртүрлі өрнектер болады. Сондықтан бұл өрнек, оның ішінде қосынды. Қане, айтыңдаршы бұл неге қосынды деп аталады? (+)
- Яғни бұл өрнек сандардан және қосу таңбасынан құралған екен.
- Енді 9 бен 8 сандарының айырмасын жазайық (9 – 8)
- Математикада белгісіз санның орнына «әріп» жазады, яғни а + 4; 4 +а; 4 – а; а - 4; Мұндай құрамында әріпті бар өрнекті «Әріпті өрнек» деп атаймыз.

2. «Ой қозғау»
- Тіршілік атаулының бәрі нелер болмаса тіршілік ете алмайды?
- Ауа, жарық, су, жылу.
- Олай болса балалар, біздер бүгін «Ерте, ерте, ерте...» деген тақырыпта суретті әңгіме құрастырамыз. Ол үшін суреттің артындағы тапсырмаларды орындаймыз.
Осыдан көп жыл бұрын су болмапты.
(Құстар) 1 – тапсырма (ауызша)
42 + 3
20 + 45
90+ 8
80+13
4 + 41
30 + 35
80 + 18
61 + 32
(Ағаштар) 2 – тапсырма (Дәптермен жұмыс)
40 + (56 - 43) = 40 + 13 =53 -------- (78 - 46)+3=32+3=35
17+(20+2) =17+22=39 --------------- (35+24)- 24 = 59 - 24=35
(80 - 50)- 20=30 - 20=10 ------------ 90 – (70 - 30)= 90 - 40=50

(Гүлдер) 3 - тапсырма (Сөз есеп)
Барлығы – 55
Қызыл - 12
Көк – 20
С: Үрленбеген неше шар қалды?
Ш: 55 – (12 + 20) =55 – 32 = 23
(55 – 12) – 20 = 43 – 20 = 23
(55 - 20 )- 12 = 35 - 12 = 23
Ж: Үрленбеген 23 шар қалды.
(Торғай) 4 – тапсырма (ауызша)
Есеп бойынша өрнек құрастыр және жаз: a – b
(Күн) 5 – тапсырма (жазбаша)
Ш: Бір қабатты үй – 18
Екі қабатты үй -? кем
С: Барлығы неше қабатты үй салды?
Ш: 18 - 8=10
18+10=28
Ж: Барлығы 28 қабатты жаңа үй салынды.
(Күн) 6 – тапсырма (өз бетімен жұмыс)
Кестені пайдаланып, өрнек құрастыр және шығар. Олардың мәнін тап.
(13+22)+(40 - 30)= 35+10=25
(33+4)+(45 - 5)= 37+40=77
(17 + 12)+ (50 - 30)=29+20 =49

IV. Қорытынды бөлім
(Көл) (жұптық жұмыс)
Графикалық тест
Сенің алдыңда үш жұмбақ хат тұр. Жазу кезінде олардың әрқайсысынан сандар жоғалған. Сандардың орналасу заңдылығын анықтап, әр хаттағы тұрған санды ата.
3 6 9 12 15
36 32 28 24
12 22 33 44 45

(Бұлт) Үйге тапсырма. № 4
(Табиғат) Бағалау
45 218
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды және әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу, салыстыру, олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін дамыту.
Санды және әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнек мән - мағынасын түсіне отырып, оларды ажырата білуге үйрету; Әріпті өрнекте әріп орнына сан қою арқылы өрнектің мәнін табу тәсілін есептеуде қолдана білуге жаттығады.
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты бойынша өрнек құра білуге үйрету.
Санды өрнек және әріпті өрнек
Санды өрнек және әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Әріпті теңдіктерді құру, оқу және жазуымен таныстыру, оларды бір - бірінен ажырата алуға үйрету.
Санды және әріпті өрнек
Санды және әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты: 1. Санды және әріпті өрнек мән - мағынасын түсіне отырып, оларды ажырата білуге үйрету; Әріпті өрнекте әріп орнына сан қою арқылы өрнектің мәнін табу тәсілін есептеуде қолдана білуге жаттығады.
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ш. Тұржанов атындағы орталау мектебінің математика пәні мұғалімі Қабиева Тлекші Сабидоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×