Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көжек (ертегі)

19 наурыз 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп - лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі Қанатбаева Гүлжамал Қартаңбайқызы

Ана тілі 3 - класс
Сабақ тақырыбы: Көжек (ертегі)
Сабақтың білімділік мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу. Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау (түр - түсі, қоршаған ортаға бейімділігі) т. б.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, жабайы жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. ( Мысалы: табиғат бұрышындағы көжек)
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Қоршаған орта туралы көзқарастарын дамыту, ой - өрісін кеңейту.
Әдіс - тәсілі: Еске түсіру, ой қозғау, таңғажайып сәт, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті, ойын, бағалау, қорыту.

Алдын - ала жүргізілген жұмыс: қоян туралы мәліметтер оқу, мақал - мәтелдер жаттау.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
Назарларын сабаққа аудару.
Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

Үй тапсырмасын сұрау.
Байзақов Иса (1900 - 1946) - қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор. Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында туған. Қазақтың халық әндерін тұңғыш жинап бастырушы Александр Затаевич Иса Байзақовтың аузынан бірнеше халық әндері «Кәкен», «Бике», «Жар - жар», тағы басқаларын жазып алып, нотаға түсірген. Иса Байзақов орындайтын бірсыпыра халық әндері «Айман - Шолпан», «Ер Тарғын» операларының музыкасына енген.
1. «Алтай аясында» өлеңін мәнерлеп оқу
2. Алтау тауынан шығатын қазба байлықтарды атау.

Ертегілер

Жан - жануарлар туралы
Қиял - ғажайып
Шыншыл ертегілер

Оқулықпен жұмыс
1. Ертегіні түсініп оқу
2. Мазмұндау
Топпен жұмыс
1 - топ Шаруаның көжекке аяушылықпен айтқан сөзін тауып оқы
2 - топ Көжектің қорқынышты хәлі суреттелген жерді тауып оқы
1 - топ Мәтіннің соңындағы көжектің сөзін оқып, оның мәнін түсіндір
2 - топ Шаруа мен көжектің соңғы сөзін мәтіннен тауып әңгімеле

Сергіту сәті

Топтық жұмыс
1 - топ Ор қоян туралы мәлімет
Қоян шөл - шөлейтте, орманды далада мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді.

2 - топ Ақ қоян туралы мәлімет
Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді. Кейде ақ қоянды аңшыларға байқамай қалады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді. Кейде қояндар қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді. Қыс мезгілінде қояндар жас теректердің қабығын кеміріп жейді. Орманды мекендейтін кейбір жыртқыш аңдар мен Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктілігіне байланысты кейде құтылып кетеді.

Оқушыларға видео арқылы құм қоян туралы мәлімет беру.

Әлемде талай қызық бар
Окуносима - Жапониядағы Хиросима мен Сикокудың аралығында орналасқан шағын арал. Нақтырақ айтсақ, басқа емес, қояндарға арналған нағыз "жұмақ" мекен деуімізге әбден болады. Көрген көздер аралдың қожайындары мұнда өздерін кәдімгідей батыл сезінеді деседі.

Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір. Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады. Көктем, жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады.

Топтық жұмыс
1 - топ Қоян туралы мақал – мәтел жаз.
2 - топ Туған жер туралы мақал – мәтел жаз.
Барлық жан - жануарлар сияқты қоян да өз жауынан қорғанады. Оны қос аяғы жауынан аман алып қалады.
Оқушыларға видео арқылы қоянның жауынан қашқан көрінісінен мәлімет беру.

Өзіндік жұмыс.
Көжектің суретін сал немесе мүсінін жаса.
Сабақты қорыту:
1. Көжек неге мұзға қайта оралды?
2. Оның анасы қандай деп ойлайсың?
3. Ертегідегі көжек қандай?
4. Ертегінің негізгі идеясы не?

Үйге тапсырма беру
1. Ертегіні оқып, мазмұндау
2. «Туған жер» тақырыбында эссе жазу
Бағалау
13 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көжек ертегісі
Көжек ертегісі
Көжек ертегісінің мазмұнын ашып, негізгі ойды анықтай білу.
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Көкалда көжек секіреді
Көкалда көжек секіреді
Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беруді жалғастыру, сыртқы көрнісі, немен қоректенетінін айту арқылы тілдерін дамыту. Негізгі түсті атай білуді, бір түсті заттарды ажырата білу іскерліктерін жетілдіру, саусақ моторикасын дамыту. Мейрімділікке,
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мамыкова Гульмира Балтабаевна
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп" КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Сүйкімді қоян
Сүйкімді қоян
Аталған сабақтың білімділік мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×