Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткен тақырыптарды пысықтау

17 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Мәртөк ауданы, Қазан ауылы
«Қазан негізгі мектебі» ММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қайролла Мұратқабыл Мейрамбекұлы

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы оқушылардың білімін, біліктілік дағдыларын тиянақтау және бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, ой - өрісін дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, танымдылыққа баулу. Ауызша есептей алу дағдысын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай отырып, өзінің де, өзгенің де еңбегін қадірлей білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, орман суреті, қасқыр, қоян, түлкі суреттері.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр,
Армысың, көк аспан,
Армысың, жан досым,
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым.
- Жақсы, балалар. Қазір қай мезгіл?
- Қысқы табиғат құбылыстарын айтайық.( оқушылардан сұрау)
- Балалар, сендер саяхатқа шыққыларың келе ме?
- ия
- Ендеше, біз қазір қысқы орманға саяхат жасаймыз. Орманда нелер болады?
Сол орман аңдарының тапсырмасын орындап, әр аңның құпия сырын ашайық.
Орманда келе жатырмыз. Алдымыздан қоян шықты.
Қоянның тапсырмасы:

Қоянның тапсырмасын орындадық, қоянның құпия сыры мынау екен. Қоянның түсі күзде ақ сұр түске айналады, ал қыста оның жүні ақ түске айналады.
- Жақсы, балалар, саяхатымызды жалғастырайық. Орман ішімен жүріп келеміз. Алдымыздан ағаштан ағашқа секіріп жүрген тиін кездеседі. Тиіннің тапсырмасы.
- Балалар, тиін бізге жаңғақтарын жинап беруге көмек сұрап тұр. Оған көмектесеміз бе?
- Ия
- Жаңғақтарды жинау арқылы № 2 есепті шығару.
- Тиіннің тапсырмасын орындадық, оның құпия сыры – тиіннің түсі сарғылтым түске ұқсайды. Ол жаңғақтарын інінің қасына кептіріп, іліп қояды екен.
Орман ішінің сұлулығын тамашалап жүріп, бұғыға кездестік. Ал енді, балалар, бұғының тапсырмасын орындайық. № 3
- Саяхатымызды жалғастыра отырып, сергіп алайық.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлерден,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің
Көжегі екен өзінің!
- Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Келе жатып алдымыздан Қасқыр кездесті.
- Балалар, айтыңдаршы, қасқыр қандай болады? Тісі қандай?
- Қасқыр зор денелі, қоңыр қара түсті, кейде қоңыр қызғылт түсті болады. Тісі азулы мықты болады. Аузы үлкен жабайы аң. Ал енді сол қасқырдың тапсырмасын орындайық.
Қасқырдың тапсырмасы

Ал енді, балалар, орманда мекен ететін қу әрі айлакер аңды білесіңдер ме? Кәне, ол қандай аң, кім айтады?
Жарайсыңдар, жауаптарың өте дұрыс.
Түлкінің тапсырмаларын орындайық.

- Жарайсыңдар балалар!
- Маң - маң басып жүретін, балды жақсы көретін қандай жыртқыш аңды білесіңдер?
- Аю
- Жауаптарын өте дұрыс. Енді аюдың тапсырмаларына кезек берелік.

Орман аңдарының тапсырмаларын орындап біттік. Орманға саяхатымыз осымен аяқталды. Ал енді «Кім жылдам?» ойынын ойнап жіберейік

Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?
Cабақты қорыту:
- Оқушыларды жинаған стикерлары бойынша бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
1 897
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Оқушылардың теңдеулер және оларды шешу тәсілдеріне байланысты білімдерін пысықтау; күрделі теңдеулерді шешу жолдарын қарастыру.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Оқушылардың есептей білу дағдыларын қалыптастыру, өткен сабақта алған білімдерін пысықтай түсу, көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау.
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×