Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз - думан

02 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Наурыз - думан
Мақсаты: қазақтың әдеп-ғұрыптарымен жол-жоралғылары туралы білімдерін кеңейту; сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мәнерлеп оқу, ән айту, сахналау өнеріне баулу, балаларды ұлттық салт-дәстүр үлгісіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа
Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
2. Кіріспе сөз.
3. Наурыз тілек.
4. Наурыз жыр.
5. Наурыз жұмбақ.
6. Наурыз көже.
7. Наурыз бата.
8. Ойын»Ақ серек, көк серек».
9. Би «Қара жорға».
1. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері.
Армысың , шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз.
Армысың, табиғат анамыз,
Келді сізге өзіңіздей балаңыз.

II.Кіріспе сөз
Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып, ұлыстың ұлы күні келді достар!
Наурыз жыл басы!Мұсылман халықтары наурыз айының 22-сінде жаңа жылды тойлаған.
Наурыз парсы тілінде «жаңа күн»деген сөз.Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды осы наурыз мерекесіне арнаймыз.

II.Наурыз тілек.
Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын , ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, тілек тілеген екен.
а) Сәлемдесу рәсімін сахналап, тілек айту.

Ыбырай ауылынан ортаға Ақнұр мен Әділбекті шақырамыз.
Ақнұр: Ассалаумағалейкүм!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Әділбек: Уағалайкүмассалам!
Сізге алланың нұры жаусын!
Екі бала төс қағыстыру арқылы тілек айтады.
Мұхтар ауылынан Меруерт пен Ақниетті шақырамыз.

Меруерт: Амансың ба? –құрбым.
Ұлыс бақ болсын,
Төрт түлігің ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін.
Ақниет: Аманбыз, аманбыз!
Ұлыс оң болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Абай ауылы.
Қыдыр: Наурыз құтты болсын!
Елде тыныштық болсын!
Ерлан: Ақ мол болсын,
Қайда барса жоа болсын!

IV.Наурыз жыр.
а) Мәнерлеп оқу.
Ыбырай ауылы. Аружан»Құтты болсын , наурыз» Авторы :Оразақын Асқар.

Мұхтар ауылы. Динара»Наурыз»Авторы :Оразақын Асқар.

Абай ауылы: Қыдыр »Наурыз жыры»

V.Наурыз жұмбақ.
Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен түнге байланысты айтылатын жұмбақтар осылай аталған.
а) Алауға оранып,
Көкке өрлеп шығады.
Бір айналып оралып,
Көкжиекке бұғады.(Күн)
ә) Орақ болып туады,
Табақ болып тынады.(Ай)

б) Жылт-жылт етіп төбемде,
Түсе алмай тұр төменге.(Жұлдыз)
в) Көшіп жүріп желменен,
Сеуіп шықты тамшысын,
Қыраттарға шөлдеген. (Бұлт)
г) Дүрліктіріп қырқаны,
Шақпақ тастың жарқылы
Бұлт көрпесін жыртады.(Найзағай)
д) Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат!

VI.Наурыз көже.
Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам.

Ыбырай ауылы: Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.

Мұхтар ауылы: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.

Абай ауылы: Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүт ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.

VII.Наурыз бата:
Халықта батаның түрлері көп.Соның бірі-осы наурыз бата. Мұнда наурыз өткізгендерге осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, өнер көрсеткен өнерпаздарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата берген.
Абай ауылы: Ұлыс әр кез оң болсын,
Әр үйде ақ мол болсын.
Не тілесең сол болсын,
Қайда барса жол болсын.

Мұхтар ауылы: Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың қарындай.
Бастарыңа бақ қонсын,
Шаштарыңның санындай.
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз.
Таза болсын ауамыз,
Тынық болсын суымыз.Әумин!

Абай ауылы:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Әр күндерің көңілді болсын.

VIII.Ойын.»Ақ серек, көк серек»

а) Наурыз сөзі қандай ұғымды білдіреді? (Жаңа күн)
ә) 21-наурыз түні қалай аталады? (Қыдыр түні)
б) Ұлыс күні жасалатын тағам. (Наурыз көже)
в) Киіз үй бөліктері. (Есік, шаңырақ, кереге, уық)
г) Көшіп қонуға қолайлы қазақ баспанасы. (Киіз үй)
д) Наурыз тойы нешінші жылдан бастап қайта тойлана бастады?
ж) Ескіше жыл аттарын атаңыз? (Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз)
з) Наурыз мерекесіне қандай тілектер айтылады?»Ақ оң болсын»,
«Төрт түлік ақты болсын», »Ұлыстың ұлы күні құтты болсын».
IX.Би»Қара жорға»
X.Қорытынды.
18 320
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесінің қорытындысы шықты
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз келді, наурыз көже әкелді
Наурыз келді, наурыз көже әкелді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі. Садуахасова Найла
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×