Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалаң және жайылма сөйлем

16 сәуір 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
Октябрь ауданы, «№65 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Нурбекова Салтанат Карыбаевна

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу
Дамытушылық: Оқушылардың оз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаң ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: сөйлем түрлерін ажырата біледі, берілген тапсырмаларға өз ойын негіздейді, ақпаратты есте сақтап, талдайды, өз ойын тұжырымдайды, өзін және өзгені бағалайды
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс, топпен жұмыс, «Сұрақ конверт»
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Әр түсті гүлдер арқылы 4 топқа бөлу (топ басшысын сайлау)
- Балалар енді сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен «Мен жақсы адаммын, мен әйбатпын» деп бірнеше рет қайталаңдар. Адам күлкісі әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Енді бір – біріңе қарап жымиыңдар, бір - біріңе күлкі сыйлаңдар. Рахмет
- Жаттығу ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

2. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын, Кім келіспейді?»
Ойын шарты: Сөйлем мүшесіне жаттығудағы 4 сөйлемді 4 топ талдайды.
Бір топ талдағанда қалған топтар жауаптарына келісетінін, келіспейтіндерін бас бармақтары арқылы білдіреді.
1 топ: Көкек өз атын өзі шақырады.
2 топ: Ол таңертең Баянауылға соқты.
3 топ: Атам қамшы өрді.
4 топ: Лезде су сарқылды.

3. Өткенді қайталау
- Балалар қазір қандай мезгіл?
- Күз мезгілі сендерге ұнай ма?
- Неліктен, несімен ұнайды?
- Бірінші қыркүйек Білім күні. Біз мектепке келеміз. Күздің бізге деген сыйы мол. Қамбамыз дәнге, айналадағы дүние сәнге енеді. жер дүние сары алтындай жарқырап кетеді.
- Осы алтын күз мерекесіне бізге қонаққа жылда кім келуші еді?
- Ендеше балалар күз аруы сендерге хат жіберіпті. Бірнеше сауалдары бар екен. Күз аруының сұрақтарына жақсы жауап берсек мерекеге мол жеміс - жидектерімен келеді.
(конвертті әр топ жеке - жеке өткізеді.)
- Балалар байқадыңдар ма, күз аруының бізге жіберген хаты ашық аспан түстес екен. Міне ендеше аспанымыз әрқашан ашық болсын деп тілеп тапсырманы орындайық.

«Сұрақ конверт» топтық жұмыс
1 топ:. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
- Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екіге бөлінеді.

2 топ: Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің. тұрлаулы.. мүшелері дейді.
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады

3 топ: Жай сөйлем туралы не айтар едіңдер? Жай сөйлем нешеге бөлінеді?
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз. Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.

4 топ: Жалаң сөйлем дегеніміз не?. Жайылма сөйлем дегеніміз не?
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Олай болса бүгінгі сабақта жалаң және жайылма сөйлем жайында
3 сыныпта алған білімімізді бекітеміз.

4 Оқулықпен жұмыс
Дәптерді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қояйық
15 - жаттығу
Интерактивті тақтаға жазып орындау.
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр..
Тау мұнартады. ------------ Алыстан тау мұнартады.
Өсімдік көктейді ------------ Көктемде өсімдік көктейді.
Жел тұрды. ---------------------- Жел қатты тұрды.
Шық түсті: ------------------------- Таңертең шық түсті.
Бұлт қаптады.------------------------ Аспанда бұлт қаптады.
- Балалар біз тақтаға не жаздық
- Сөйлем сөзіне қатысты не білеміз?
1. Сөйлем сөздерден құралады.
2. Сөйлемдегі сөздер мағынасына қарай өзара байланысады.
3. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтайды.

Сергіту сәті
«Күй» әуенімен орындау
Оқулықпен жұмыс
17 – жаттығу (көркем етіп жазу)
Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау
Депутат сайлаушылармен кездесті. Ар алтынмен өлшенбейді. Күзгі суық өңменінен өтеді. Дулат ертең ауылға жүрмекші. Аңшы қақпан құрды. Құсбегі бүркіт салды.

Шығармашылық жұмыс
18 - жаттығу Сөзжұмбақ шешу
Төрт сөйлемнен тұратын жайылма сөйлем құрау. Құраған сөйлемге графикалық талдау жасау.
Шыңғыс қағаздан қайық жасады.

Топтық жұмыс
20 - жаттығу Берілгенін оқыту
- Суретте не бейнеленген?
- Поэзиялық сәт (Өлең оқылады)
- Өлең мен суретті байланыстыра отырып әр топ әңгіме құрап жазады.

Өздік жұмыс Ойын «Мақал ішінде мақал»
Жерде, кітапта, алтын, білім (Білім кітапта, алтын жерде)

Сабақты бекіту
Өз білімін тексеру ( Мұғалім тексереді, оқушы өзін - өзі бағалайды.)
Жай сөйлем жалаң және... болып екіге бөлінеді. Жалаң сөйлем... пен баяндауыштан құралады. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді... сөйлем дейді.... мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Олар сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін... мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? сұрақтары қойылады.

Семантикалық карта
-------------------------------------------- жалаң ---------- жайылма
Тоқылдақ орман емшісі.
Ешкі лақтады.
Ұшақ биікке көтерілді.
Мұғалім кірді.
Талапты ерге нұр жауар.
Жапырақ түсті.
Күн суыды.

Үйге тапсырма
19 – жаттығу Ережелерді қайталау

Бағалау

Мұғалімнің қорытынды бағалауы
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»
- Сонымен балалар біз сабақта не туралы өттік.
- Сабақ сендерге ұнады ма? Не ұнады, не ұнамағаны жайында және қандай пікірлерін, тілектерін бар екенін жазып, тақтадағы алма ағашына ілеміз. Алмамыз қандай көп болса әрқашан Отанымызда сондай молшылық болсын деп тілеймін. (Стикерге жазу. Әр оқушы өз ойын білдіреді).

Толық нұсқасын жүктеу
4 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімді жетілдіріп, сауатты және көркем жазуға дағдылану 1-тапсырма: 1. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы сызып көрсет. Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент 2. Қима қағаздармен жұмыс
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×