Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің әз Наурыз!

02 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.

1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!

Хор: «Наурыз»
Даулет: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

Қ. Айша: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Айгүл: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Көрініс:
1. Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды
Көргенде арманда,
Көрмегенде арманда,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
2. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласында жаңа жыл келеді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Міне, біздің асыға күткен жаңа - мешін жылымыз да табалдырықты аттағалы отыр. Бәрімізге де жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жылы болсын!
Баян: Мешін жылын қарсы алар шақта бұл,
Дабылшылар дүрсілдете қақ дабыл.
Айқын: Мешін жылы, ауыл жылы
Тілеймін халқымызға тыныштықты
Аттайын табалдырықтан жақсылықпен
Алла жазса, гүлдендірем халқымды.
Аяулым: Қош келдің мешін жылы! Еліме бақыт жылы, құт жылы, бейбіт жылы болып кір! Төрге шық қадірлі қонақ бол! Бүгінгі ойын – сауық өзіні арналады.
Қаңбақ шал: Армысыздар ағайындылар? Мен қайда келдім?
Баян: Амансыз ба, ата!? Жол болсын!
Қаңбақ шал: Әлей болсын, балам! Мектепте Наурыз тойы болып жатыр деп естіп, «Ертегілер елінен» елшілер ертіп, жол шыққаным сол еді, бір әлемет жел тұрып, ұшырып ала жөнелгені.... Содан соң жерге топ ете қалдым.
Аяулым: Е, ақсақал, сіз Қаңбақ шал деген атай болдыңыз ғой. Онда бағытыңыз дұрыс. Наурыз тойын тойлап жатырмыз, төрге шығыңыз.
Қаңбақ шал: Әлгі менің жолдастарым келуі керек еді... Ішінде Алдар көсесі, Ертөстігі, айдай сұлу Қарашашы бар, өздері бір топ адам болатын.
Мыстан: Әй, қауқиған Қаңбақ шал, сен қалай келіп қалдың - ей бұл жерге, менен бұрын.
Қаңбақ шал: Ә..., Мыстан кемпір, ойбай..., бәйбіше, амансыз ба? Наурызың құтты болсын!
Мыстан: Не дейді мына түйеқарын? Наурызшылын.....
Қаңбақ шал: Уа, Мыстеке! Мына Наурыз тойына бір топ жолдасымды ертіп шығып ем, қатты жел тұрып.... мені ұшырып әкетіп...., олар да келіп қалар.
Баян: Мыстан әже, сәл сабыр етіңіз. Сіз бірдеңе шатастырып тұрған боларсыз. Бізде Наурыз тойы өтіп жатыр. Қазір «Ертегілер елінен» құрметті қонақтар келуі керек.
Мыстан: Ешкім де келмейді. Мынаның әлгі достарын сиқырлап тастағамБәрі менің үлкен ұлым Қарадәудің үйінде ұйықтап жатыр.
Қаңбақ шал: Не дейді мына Мыстан?
Садыр: Енді қайттық? Ә, бәсе, міне келе жатыр ғой біреуі.
Тазша: Ассалаумағалейкум, халайық.! Наурыз тойы құтты болсын!
Қаңбақ шал: Е, шырағым өзіңмен орта толсын!
Мыстан: Тақылдаған кімсің ей!
Тазша: Е, мен елге Тазша атанған, халқыма қылығыммен жаққан Тазша баламын, әже. Ау, тойды бастамай неғып тұрсыңдар?
Қаңбақ шал: Мына Мыстан тойға келе жатқан «Ертегілер елінің» елшілерін сиқырлап, ұйықтатып тастапты. Не істерімізді білмей, дағдырап тұрмыз.
Тазша: Айтпақшы, Мыстан әже, мына Наурыз тойында өзіңізге арнап бір өлең айтып бергім кеп тұр.
Мыстан: Керегі жоқ өлеңінің. Білем мен сендерді! Бәрің жек көресіңдер! Ана ақ басты кемпір - шалдан бастап, мына тұрған балаларға дейін мені жек көреді.!
Тазша: Сәл сабыр етіңіз әжетай! Әуелі тыңдап көрмейсіз бе?
Ау, халайық, қараса
Әжем қандай тамаша!
Ақ тістері маржандай,
Тізіліп тұр жараса!
Келбетіне қарасам,
Наурыздың аппақ қарындай,
Оймақ ауыз, бұраң бел.
Кім жек көрер осындай,
Өзі сұлу, ақылды,
Менің Мыстан Әжемді - ай.
Мыстан: Ой, айналып кетейін, Тазшам! Мына өлеңің маған ұнайды ей! Бір түрлі жүрекке жылы тие ме, қалай!? Қой болмас! Мен барып әлгі қонақтарды сиқырдан арылтып, осында жіберейін.
