Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлдер айтысы

28 наурыз 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбиеші: Ергебек Жазира.

Көркем әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Төлдер айтысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау, нақтылау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қызығушылығы мен танымын арттыру.
Тәрбиелілігі: Төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін ояту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, сахналау. сергіту сәті, мадақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Жайлауда жүрген мал суреті. жұмбақтар.

Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:( Оқушылардың ойын жинақтап, назарларын сабаққа аудару)
Қызығушылықты ояту. Еске түсіру.
Сөзжұмбақ шешейік.
1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар(қозы)
2. Сиыр малының төлі.( бұзау)
3. Тастан тасқа секірген
Ұзын салпақ құлақты
Қойдан маза кетірген
Кім біледі (лақты)
4. Қамбар атаның алдына салып бағатын жануары? (Құлын)
5. Сыңар өркешті шөлге төзімді мал.
- Балалар біз ертегілерді жақсы білеміз. Ертегілер қалай басталушы еді?
- Ерте ерте ертеде...
- Ерте заманда
- Баяғы заманда
- Үйге қандай тапсырма берілген еді?
- «Жылқы» өлеңін мәнерлеп оқу. Түсіну. (Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту
1. Жылқының қандай пайдасы бар?
2. Жылқы Биенің төлін қалай атайды?
3. Бие сүтінен қандай сусын жасайды?
4. Жылқы етінен қандай тағамдар жасалады?
5. Жылқы малына байланысты қазақтың ұлттық ойындарын ата. (Бәйге, аударыспақ, кызқуу, көкпар)

Тақтамен жұмыс
Қой, сиыр, түйе, құлын, бұзау.
- Балалар қазақ халқы шаруашылыққа қандай малдарды пайдаланған?
- Өгіз, түйе, ат.
- Балалар біз жайлауға саяхат жасаймыз. Осы малдардың қайсысын көлік етіп аламыз?
- Атты.
- Олай болса, қане кім жылқының дауысын салып береді?
- Қалай шақырамыз?
- Құрау - құрау, мох - мох
- Хормен шақырып көрелік.

Жаңа сабақ.
- Балалар тақтада суретте не берілген?
- Жайлау, малдар, төлдер, киіз үй, тау.
- Суретке қарап тақырып бүгінгі оқу - іс әрекетіміздің не жайлы болатынын білеміз.
- Пазлы құрастыру. Құрастырылған суреттердегі жануарларды атап өтейік.
- Қозы, лақ, бота, құлын, бұзау.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы төлдер жөнінде болмақ.
Сөздік жұмыс
Секектеме – секірме
Деміңді ал – тынық
Құстай қанат қағады – жүгіреді
Ойын ойнайық! Миға шабуыл.
«Мен бастайын, сен аяқта»
Мақсаты: Балалар басталған сөзді аяқтау.
Сергіту сәті.

Қошақаны қойдың,
Қайда, қалып қойдың,
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың.

Малды қалай шақырады? (Оқушылардан жеке-жеке сұрау)
Қошақанды пұшайт, пұшайт
Лақты шөре шөре
Құлыншақты құрау құрау
Бұзауды аухау аухау
Ботақанды көс, көс
Енді осы төл атауларына дыбыстық талдау жасап жіберейік.
Лақ – 3д, 3ә, 1б. Бота – 4д, 4ә, 2б. Бұзау – 5д, 5ә, 2б.

Ертегі: «Төлдердің айтысы»

Төлдердің айтысы. (сахналау)
- Иеміз қайсымызды жақсы көреді?
Лақ:- Әрине, мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді, мамықтай түбітімізді пайдаланады

Құлын:
- Лақ сен орынсыз мақтанасың. Малда бізден ешқайсың аспайсыңдар. Біз майданның да еңбектің де тұлпарымыз. Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.

Бұзау:
- Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады.

Қошақан:
- Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда
тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнімнен жасалады.

Бота:
- Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз.

Адам:
- Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.
2. Жоғалған сөзді тап.
Сүт, құлын, момын, ертегіні (Оқушыға тақтаға жазғызу)
Қорытындылау.
Балалар біз өткен сабағымызда айтқандай әр түліктің бақташы, пірі, иесі болады дедік, атап жіберейікші
Қой атасы – Шопаната
Жылқы атасы – Қамбарата
Ешкі атасы – Сексеката
Түйе атасы – Ойсылқара
Сиыр атасы – Зеңгібаба Ата деп отырғанымыз сол малды бағып күткен адам. Сол аталарымыз сендерге мынадай сөзжұмбақ береді.

Сабақты қорытындылау.
«Қошқар мен теке» сахналық көрініс.

Балаларға төрт түлік малдың адамға тигізер пайдасы жайлы түсіндіру, оларға деген қамқорлық сезімдерін оята білуге тәрбиелеу.

Толық нұсқасын жүктеу
13 098
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлдер айтысы
Төлдер айтысы
Оқушылардың өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, қарсы мәндес сөздер туралы білімдерін тиянақтау, нақтылау.
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Төлдер айтысы
Төлдер айтысы
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Төлдер
Төлдер
Жіңішке дауысты дыбыстар жайлы түсінік беру, төрт түлік мал туралы білімдерін кеңейте отырып, малдың пайдасын ұғындыру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Төрт түліктің кеңесі
Төрт түліктің кеңесі
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қызылту орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гүлім Нақыпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×