Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

09 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы
№53 мектеп - лицейінің
Бастауыш сынып мұғалімі:
Нарымбетова Айгүл Әбдірашқызы

Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: СТО технологиясы арқылы етістік тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту, тақырыпты толығымен талдап, мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Етістік тақырыбы арқылы оқушылардың шығармашылық, сөздік қорын молайту, оқушылардың жеке өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс, СТО технологиясын қолдану.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Талдау, әңгімелесу, ой қозғау, шығармашылық тапсырмалар орындау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, аудио өлеңдер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлем арайлы күн!
Сәлем менің достарым!
Сәттілікпен бастайық!
Сабағымызды біз бүгін!

ІІ. Қызығушылықты ояту.
- Балалар күнделікті өмірде біз сан қилы әрекеттер жасаймыз. Яғни қимыл - қозғалыссыз өмір сүре ала алмаймыз. Тіптен оны елестету мүмкін де емес шығар. Өздерің ойланып көріңдерші табиғатта ешбір қимыл жоқ! Бұдан біз тек табиғаттың тоқтап қалғанын елестете аламыз (оқушылар жауабы тыңдалады). Ендеше балалар мына суреттерге назар аударыңдар нені көріп тұрсыңдар? (әлемді шарлау). Иә, дұрыс айтасыңдар. Суреттегі барлық заттар қимыл үстінде. Ал осы қимыл әрекеттерді түсіну үшін бізді етістікті көмекке шақырайық!

ІІІ. Мағынаны ашу.
Көмекке етістік кіріп келеді.
– Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер мені іздеген боларсыңдар? Балалар маған назар аударыңдаршы! Менің үстімнен нені көріп тұрсыңдар? Дұрыс айтасыңдар балақайлар! Ал менің ережелеріме мұқият назар аударыңдар!(оқушылар етістіктің ережелеріне назар аударады.)
Ереже: Заттың қимылын іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге Не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтар қойылады. Балалар, табиғаттағы шыққан әрбір дыбыстарға біз сұрақтар қоя аламыз. Өздерің тыңдап көріңдерші?! Ал енді балалар мені шығарып салмас бұрын маған мысалдар келтіріп беріңдер! Рахмет! Жақсы балалар, сендерді етістіктің не екенін түсінген сияқтысыңдар. Олай болса келесі жаттығуларға назар аударайық.

Жазбаша жұмыс:
1 - жаттығу:
Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
1. Қанат кітап оқыды.
2. Айзада ағасына хат жазды.
3. Назеркенің апасы Астанада тұрады.
4. Көкөніс сулы жерде жақсы өседі.
Оқыды, жазды - не істеді?
Тұрады, өседі - не істейді?

2 - жаттығу:
Өлеңді мәнерлеп оқып, етістіктерді теріп жазып, сұрақ қой.
Көктем келді: құс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді.
Көктем келді: су ақты,
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді: гүл өсті,
Көбелектер гулесті.
Етістіктер: келді, ақты, өсті, гулесті – не істеді?

4 - жаттығу:

Жұмбақты жатқа жазып, етістіктерді тауып, сұрақ қой.
Жіппен келеді,
Үзсең, сөнеді.
(шам)
Шам сөзін пайдаланып сөйлем құрау.

ІV. Ой толғаныс.
3 – жаттығу.
Шығармашылық тапсырма:
Сурет бойынша әңгіме құрастырып, жазу. Сөйлемдеріңдегі етістіктерді тауып, астын сызу.

V. Сабақты бекіту:
Кубизм стратегиясы:
Оқушыларға куб лақтырылады. Ол кубтың беттерінде сұрақтармен тапсырмалары бар.
А - етістік дегеніміз не?
В - етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
С - етістіктерге мысал келтір
Д - оқыды сөзін қатыстырып сөйлем құра
Е - жануарлардың дауысын келтір
К - табиғаттағы дауыстарды келтір

VІ. Сабақты қорытындылау.
Оқушылар бүгінгі өткен тақырып бойынша алған білімдерін бағандарға тиісінше жазады.
Білемін Білдім Білгім келеді
VІ. Үйге тапсырма
2 301
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақты етістік пен салт етістік
Сабақты етістік пен салт етістік
Етістіктің сабақты және салт етістік түрлерін табыс септігімен байланыстыра отырып меңгерту Тақырып бойынша алған білімдерін ауызша, жазбаша тілде пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Етістікті пысықтау
Етістікті пысықтау
Оқушылардың етістік туралы ұғымдарын пысықтай отырып, өздіктерінен жұмыс істеу қабілеттерін, ой - өрісін дамыту; Оқушылардың танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.
Етістік
Етістік
Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөзді етістік дейміз.
Негізгі және туынды етістік
Негізгі және туынды етістік
Екібастұз қаласы, №18 ЖОББМ-КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі Маржан Бекова
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×