Оқушы Құрметті Тазша, қадірлі Қаңбақ шал, төрге шығып, тойдың қадірлі қонағы болыңыздар.
Оқушы Амансыз ба, Алдар ата!
Алдар көсе Армысыздар халайық? Бар бол балам!
Алда десең, алдаймын,
Сайтанды да арбаймын.
Сараңдарға қаттымын
Кедейлерге балдаймын.
Ааа, еее...
Мен Алдармын, Алдармын,
Шегі жоқ даңқымның.
Өмірімді арнармын
Бақыты үшін халқымның.
Шығайбай: Әй, бәйбіше, бол енді Наурыздан кешігетін болдық, болсаңшы күйбеңдемей...
Бәйбіше: Қазір, қазір байеке! Мына бір ыстық күлшені пісіріп ем. Ойбай мынау әлгі Алдар ғой!... Енді қайттық?! Қайда тықтық?
Шығайбай: Мында тық, мында.
Алдар: Ассалаумағалейкум, Шығеке! Наурызың құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні ойдағы, қырдағы құшақтасып табысқалы емес пе?! Кел, байеке, біз де құшақтасып көріселік.
Шығайбай: Ойбай, күйдім! Күйіп барам жібер, жібере гөр, Алдеке. Сен ақ алшы осыны.
Оқушы: Алдар ата Шығайбай ақсақал, Наурыз күні араз ағайын татуласып, ренжіскендер келісіп жатады емес пе?! Енді сіздер татуласып, құтты тойдың қонағы болыңыздар.
Ер төстік: Армысыңдар халайық? Наурыз құтты болсын! Дендерің сау болсын!
Оқушы: Қош келдің, Ер Төсті батыр! Сені де балалар асыға күтуде. Тойдың қадірменді қонағы бол, мына балаларға тілегіңді айт.
Ер Төстік:
Ер Төстігім деп елім,
Ертегі ғып шертеді.
Мәңгі жасап келемін,
Мен қазақтың өркені.
Қайырмасы:
Ей, ей балалар,
Жылда осылай тойлаңдар.
Ұлыстың ұлы күнінде
Би билеп ән салыңдар.
Оқушы: Батыр, біздің балалардың да өзіңе арнаған сыйы бар, енді соны тамашалаңыз.
Оқушы: Амансыз ба, Қарашаш сұлу? Қош келдіңіз!
Қарашаш: Армысыңдар, ағайын? Наурыздарың құтты болсын! Ақ мол болсын, қайда болсаң жол болсын! Нөкерлерімді ертіп, мен де келдім ортаға.
Жоғары шықсын қонақтар,
Келіп тұрған алыстан.
Жақсылықтың жолында,
Жан аямай алысқан.
Сіздердің ерлік істерің,
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан, жырлардан,
Жастар оқып тыңдайды.
Әділжан: Армысың, Ақ әже? Қош келдіңіз!
Ақ әже: Бар бол балам! Амансыңдар ма, балапандарым? Наурыз тойы қғұтты болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!
Оқушы: Ақ әже, Наурыз күні балаларыңызға қандай сый сияпат әкелдіңіз?
Ақ Әже: Адал аспан бұйырған,
Дәм татсын ел жиылған.
Бидай салдым көжеге,
Мол болсын деп биыл нан.
Тары салдым көжеге,
Женті көп болсын деп.
Күріш салдым көжеге
Тойда палау болсын деп.
Ауыздан ақ кетпесін,
Судан ерін кетпесін,
Келген риза, кеткен тоқ,
Құтты қонақ ет жесін.
Осы ақ дәмнен бәрің ауыз тиіңдер, қарақтарым.
Мұғалім: Міне, балалар сендерге арнап Ақ әже тайқазанды толтырып Наурыз көже пісіріп әкеліпті. Ал, әже дәміңізге рахмет. тойды одан әрі «Тұсау кесер ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы тойда аяқтарын апыл тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар.
Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.

Аяулым: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.

Жаңыл: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Наурыз көктем».

Айқын: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Адилжан: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Бақтыбай: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.

Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!

2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.
2 560
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің - Әз наурыз!
Қош келдің - Әз наурыз!
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің, Әз - Наурыз!
Қош келдің, Әз - Наурыз!
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық топ мұғалімі Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×