Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


О дыбысы мен әрпі

04 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Зинеден селосы,
Ю. Гагарин атындағы орта мектептің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна

Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.
ІІ. Өткенді қайталау.
1-слайд.
а) Сұрақ-жауап:
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?
2-слайд.
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т. с. с.

ІІІ. Жаңа сабақ. 3-слайд.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше бүгін біз О дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
4-слайд.

1. Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
5-слайд.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
6-слайд.

2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу.
7-слайд.

3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
8-слайд.

4. Түлкінің тапсырмасы.
ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
- Отанымыз қалай аталады?
- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
5. Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:
9-слайд.
О-й ой ой т-ой той той
О-р ор ор т-ор тор тор
О-л ол ол т-ол тол тол
Ой-на ойна ойна Ай-на Ай-на
Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
10-слайд
«Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

ІV. Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- О дыбысы қандай дыбыс екен?
- Әріп таңбасы неге ұқсас?
-О дыбысына байланысты сөздер айту.
Мадақтау.
36 271
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету.
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Д дыбысы және әрпі
Д дыбысы және әрпі
Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ айту). Жазуға қолдарын жаттықтыру.
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
Ж дыбысы мен әріпі
Ж дыбысы мен әріпі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, "Ақтоғай жалпы орта білім беру мектебі"КММ даярлық тобының тәрбиешісі: Майликутова Сайлаухан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×