Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Әуезов Жас Мұхтар

03 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы,
"Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жаримбетова Алуа Шалбаевна.

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен байланысты балалық шағы туралы түсінік беру, тақырыптың мазмұн – мәнін ашып, таңдау, жинақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Абай мен Мұхтартануға бағыттап, ізденімпаздығын арттыру.
Тәрбиелік мәні: Абай өсиеттерінен тәлім тәрбие алу, қарасөздерінен ғибраттану, Мұхтар Әуезовтің жазушылық ізгі жалына баулу.
Сабақтың әдісі: Сыни ойлау әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Абай, Мұхтар портреттері (интерактивті тақтадан).
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың барысы.
А) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.

«Бұл дәуірде өз тілін,
әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам
толық мәнді адам емес». М.Әуезов.

Жаңа сабақ. Блум таксиономиясы (сұрақ-жауап)
Негізгі бөлім.
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,
Теп – тегіс, жұмыр келсін айналасы

- Балалар бұл кімнің өлеңі?
- Абай
- Абай Құнанбаев кім?
- Қазақтың ұлы ақыны.
- Дүние жүзіне, әлемге әйгілі еткен кім?
- Мұхтар Әуезов.
- Ол Абай Құнанбаев туралы қандай эпопея жазды?
- «Абай жолы» 4 томдық эпопеясын жазды.

Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады.
(Ахмет Әуезов)
Мен, балалар, сендерге Мұхтар туралы мини лекция айтайын. Сонымен Абайды әлемге танытқан Мұхтар. Ал өзін әлемге танытқан «Абай жолы» эпопеясы болды.
Абай жолының сөздік қоры, мәні өте зор. Бұл кітапта 1000-ға жуық кейіпкерлер рөлге қатысады. Осы кейіпкерлерді диалогке түсіріп жазу кез-келген жазушының қолынан келмейді, әрине.
Бұл тақырып үзінді Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезовтің естелігінен.
Мұхтар – дана.
Мұхтар – дара, жазушы.
Ал енді оқулықпен жұмыс жүргізейік «Жас Мұхтар»
1. Мәнерлеп іштей оқиық.
2. Мәнерлеп дауыстап оқиық
Демалыс минутын жасау.
Шығармашылық жұмыс. Эссе. Әңгіме өлең жазу.

Дәптермен жұмыс: Абайдың 1-2 қара сөзін жаз.
Әңгімеге жоспар құрайық;
А) Абай ауылында
Ә) Атамның тапсырмасы.
Б) Естігенді ұмытпау
В) Абайдың қара сөздері
Г) Ауыз әдебиеті
Д) Мұхтардың шығармалары.

1 – топ
1. Тақырып кім туралы?
2. Мазмұнын кім әңгімелейді?
3. Кейіпкерлер кімдер?
4. Қанша азат жол бар?
5. Естіген нәрсені ұмытпас үшін әрбір оқушы қандай болу керек?
6. Диалог сөйлемдерді тауып оқу.
7. Мазмұнын әңгімелеу.
8. Абайдың қарасөздерін кім біледі?
Демалыс минутын жасау.

2 – топ
1. Құрмалас сөйлемді табу, оқу.
2. Қаратпа сөйлемді тап.
3. Мұхтар Әуезов бала күнінде қандай болды?
4. Оны бала күнінде атасы мен әжесі кім деп атады?
5. Қос сөздерді тақырыптан тап.
6. Мұхтар Әуезовтің шығармаларын ата?
7. Мұхтар Әуезов қандай ойынды жақсы көрген?
8. Мұхтар Әуезовке мінездеме берейік.
Мұхтарға көзқарас – болжам.
Мінезі жұмсақ
Өте ұқыпты
Ұлы жазушы
Жазуға өте сауатты.

Нәтижесі Абайша сауаттанып ілім білім жинаған ұлы ғалым.
Қорытынды бөлім:Рефлекция: М.Әуезов кім? Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім ? 6 азат жолда Ауыз әдебиеті туралы айтылған. Демек ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады.
Үй тапсырмасы.
Жас Мұхтар, М Әуезов туралы деректер ізде,
Абайдың қарасөздерін жаттау.
Формативтік бағалау
23 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жетім Мұхтар Әуезов
Жетім Мұхтар Әуезов
Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
А. Әуезов Жас Мұхтар
А. Әуезов Жас Мұхтар
№78 жалпы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Өтемұрат Әсемгул Елеусінқызы
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Уткельбаева Айгуль Макажановна
Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі
Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
«Жас Мұхтар» әңгімесі
«Жас Мұхтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Бекпанова Гулзира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×